Просмотр содержимого документа
«Ойнайық та, ойлайық!»
Қызылорда обылысы
Қармақшы ауданы
Қармақшы ауылы
№113 Қаракөл орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Базарбаева Лаззат Саябекқызы
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту. Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу. Көрнекілігі:Итнерактивті тақта, компьютер, презентация, Сайыс кезеңдері: Барысы:
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жана ма? Білім мен өнер жұптаспай, Тәлім, тәрбие алар ма? Бұл бәйге ойдың бәйгесі. Кім жүйрік болса сол алда
Сайысты біз бастаймыз Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ойнайық та, ойлайық!» сайысына қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
3. «Тапқырлық» 4. «Ойлан да, аяқта» 5 «Поэзия минуты»
1 тур «Бәйге»
1. Аптада неше күн бар ?
2.Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым. Бұл қай ертегіден алынған ?
3.Балалар білім алатын орын .
4.Қосындының компонентін ата.
5.Аптаның бесінші күні.
6. Құста-қанат , ал адамда -
7. З бұрышы 3 қабырғасы бар фигура.
8. Төрт түлікті ата.
9 Жуан дауысты дыбыстарды ата.
10.Папаңның апасы саған кім болады ?
1. 5.пен 7 арасында қандай сан бар ?
2.Алфавиттегі 6-шы әріп .
3 6-ның құрамы
4. Жылқының төлі не ?
5. Айырманың компонентін ата .
6. Алфавитте неше әріп бар ?
7. .Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады ?
8. Жыл мезгілдерін ата.
9 Үнемі қоянды қуатын аң .
10.Нағашы деген кім ?
2 тур
«Біліміңді мықта» Шабыт тасып шалқысын, Көңілді кеш жасайық. Мұнда қызық табылар, Жұмбақ есеп бәрі бар. Білімдеріңді сынайық.
І топқа: 1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1) 2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? (4)
3 Екі ұл мен екі әке 3 жұмыртқа жеді .
Әрқайсысы неше жұмыртқадан жеген ? (3) ІІ топқа: 1. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? (4) 2. Тауық бір аяқпен тұрғанда бес кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5)
3 Автобус аялдамаға келгенде онда 7 адам бар еді 3 адам түсіп , 5 оқушы мінгеннен кейін онда неше адам болды ?
3 тур «Тапқырлық» сайысы.
Жұмбақтың шешуін тап
1. Жабырқаса жылайды,
Жадыраса құлайды.
(Бұлт )
2. Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа )
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда? (сағат)
4.Тілі жоқ, ақыл- кеңес береді. (кітап)
4 тур «Ойлан да, аяқта» Ойланбастан басқасын, Жазып қойма бұл жерге Керек сөзді таңдап жаз, Уақыт берем сіздерге.
Мақал-мәтелдерді толықтырып, өздерінің шешендіктерін көрсету.
Отан оттан да ........ (ыстық)
Батыр бір рет өледі, қорқақ ......... (мың рет өледі)
3.Күш – білімде, білім – ...(кітапта)
4. Еңбектің наны тәтті, ...жаны тәтті (жалқаудың
5. Денсаулық – зор ...(байлық) 6. Кітап – білім бұлағы, ...– өмір шырағы (білім)
5 тур «Поэзия минуты »
Әр топ осы ана тілінен жаттаған тақпағын айтып беру