Просмотр содержимого документа
«"Мінез - к??іл айнасы"»
Сабақтың тақырыбы: «Мінез- көңіл айнасы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың мінез, көңіл – күй және темперамент түрлерімен таныстыру, адамның мінезі мен көңіл- күй туралы түсінік беру.
Дамытушылық: «Өз мінезімді суреттейік» тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелеу: Оқушыларды өзін-өзі бақылауға, ұстанымдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты мақал- мәтел, нақыл сөздер, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ә) Сынып сағатының ұжымдасу арқылы өтетінін хабарлау
ІІ.Кіріспе.
Мінез –адамның негізгі өмірлік бет алысы және өзіндік әрекетінің айырмашылығымен сипатталатын сапасы өзгешелік.Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы – оның негізгі сапалары болып есептеледі.
Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой – өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Мұндай адам құйындай ұйытқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғыйда сөзбен істің бірлігі.
Ал мінез – құлық адамның тұрақты психикалық ерекшелігінің жиынтығы. Мінез – құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиеттері. Адам бойындағы мінездің бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт бағдары, талғам, сенімі, көзқарасы, мақсат – мұраты көрініс береді. Адам өзіне – өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез – құлық адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым – қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Адамның мінез – құлқын сонымен қатар темперамент деп те атайды.
Темперамент – адамның және қасиеттерінің ішінде айрықша болатын ерекше көзге түсіп отырады.
2.Флегматик- өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, бір қалыпты.
3.Холерик- ұшып – қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл – күйі жиі өзгеретін, қарым- қатынаста аумалы төкпелі тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, ашуланшақ болып келеді.
4.Мелонхолик- сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жай басар адамдарды айтамыз.
а) Оқушыларға үйдің суретін салғызып суретке қарап мінездерін айтып беру.
Үйдің суретін салыңдар
1.Көп қабатты үйдің суретін салсаңыздар: мұндай үйді көп адамдар салмайды. Адамдар көбінесе өз аранындағы үйді салады. Мұндай үйді салған өз проблемларын шешуге ғана күш жұмсайтын адам және өз проблемаларын ешкіммен бөліспейтін адам.
2.Кішігірім аласа үйді салғандар: үйдің төбесін аласа қылып салса шаршап шалдыққанның белгісі. Бұрынғы бастан кешекендерін еске түсіруді жақсы көреді бірақ та естеліктерінен де жағымды эмоциялар алайды.
3.Әдемі қорған қамалдың суретін салғандар: мұндай сурет мінездерінде балалықтың, жеңілтектің, шалағайлықтың, үстірт ойлаушылықтың бар екенін көрсетеді. Шектен тыс қиялшыл екендігін және өз міндеттерін уақытында орындай алмайтынының белгісі.
4.Ауылдағы кең үйдің белгісі: мұндай үйлерді салғандар өз үйін үлкен еткісі келеді екен. Егерде үлкен үйді салған адам жалғыз басты болатын болса, семья құруды және бала асырауды іштей армандайды екен. Егер үйдің айналасында темір немесе ағаш қорған болса, ондай адамның мінезінің тұйықтығы байқалады. Егер үйдің айналасында бұтадан, ағаштан істелген қоршау бар болатын болса, адамдарға сенім бар екендігінің белгісі. Неғұрлым қорған аласа болса, соғұрлым адамдармен қарым- қатынас жасауға бейім келеді.
Терезелер
5.Үлкен терезе ашық, жайдары мінездің басым екендігін көрсетеді. Егерде бір ғана терезе болса, бірнеше кішкентай терезелердің, терезе қақпасы салынған болса тұйықтық, сараңдық, өзін – өзі кем санайтындықтың белгісі. Біреуге жақсылық істей алмау және бірейдің соған жасаған жақсылығын қабылдамау.
Есіктер
6.Үйдің ортасында тұрса қонақжайлылық, жылыжүзділік, шырайлылық бар екендігін көрсететін белгілер.Егерде кіреберісі бар болса одан да үлкен пейілдіктің белгісі және өз – өзіне сеніділіктің бар екендігін жайында атйып тұр. Ашық есік ададармен қарым – қатынас жасаудан белсенділіктің белгісі. Егер есік үйдің шетінде орналасқан болса, адамдармен қарым – қатынас жасауға қиынға түседі. Егер есік қабырғадан неғұрлым үлкен бөлігін алып тұрса ондай адам жеңілтек болады, шектен тыс ақкөңіл ойланбаған қылықтары көп екен. Жабық есік тұйықтықтың белгісі.
Мұржасы (Құбыр)
7.Үйдің мұржасы боласа – сезіталдықтың жоқтығының белгісі. Егерде мұржасының үстінде түтіні салынған болса тіпті мұржасының үстінде детальдары бар суреттер болса,онда бұл адам өмірде еш нәрседен қорықпайды және өз – өзіне сенімді.
Ғұламалар сөзінен.
Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Әл- Фараби
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты.
Әл – Фараби
Өзгерейтін, түзелмейтін мінез болайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін інездегі кемістікті сылтау ету тіпті бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.
Б.М.Теплов
Мінезі бір қалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады.
Демокрит
Мінез – құлық әркім өзінің кейпін көрсететін айна.
И.Гете
Адамның мінез – құлқы айналасындағылардың пікірлеріен де шарттасып жатады. Осы арқылы адам өзін – өзі бағалай білуге үйренетін болады.
А.В.Петровский
Өзіңді біле түскен сайын парасаттылығын арта түседі.
Қ:Насыри
Қорытынды.
Ізгі мінез, түзеу қылық болғанда,
Пайда түгіл екі бірдей жалғанда.
Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші.
Үшеуімен ер көгере түсінші
Биязыны халық сүйіп, ұғады
Ісі түзеу кісі төрге шығады- деп «мінез көңіл – күй айнасы» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы екенін ұмытпайық.