kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Менің Қазақстаным – менің болашағым».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

Ашық тәрбие сағаты.  
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым». 
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің тарихын, мәдениетін білуге, мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі

Сабақтың барысы. 
Кіріспе сөз. 
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз. 
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен» байланыс үшін оқушыларды тыңдайық. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Менің Қазақстаным – менің болашағым».»

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

Ашық тәрбие сағаты.  
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым». 
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің тарихын, мәдениетін білуге, мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі

Сабақтың барысы. 
Кіріспе сөз. 
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз. 
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен» байланыс үшін оқушыларды тыңдайық. 

«Өткен шақпен» байланыс. 

Мұғалімнің сөзі: Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік. І ж: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды. ІІ ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс. І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі. ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі. І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы. ІІ ж: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы

Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды. 

1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 

2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 

3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 

4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 


5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.

6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 

7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 

8. Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 

9. Мұғалімнің сөзі:

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Желтоқсан оқиғасына байланысты слайд көрсетіледі.
«Осы шақпен» байланысОқушылар тақпақтар айтады.

1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) 
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. 
Келді алыстан аңсатып, армандатып, 
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, 
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіәме. 

2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 

3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері.

4. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлеміің астанасы деп жарияланды. 

5. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық. 
- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді.

Оқушылар «Атамекен» әнін хормен айтады.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туралы слайд көрсетіледі.

Мұғалімнің сөзі:

. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіру үшін жақсы білім алуымыз үшін еңбек етеміз.. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз.
«Болашақпен» байланыс. 

Сұрақ.
1. Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? 
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 
2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 
3. «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма бергенбіз. 
Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдар. 
Қорытынды. 

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзімен.
Әнұран орындалады.

Оқушыларға тапсырма:

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап өз ойларын жеткізу.

6 «Б» сынып оқушысы  Назирова Каринаның шығармасы:

«Тәуелсіздік мақтанышым»

Қазақстан –біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні оның тарихындағы ұлы күні. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар ьойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Мемлекеттік Әнұранымыз дүние жүзінің әр қиырында қазақ тілінде шырқалады.Бұл біздің жүрегімізді мақтаныш сезіміне бөлейді! Ұлы Отанымыз Қазақстанды шексіз сүйеміз! Еліміздің жас ұрпағы оның даңқын аспандатуды армандайды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Менің Қазақстаным – менің болашағым».

Автор: Каленова Айтжамал Ташеновна

Дата: 13.12.2016

Номер свидетельства: 369255

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Сыныптан тыс шара  Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым "
    ["seo_title"] => string(58) "synyptan-tys-shara-mienin-k-azak-stanym-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "172488"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423826887"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Мені? ?аза?станым - мені? болаша?ым""
    ["seo_title"] => string(41) "mienin-k-azak-stanym-mienin-bolashag-ym-4"
    ["file_id"] => string(6) "249845"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446984388"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "ТЕХНОЛОГИЯ  САБА?ЫНДА Т?Л?АНЫ? ?З БЕТІМЕН Ж?МЫС ІСТЕУ ДА?ДЫЛАРЫН 	ЖЕТІЛДІРЕ ОТЫРЫП, ІСКЕРЛІК ШЕБЕРЛІКТЕРІН АРТТЫРУ "
    ["seo_title"] => string(131) "tiekhnologiia-sabag-ynda-tu-lg-anyn-oz-bietimien-zhu-mys-istieu-dag-dylaryn-zhietildirie-otyryp-iskierlik-shiebierliktierin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "159919"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421961383"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(45) "mieninkazakstanymmieninbolashagymtrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "281016"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453460612"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Шы?арма "Мен патриотпын!""
    ["seo_title"] => string(22) "shygarmamienpatriotpyn"
    ["file_id"] => string(6) "321657"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461344170"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства