kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен бір биік бәйтерек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен бір биік бәйтерек"»

Мен бір биік бәйтерек

Мақсаты:

  1. Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.

  2. Сөздің інжу-маржанын, асыл қазынасын игерген ақын Жамбылдың ұрпақтарына қалдырған мәуелі бәйтерек мол мұрасынан сусындау

  3. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік:көрініс, ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын өлеңдерінен үзінділер, сурет, сөзжұмбақ, Жамбыл әлемі фотосуреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, мәнерлеп өлең оқу, топқа бөліну.

Барысы:

1 Ұйымдастыру. Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кешкен ашық Жамбыл,

Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халық үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманына« ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтің 170 жылдығына арналған «Жүз жасаған бәйтерек» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы, Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170 жасқа толып отыр.

1жүргізуші:

Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мешіттің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып , жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Ол «Көрұғлы», « Мұңлық-Зарлық», « Шахнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

2 жүргізуші:

Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің күәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.

1жүргізуші:

Жыр дүлдүлі халқымыздың талай-талай дүбірлі оқиғасына куә болған Жамбыл атақты Шу өзенінің бойында, Жамбыл тауының бауырында 1846 жылы ақпанда дүниеге келген, көшпелі кедей отбасында туған. Әкесі Жабай, шешесі Ұлдан баласының атын Жамбыл тауының атымен атаған.

Ақынның « Менің өмірім» атты өлеңін оқып берейік.(Ислам,Арай)

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей, көк найзалы жау торыған.

Байғара,Жамбыл, Көлде мен туыппын.

Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

2 жүргізуші:

Жамбыл он төрт жасынан бастап өлең айтып, он бес жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қолында жүріп, импровизаторлық мектебін үйренген.

Ержігіт: Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы:

О, Жамбыл, бата дедің бердім саған,

Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған.

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сыңғырлаған.

Жапаға, риза болсын, айта барғын,

Осымен өкпелемей жүрсін маған.

1жүргізуші:

Жамбыл Сүйінбай ақынды өзіне ұстаз тұтты. 35 жыл ақынның өнегесін үйренді.

Шұғыла: «Жаныс ақынға» өлеңін оқу.

Менің пірім- Сүйінбай ,

Сөз сөйлемен сыйынбай .

Сырлы, сұлу сөздері,

Маған тартқан сыйындай!

Сүйінбай деп сөйлесем

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай!

2 жүргізуші:

Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын. Халық поэзиясының алыбы «ХХ ғасырдың гомері», « Жамбыл менің жай атым, халық –менің шын атым» деген ұлы тұлға.

Өлең( Исахан Ғалым)

«Халық -менің шын атым»

Жамбыл менің жәй атым,

халық –менің шын атым

Жәй- құйрығым, қанатым,

Қазақстан- Отаным.

Қалаған бақыт мұрасын.

Кеңес- менің мыңдап жыл.

Аңсап тапқан мұраттым.

Шаңқамды жауға бермеске,

Отанға берген бар атым,

Миллион-миллион барлық жан,

Арыстан жүрек ер балам,

Сарқылғанша талшы қан,

Қорған, шебін құрайтын,

Жау мойынан жұлайтын-

Атым осы болатын....

1жүргізуші:

1938 жылы «Ленин орденімен», 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Досмағанбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың атақты ақыны атанды.

Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар.

Өлең( «Мен бір биік бәйтерек» Айым)

2 жүргізуші:

Ғасырлар бойы ел жадында жатталып келе жатқан халық жырын сүйіп өскен жас ақын осынау құнарлы топырақта қанатын еркін сермеп, көкке самғады.

Жамбыл Жабаев ұрпақтарын отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, білімге шақырады. Жамбылдың «Бесік жыры», «Балама хат», «Жүз жасаған жүректен», «Балаларға» өлеңдері балалар әдебиетінен үлкен орын алады.

Өлең(«Жүз жасаған жүректен» Алуа),(«Балаларға» Данияр).







1жүргізуші:

Сәбит Мұқановтың берген бағасы: « Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті, ол әлеуметтік және жеке өміріндегі көбін өлеңмен сөйлеген кісі.

Өлең(« Абайдың суреті ме?» Ақбота)

2 жүргізуші:

Шын жүректен шыққан сөз. Сәкен Сейфулиннің бағасы: Жамбыл жырларының түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Өлең(« Күләшқа арналған» Марал)

Өлең(« Дәрігерге» Нұрай)

Өлең(« Алғадай баласына арналған өлең Аттандыру» Ынта)

1жүргізуші:

1941 жылы 4 қыркүйекте Ленинград жау қоршауында қалды. «Ленинградская правда» газетінде Жамбылдың « Ленинградцы дети мои!» деген жалынды өлеңі жарияланды. Ленинградты қорғаушы жауынгер- жазушы: В.Вишнёвский: « Плакаттардан Жамбылдың «Ленинградтық өренім» деген өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық, жылап тұрып оқыдық. Сонда қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне риза болдық!» деп жазған еді.

  1. Алуа (қазақша) «Ленинградтық өренім»

  2. Нұржума(орысша) « Ленинградцы дети мои!»

2 жүргізуші:

Жамбыл шығармаларында халықтар достығы басым. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің достық қатынастарының тамыры тереңде жатыр. Сол ғасырлар жемісі бар достық ынтымақтастықты егеменді еліміздің өркендеуімен, Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатымен байланыстыруымыз керек.

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бір-бірімен туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

1жүргізуші:

Жамбылдың атақ-абыройын аспандата көтерген әйгілі туындысы- Құланаян Құлмамбетпен айтысы.

  1. Көрініс- Сүйінбай мен Жамбыл;

  2. Айтыс- Құлмамбетпен Жамбыл;

2 жүргізуші:

Мұғалім: 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың жүрегі соғуын тоқтатты.

Жамбыл « Соңғы сөз» өлеңі Бектұрсын

Ән: «Жамбыл ата».

Қорытынды: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе біз айтайық : Жамбыл кім?



Жырау ақын



Айтыскер ақын Күйші

Дастаншы жыршы



Жамбыл шығармалары 40-тан астам шет тілдеріне аударылды. Ұлы жырау, «ХХ ғасыр Гомері» атанған Жамбыл қазақ халқын, оның поэзиясын әлемге танытты. Жамбылдың 100, 125, 150, 170 жылдық мерей тойлары үлкен жоғары дәрежеде салтанатпен аталып өтті.

Жәкеңнің академиялық толық жинағы шықты. Мұрасы әлі зерттелуде. Кітаптары ұрпақтарының қолында. Жамбыл атаның үйі қазір мұражай, келген қонақ, туған жұрты жыраудың өмірімен, өнерімен танысады, аруағына тәу етеді.

Жамбыл атында облыс, аудан, ауыл, мектеп, көше аттары бар. Соның бірі – біздің Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылындағы мектеп Жамбыл атамыздың атымен аталады.

Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатынан «Не білдім, не білгің келеді?, не үйрендім?» - деген сұрақтарға жауаптарыңды стикерге жазып тақтадағы бөлінген бағандарға жабыстыра қойыңдар.

Нені білдім

Не білгің келеді?

Не үйрендім?






Барлықтарыңызға Жамбылдың жасын берсін! Осымен «Жүз жасаған бәйтерек» Жамбылдың 170 жылдығына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Сөз беріледі: Жамбыл атындағы орта мектептің жоғары санатты ұстаз, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Алишерова Салтанат Сейсенбекқызына.























«Жамбыл атындағы орта мектеп- мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Мен бір биік бәйтерек

5«а»











Сынып жетекшісі: Ш.Н.Зординова










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Мен бір биік бәйтерек"

Автор: Зординова Шамшинур Нариманқызы

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394745

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Астана - бас ?ала!"
    ["seo_title"] => string(13) "astanabaskala"
    ["file_id"] => string(6) "330772"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464368070"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) ""Менің тұңғыш Президентім!" тақырыбына ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(65) "mienin_tu_n_g_ysh_priezidientim_tak_yrybyna_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "382191"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485031512"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Астана - елордам мені?! саяхат саба?ы "
    ["seo_title"] => string(39) "astana-ielordam-mienin-saiakhat-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "233685"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443193901"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(16) "Б?йтерек "
    ["seo_title"] => string(10) "b-itieriek"
    ["file_id"] => string(6) "154601"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421169373"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашы? саба? Б?йтерек"
    ["seo_title"] => string(19) "ashyksabakbitieriek"
    ["file_id"] => string(6) "294966"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455769394"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства