kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, ?стаз, алтын ?я мектебім!

Нажмите, чтобы узнать подробности

~~Жиын ?ткізілетін ала? мерекеге сай безендірілген.
Ж?ргізуші: Кеш жары? ??рметті ?она?тар, ата-аналар, ?стаздар! К?птен к?ткен с?тте келіп жетті. Кеше ?ана т?лымша?ын желбіретіп, ж?ректері л?пілдеп, мектеп табалдыры?ынан имене атта?ан ?л-?ыздарымыз, б?гінгі к?ні ойы толып, бойы ?сіп, 11 жыл бойына жина?ан білімні? негізінде мемлекеттік сына?тан с?рінбей ?тіп, орта білім туралы аттестат алу, мектеп бітірушілер кешіне жиналып отыр. Биыл?ы о?у жылы мектебіміз ?шін ерекше жемісті жыл болды. Олай болса, 29 т?лекті ерекше ?ошеметпен ?арсы алайы?.
  Уа халайы?, халайы?,
  Тамаша?а ?арайы?.
Ортада?ы сыр санды?,
??пия?а лайы?.
(Музыка ойнап, санды?тан кішкене ?ыз шы?ады да «С?йінші2 Алдияр а?а Алтын белгі, ?алам?ас к?кем «Ерекше ?лгідегі аттестат» алды.
Ж?ргізуші:?арсы алы?ыздар «Алтын белгі» иегері Ба?ытжан Алдияр мен «Ерекше ?лгідегі аттестат» иегері ?сетова ?алам?ас келеді. (Олар келе жат?анда:)
Сахналы? к?рініс. ?БТ-ге дайында?ан м??алімдер:
О, жарат?ан ием, тілегіміз ?абыл болды. А? т?йені? ?арны жарылды. Киелі ша?ыра?ты? мерейі ?стем болды.
Б?рік апай:
?й, М?риям шашуы? ?айда? Алтын белгіні? алтын ??рса?ты анасысы? ?ой. Шашу шаш!
М?риям апай:
Ия, жарат?ан ием! Тілегіміз ?абыл болды. Келешекке ырым болсын! Алы?дар шашудан. (Шашу шашады). 2 ата-ана от шашу шашады.
Осы кезде (2 о?ушы айналып ж?ріп бара жатады)
?лжан апай:
Уа, жарандар ?ал?ан т?лектер ?айда? Орта?а ша?ырайы?!
Ж?ргізуші: ?арсы алы?ыздар. Келесі келе жат?ан 100-ден жо?ары балл ал?ан То?тасын Айдана мен Шалтабаева Айдана. Келесі топты бастап келе жат?ан сынып жетекшілер Имангалиева Дания М?рат?ызы мен Н?рсапаева Раушан ?абдолла?ызы ж?не мектеп туын т?рлі жарыстарда к?тере білген спорт же?імпаздары, п?н олимпиада же?імпаздары, Дельфиялы? ойын, «?ауіпсіздік д??гелек», «Баспагер-редактор», «Жігіт с?лтаны», «?ыз сыны», «Екі ж?лдыз», «Супер стар», «Атак?сіп», «?нші балапан» бай?ауларыны? же?імпаз т?лектері со??ы рет мектеп ала?ында сап т?зеп келеді.
  Б?гін ?андай шатты? толы кеш еді,
  К??іл шіркін тасып, толып ?седі.
  ?л кешегі жігіт болып ?алыпты-ау,
Бойжетіпті бантиктегі ?ыз кешегі
Музыка ?уенімен барлы? бітірушілер ?здеріне белгіленген орын?а келіп т?рады.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, ?стаз, алтын ?я мектебім! »

Алматы облысы, Сарқан ауданы,

Сарқан қаласы,

Абай атындағы мектеп гимназия,

оқу ісінің меңгерушісі

Сембаева Жадыра Куситкановна


«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»

/Мектеп бітірушілер кешінің сценариі/


Жиын өткізілетін алаң мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші: Кеш жарық құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Көптен күткен сәтте келіп жетті. Кеше ғана тұлымшағын желбіретіп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз, бүгінгі күні ойы толып, бойы өсіп, 11 жыл бойына жинаған білімнің негізінде мемлекеттік сынақтан сүрінбей өтіп, орта білім туралы аттестат алу, мектеп бітірушілер кешіне жиналып отыр. Биылғы оқу жылы мектебіміз үшін ерекше жемісті жыл болды. Олай болса, 29 түлекті ерекше қошеметпен қарсы алайық.

Уа халайық, халайық,

Тамашаға қарайық.

Ортадағы сыр сандық,

Құпияға лайық.

(Музыка ойнап, сандықтан кішкене қыз шығады да «Сүйінші2 Алдияр аға Алтын белгі, Қаламқас көкем «Ерекше үлгідегі аттестат» алды.

Жүргізуші:Қарсы алыңыздар «Алтын белгі» иегері Бақытжан Алдияр мен «Ерекше үлгідегі аттестат» иегері Әсетова Қаламқас келеді. (Олар келе жатқанда:)

Сахналық көрініс. ҰБТ-ге дайындаған мұғалімдер:

О, жаратқан ием, тілегіміз қабыл болды. Ақ түйенің қарны жарылды. Киелі шаңырақтың мерейі үстем болды.

Бөрік апай:

Әй, Мәриям шашуың қайда? Алтын белгінің алтын құрсақты анасысың ғой. Шашу шаш!

Мәриям апай:

Ия, жаратқан ием! Тілегіміз қабыл болды. Келешекке ырым болсын! Алыңдар шашудан. (Шашу шашады). 2 ата-ана от шашу шашады.

Осы кезде (2 оқушы айналып жүріп бара жатады)

Ұлжан апай:

Уа, жарандар қалған түлектер қайда? Ортаға шақырайық!

Жүргізуші: Қарсы алыңыздар. Келесі келе жатқан 100-ден жоғары балл алған Тоқтасын Айдана мен Шалтабаева Айдана. Келесі топты бастап келе жатқан сынып жетекшілер Имангалиева Дания Мұратқызы мен Нұрсапаева Раушан Ғабдоллақызы және мектеп туын түрлі жарыстарда көтере білген спорт жеңімпаздары, пән олимпиада жеңімпаздары, Дельфиялық ойын, «Қауіпсіздік дөңгелек», «Баспагер-редактор», «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны», «Екі жұлдыз», «Супер стар», «Атакәсіп», «Әнші балапан» байқауларының жеңімпаз түлектері соңғы рет мектеп алаңында сап түзеп келеді.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін тасып, толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бойжетіпті бантиктегі қыз кешегі

Музыка әуенімен барлық бітірушілер өздеріне белгіленген орынға келіп тұрады.


Ұлжан апай:

Айналайын сүйінші сұраған кішкентай періштем! «Лайым тілегің қабыл болсын!» деп сүйіншіңді берейін. (ойыншық береді).

Мадиева Айгүл «Қазақ елі осындай» ән.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Түлектер! Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

(ҚР Әнұраны орындалады).

Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейін.

1.Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығыАязбаев Талғат Тоқтасынұлы

2.Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі

Мықтыбекова Самал Шайхсламқызы

3._____________________________________________________

4._____________________________________________________

5.______________________________________________________


Жүргізуші:

Мектебімнің қиынына күйгені,

Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.

Түлек үшін күйінгені, күлгені,

Жақсылықтың бастаушысы ілгері, -

дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Есенгулова Нұрзиля Бақытжанқызына беріледі. (Директор сөз сөйлейді).

Жүргізуші:

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана,

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген - өмірге берген жолдама.

11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей. Аттестатты табыс ету бұйрығымен таныстыру оқу ісінің меңгерушісі Беисова Назгүл Ахметовнаға, табыс ету мектеп директоры

Есенгулова Нұрзиля Бақытжанқызына беріледі. (Музыка ойналып, аттестат табыс етіледі).

Жүргізуші:

Өрендер кетті сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

Алған аттестаттарыңыз құтты болсын! Өздеріңе арналған музыкалық сәлемді қабыл алыңыздар!

Ән: 10 сынып оқушысы Адал Аңсардың орындауында «Бағалым» әні.

Жүргізуші:

Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді, -

деп құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз – Аудандық Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Аязбаев Талғат Тоқтасынұлына беріледі.

Қонақ сөз сөйлейді.

Жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Келесі құттықтау сөз кезегі Аудандық білім бөлімінен келген

Әдістемелік кабинет меңгерушісі – Мықтыбекова Самал Шайхсламқызына беріледі.

Жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары - гүл,

Бағбан-ұстаз баулыған – құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Аяулы түлектер! Бұл күн сіздерге мәңгілік балалықтың шоқ күні болсын деген ниетпен би шашу жолдаймыз.

«Шұғыла» би тобының орындауында «Флэшмоб» Шатс биі.

Жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын,

Әлдилеп, аялаған алақанын.

Болашаққа бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын, -

дей отырып, сөз кезегі «Алтын белгі» иегері Бақытжан Алдиярдың атасы Есенгулов Бақытжан ағаға беріледі.

Жүргізуші:

Өздеріңізге түлектердің ата-аналары атынан музыкалық сәлем.Орындайтын Аязбаев Мараттың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді мәңгі есте сақтадым.

Жүрегімде нұрын құйған жылылық,

Көрген емес ешқашанда суынып.

Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстазы Алматы қаласынан келген Абдыхалыкова Шаруан апайға сөз беріледі.

Жүргізуші: «Шұғыла» би тобының орындауында «Ариво» биі

Жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас қағым.

Осы түлектердің жақсылығын асырып, еркелігін кешіре білген сынып жетекшілер атынан Имангалиева Дания Мұратқызына сөз беріледі.

Жүргізуші: Аяулы түлектер өздеріңізге арналған10А сынып оқушысы Тұрсын Аиданың орындауында «Сен ғана» ән шашуын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Мектепке келгелі достармен,

Өтіпті талай жаз, талай қыс.

Сондағы сыныптас достармен,

Қалайша қоштасып барамыз біз, -

дей келе балалық балдәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі «Ерекше үлгідегі аттестат» иегері Әсетова Қаламқасқа беріледі.

(Оқушы сөйлеп, тест алады, Мұғалімдерді соңғы вальске шақырады. Вальс биін билеп әркім өз орнына тұрады).

Жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдық пен асыңдар сан белдерді.

Білімің мен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.

Қыран болып ұшыңыз,

Оқуларға түсіңіз.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.


ҚР Әнұраны орындалады.

Жүргізуші:

Әрқашан сәтті жол болсын!

Сапарларың оң болсын!

Сіздерге Ақ жол тілейміз!

Шақырылған қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз аяқталды.

Кешіміздің ІІ-ші бөлімі жұлдызды сәт ойын-сауық отауымен жалғасады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?ош бол, ?стаз, алтын ?я мектебім!

Автор: Сембаева Жадыра Куситкановна

Дата: 09.11.2014

Номер свидетельства: 128706

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош бол,бастауышым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "220297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434568479"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!"
    ["seo_title"] => string(31) "u_staz_aty_biik_ri_m_n_ghilik_2"
    ["file_id"] => string(6) "356023"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478453518"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Абай орта мектебіне - 90 жыл" кеш жоспары"
    ["seo_title"] => string(45) "abai-orta-miektiebinie-90-zhyl-kiesh-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "310125"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458929547"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Мені?  с?йікті ?стазым "
    ["seo_title"] => string(23) "mienin-suiikti-u-stazym"
    ["file_id"] => string(6) "150769"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420555116"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "На тему "Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы""
    ["seo_title"] => string(48) "na_tiemu_t_rbiienin_ien_tamasha_miektiebi_otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "392071"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487158095"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства