kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Ұстаз аты: биік әрі мәңгілік!»

1-жүргізуші:Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя  мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі.

2-жүргізуші:   Анель    Бүгін  бізде үлкен мереке!Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі! Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық,жетістік, татулық тілеймін. Сіздердің еңбегіміз ең қадірлі, ең қажетті, ең ауыр, ең қызықты мамандық деп ойлаймын. Қадірлі болатыны ұстаз алдынан өтпейтін адам жоқ, қажетті болатыны мемлекетіміздің болашағына білім беріп, тәрбиелеуіміз, ауыр болатыны уақытпен санаспай, күндіз-түні ізденісте, оқуда, тыным таппайтындығымызда, қызықты болатыны ұжымның ортасында, балалармен бірге жүрумізде. Сіздерге төзімділік, төзімділік, тағы да төзімділік тілеймін! Әрқашан көтеріңкі көңіл-күйде болыңыздар!

№1Ұстаз, Ұстаз қасиетті есімің,

Құттықтайды барша халық осы күн.

Өзің берген біліміңе қандырып,

Талай ұлан шәкірттерді өсірдің –деп бүгінгі мерекені ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директорының міндетін атқарушы Әлтаев Ғалымжан ағайға береміз.

№2 Сен қалай ойлайсың,    Анель ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.


 

№1-Жүргізуші:   Диас   , мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде,

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде- демекші біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине,ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

№2.Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! «Ұстазым менің ұстазым!» әнін орындайтын Балғабаева Алмагүлді ортаға шақырамыз.

  №1,      Диас   екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші: Ал ендеше баста.

1-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

2-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

1-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

2-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

1-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

2-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.3-сыныптың оқушыларын ортаға шақырамыз.

№1Ұрпақтан өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

№2.Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

 №1.Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.-деп 2-сыныптың балалар биін қабыл алыңыздар!

. № 2 Мұғалімдік ең құрметті мамандық

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып,

Ұстаздардан азаматқа таралған,

Мол мейірім, ізгілік пен адалдық-деп 4-сыныптың биші қыздарын қазақша биімен қарсы алыңыздар.

№1Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады

.№2 «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» Иə, бұл мектеп мұғалімі  ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.      

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!»


Тақырыбы: «Ұстаз аты: биік әрі мәңгілік!»

1-жүргізуші:

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі.

2-жүргізуші:

Анель Бүгін бізде үлкен мереке! Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі! Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық,жетістік, татулық тілеймін. Сіздердің еңбегіміз ең қадірлі, ең қажетті, ең ауыр, ең қызықты мамандық деп ойлаймын. Қадірлі болатыны ұстаз алдынан өтпейтін адам жоқ, қажетті болатыны мемлекетіміздің болашағына білім беріп, тәрбиелеуіміз, ауыр болатыны уақытпен санаспай, күндіз-түні ізденісте, оқуда, тыным таппайтындығымызда, қызықты болатыны ұжымның ортасында, балалармен бірге жүрумізде. Сіздерге төзімділік, төзімділік, тағы да төзімділік тілеймін! Әрқашан көтеріңкі көңіл-күйде болыңыздар!

№1Ұстаз, Ұстаз қасиетті есімің,

Құттықтайды барша халық осы күн.

Өзің берген біліміңе қандырып,

Талай ұлан шәкірттерді өсірдің –деп бүгінгі мерекені ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директорының міндетін атқарушы Әлтаев Ғалымжан ағайға береміз.

№2 Сен қалай ойлайсың, Анель ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.



№1-Жүргізуші: Диас , мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.. О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде,

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде- демекші біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине,ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

№2.Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! «Ұстазым менің ұстазым!» әнін орындайтын Балғабаева Алмагүлді ортаға шақырамыз.

№1, Диас екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші: Ал ендеше баста.

1-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

2-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

1-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

2-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

1-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

2-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.3-сыныптың оқушыларын ортаға шақырамыз.

№1Ұрпақтан өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

№2.Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

№1..Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.-деп 2-сыныптың балалар биін қабыл алыңыздар!

. № 2 Мұғалімдік ең құрметті мамандық

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып,

Ұстаздардан азаматқа таралған,

Мол мейірім , ізгілік пен адалдық-деп 4-сыныптың биші қыздарын қазақша биімен қарсы алыңыздар.

№1Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады

.№2 «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» Иə, бұл мектеп мұғалімі ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.



Тақырыбы: «Тапқыр достар».


Мақсаты: Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту.


Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сіздерді 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен құттықтаймын.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі.Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасының қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз- біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы білуіміз қажет.

Тәлім-тәрбие тілден басталады! Олай болса, тіл бөбектің үні, тіл ананың әлдиі, тіл бесік жыры.Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар! Ана тілі-ар өлшемі. Тілді шұбарлау- арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім , мен де бірге өшемін.


Қазақ тілім- саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім-ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге

Жан сырласым, тілегім, бар арманым.

Бүгінгі Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

І.Таныстыру.

Топ басшылары тобымен , қатысатын оқушыларды таныстырады.

ІІ.Шар үрлеу арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.

ІІІ.Мақал-мәтел айту.

ІҮ.Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

Ү.Кім жылдам.

Қағаздағы берілгенді жазуды көрермендерге жылдам, әрі тапқырлығымен түсіндіріп беру керек.

ҮІ.Өнерпаз болсаң..

Өнерлерін ортаға салу.

ҮІІ.Жалғасын тап. Берілген өлеңнің жалғасын табу.

ҮІІІ. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Суретті өзінің тобына түсіндіріп береді.

Бүгінгі сайыскерлерімізге баға беріп отыратын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін:

Тәрбие жөніндегі орынбасары: Әлтаев Ғалымжан.

Психолог: Дүйсенбиева Гульвира.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Тәжімбетова Аққүлия

Бүгінгі «Тапқыр достар» ойынын І бөлімін бастаймыз.

1.Таныстыру. Топ басшылары тобымен , қатысатын оқушыларды таныстырады.

ІІ.Шар үрлеу арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.


ІІІ. Мақал-мәтел айту.








1.Тіл өнеріне байланысты мақал-мәтелдер:

1.Тіл ерді қабірге салады,

Нарды қазанға салады.

2.Аузы құлып сандықты тіл ашпаса тіл ашар.

3. Ине көзінен сынады, Шешен сөзінен сынады.

4. Көңілде жатқан кіріңді,

Оттай ыстық сөз шаяр.

5.Тіліңмен жүгірме біліммен жүгір.

6.Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

2.Балаға байланысты мақал-мәтелдер:

1.Болар адам жеті жастан бас болар,

Болмас адам қырыққа келседе жас болар.

2. Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

3.Адам болатын бала алысқа қарайды.

4. Ата баласының ат меңіндей

Белгісі болады.

5.Балалы үй базар,

Баласыз үй –мазар.

6. Алты жасар бала атқа мінсе,

Алпыстағы шал алдынан шығар.

Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер:

1.Қойдың сүті қорғасын,

Қойды соққан оңбасын.

2.Қойшы көп болса ,қой арам өледі.

3.Жаман түйе жабуын жер,

Жаман жігіт ауылын жер.

4.Түйеге- дақ. Жылқыға –пышақ

5 Өлкенің көркі мал болар,

Өзеннің көркі мал болар.

6.Жер құтты болса ,

Мал сүтті болады.

Батырлық-ерлік туралы мақал-мәтелдер:

1.Ер шекіспей беріспейді.

2.Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

3.Болат қайнауды шынығады,

Батыр майданда шынығады.

4. Жаман жігіт жолдасын жауға алғызар.

Өзін ұятқа қалғызар.

5. Қорқақты көп қусаң батыр болар.

6. Отызыңда орда бұзбасаң ,

Қырқыңда қырып келдім дегеніңе ,

Ешкім сенбейді.,

Мектеп, білім:

1.Бай боламасаң, бай болма,

Білім-өнерге сай бол.

2.Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

3. Білімді өлсе , қағазда аты қалар.

Ұста өлсе ,істеген заты қалар.

4.Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.



5.Ақыл азбайды , білім тозбайды.

6.Білім арзан, білу қымбат.

Ас-тамақ туралы:

1.Ас иесімен тәтті,

Табағымен жақсы.

2.Ет-етке, сорпа бетке.

3.Ашаршылықта жеген

Құйқаның дәмі кетпес.

Екі топтан қандай мақал-мәтелді табу қиын болды.

Әділ қазылар, апайлар, сіздер осыған байланысты қандай мақал-мәтел айтар едіңіздер?

ІҮ.Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

.Бейжің олимпиадасының жеңімпазы, жерлесіміз кім?Жауабы:Илья Илин Бес Арысты ата?

Жауабы:Шәкәрім, Ахмет,Міржақып,Мағжан,Жүсіпбек.

Билік өзіңде болса, Қазақ тіліне қандай үлесіңді қосар едің?

Ү.Кім жылдам.

Қағаздағы берілгенді жазуды көрермендерге жылдам, әрі тапқырлығымен түсіндіріп беру керек.(кітапхана, абтобус,мектеп, мемлекеттік тіл,мұғалім,тақта,кітап,терезе, дәптер, қария»

ҮІ.Өнерпаз болсаң....Өнерлерін ортаға салу.

ҮІІ.Жалғасын тап. Берілген өлеңнің жалғасын табу керек және авторларын атап айту керек.

1.Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан.

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

2.Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

3.Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы.

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

4.Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

5.Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая қарсы алдым сан тілімен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айрылып өз тілімнен.

ҮІІІ. Сөз тапқанға қолқа жоқ.Тақтадан сурет корсетеміз!

Суретті топбасшысы өзінің тобына түсіндіріп береді.

Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Мағжан Жұмабаев «Тіл- адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен.

Тіл –тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.Тіл- әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл -әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Тіл- ата-бабамыздың аманаты.Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру оның мәртебесін көтеру- баршамыздың парызымыз.Осымен «Тапқыр достар» сайысымыз аяқталды.Сау болыңыздар!






№152 қазақ орта мектебі





22- қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне арналған

«Тапқыр достар!» сайысы.


Тәлімгер Рахымбекова Анар Нәсіпбекққызы



























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!

Автор: Рахымбекова Анар

Дата: 06.11.2016

Номер свидетельства: 356023

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Шы?армашылы? кеш "?стаз аты - биік, ?рі м??гілік" "
    ["seo_title"] => string(51) "shyg-armashylyk-kiesh-u-staz-aty-biik-ri-m-n-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "185342"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426171862"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?стаз аты - биік, ?рі м??гілік "
    ["seo_title"] => string(29) "u-staz-aty-biik-ri-m-n-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "150757"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420553845"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік"
    ["seo_title"] => string(31) "u_staz_aty_biik_ri_m_n_ghilik_3"
    ["file_id"] => string(6) "406626"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491323577"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?стаз аты - м??гілік"
    ["seo_title"] => string(16) "ustazatymnghilik"
    ["file_id"] => string(6) "258797"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448560855"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Ж?зі?  жылы,??ша?ы?  ке?  ?стазым!"
    ["seo_title"] => string(30) "zhuzinzhylykushagynkienustazym"
    ["file_id"] => string(6) "294459"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455644314"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства