Просмотр содержимого документа
«Біз тәуелсіз елдің ұланымыз»
Мерзімі:15.10.2016ж
Сыныбы:8 "А"
Тақырыбы: «Біз -тәуелсіз елдің ұланымыз» жиын
Мақсаты:Білімділік:Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.
Тәрбиелілік: Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні
3.Әдеби монтаж
4.Ән
5.Көрерменге сұрақтар
6.Би
7.Атамекен әні
Дамытушылық:Тәуелсіз, ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау
Нұрасыл: Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім!
Өз қолына берген ерік тізгіні
Ие болған әлем ілтипатына
Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
ҚР-ның әнұраны орындалады.
Нұрмұхаммед: 25 жыл тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы
25 жыл Қазақстан халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны
Айдын: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ақбота: Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы, ері бар.
Ернар: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Мейрамбек: Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарын толық қуаттаймыз. Әсіресе, Отанымыздың болашағы саналатын балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге бағытталған іс-шаралары бізді қатты қуантады.
Нұрберген: Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тау, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Арай: Міне, осындай, егеменді еліміз
Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Д.Әділет: Құлақ түремелімнің тынысына
Мақтанам қуанамын табысына
Елбасы мен халқымыз аман болса
Айналар орта Азия барысына
Нұрай: Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз, Қорғайтын жерді оттан қыранымыз. «Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп
Абай атамыз айтқан ұланымыз.
Мерей: Назарбаевтың жолдауы: «жастарға айтарым-сендер халықаралық кеңістіктегі бәсекелестік күрестен сырт қалмауға ұмтылыңдар.Ол үшін тиянақты білім керек.
С.Әділет: Өзіңдікі туың да, От пен ауа суың да. Жаса, Қазақстаным. Белді бекем буын да.
Бекнұр: Асқар тау да сенікі, Бақша бау да сенікі. Қалтқысыз дос пенен Қатал жау да сенікі.
Асылжан: Білімді ұрпақ, білікті маман, Беделің сенің Республикам ! Болатын балаң, ары сау адам – Мерейің сенің, Республикам!
Көрерменге сұрақ:
1.Балалар біз қандай елміз? (Тәуелсіз)
2.Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?
4.Президент күні қашан атап өтіледі?
5. Тәуелсіздік қалай келді?
6.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)
5.Қазақ елінің іргетасы қай жылдардан қаланды деп ойлайсыздар, ол кездерде қазақ елін кім басқарды?
АЙСҰЛУ: Мен қазақпын, ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген
Ертеңімін Егеменді елімнің.
Күнсұлу:Менің елім — Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел
Арта берсің, абыройың, атағың.
Мұғалім: Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.
Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Болашақ депутатта, премьерде, президентте сендерсіңдер
"Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі