Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіз елді? ?ланымыз!"»
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»
Сабақтың мақсаты: Балаларды отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып Тәуелсіздігімізге арналған тақпақ, өлеңдерді жатқа айтқызуға үйрету. Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл-күйлерін көтеру.
Көрнекілік: Шар, суреттер, нақыл сөздер.
Музыка ырғағымен залға кіріп, қолдарында жалауша, бір рет айналып жүріп орындарына тұрады.
Құрметті ата-аналар, әріптестер! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында өткізілетін ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылуға аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса бұл мақсатқа жетеміз деген сенімдеміз.
Қандай ана қуанбас,- дей келе оталарыңызға «Ел қорғауға әзірміз» биімен Расул, Айдын, Ғамзат, Асанәлі, Мұхаммед, Асылжанды шақырамыз.
Ойын: «Қар жинау!»
Би: Замира «Әдемі-ай» биімен ортаға шақырамыз.
Тәрбиеші:
Күміс күйге, әнге толы тұла бой,
Қуанышқа кеңелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасы,
Тәуелсіздік күні бүгін біліп қой,-демекші, өткенімізді құрметтейтін, бүгінді бағалайтын, ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар! Тәуеліздігіміз құтты болсын! ІІ-кіші топ балаларының «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты шағын ертеңгілігіміз аяқтады. Сау болыңыздар!