kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз Астананың білімді ұрпақтарымыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім сайысы. Бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз Астананың білімді ұрпақтарымыз!»

«Біз Астананың білімді ұрпағымыз»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп,білімді, жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиетін қалыптастыруға бейімдеу;

  2. Логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды ,озық болуға тәрбиелеу;

  3. Сыныптар арасындағы ұйымшылдық пен ынтымақтастықты қалыптастыру;

1 жүргізуші:

  • Армысыздар, құрметті ұстаздар,қымбатты оқушылар! «Біз Астананың білімді ұрпақтарымыз» атты 2-сыныптар арасында өтейін деп отырған білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

  • Сайысымызға сәттілік тілеу үшін мектебіміздің басшысы Самал Ботақанқызына сөз береміз.

Жүргізуші:

Бүгінгі кеш төрінде

Білімділер елінде

Есеп шешіп, жарысып,

Жұмбақ шешіп, аңдысып

Шабыт тасып, шалқысып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шеру шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ, есеп бәрі бар

Ал, сайыскер өрендер

Білімдеріңді сынайық!

2 жүргізуші:

Көңілді, білгір балғындар,

Бар білімді ортаға салады.

Кім біледі, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.



Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

  • Сайыстың әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

  • Сіздер бас қаламыз Астананың білімді ұрпақтарысыздар,сайысқа өз білімдеріңізді шыңдауға келіп тұрсыздар.Олай болса,бүгінгі сайысымызда Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасаймыз.

  • Саяхатқа немен баратынымызды жоспарлап алайық.Ендеше ,жол жүру және қоғамдық көліктегі ережелерді еске түсірейік.

  • Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.

«Ойлан, тап!»

«Біліміңді шыңда»

«Ұлылар айтқан нақыл сөз»

«Зердеңізге тоқыңыз»

«Ғажайып қолтаңба»

Ынтымақтастық атмосферасы

(оқушылар бір-бірімен танысып, жылы лебіздерін білдіреді)

Жүргізуші:

  • Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

  • Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сайысымызды бастаймыз.

Топқа бөлу. (бес түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді)

1 топ «Білгір»

2 топ «Ұшқыр»

3 топ «Зерек»

4 топ «Алғыр»

5 топ «Талап»

2 «Е» сынып оқушысы Жолдасбек Айерке «Білім керек бәріне» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.

І-аялдама «Ақ орда» (слайд арқылы мәлімет беру)

Жүргізуші:

Білген сайын келеді біле бергің

Біле беру емес пе тілегі елдің?

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

Білімді әрі білікті жас жеткіншек!- дей келе сайысымыздың «Ойлан, тап!» кезеңін бастайық!

( әр топ өрнектердің мәнін тауып, әріптерді ретімен орналастыру арқылы топтың атын анықтайды)

ІІ-аялдама «Тәуелсіздік монументі » (слайд)

2-кезең «Біліміңді шыңда» ( Ғажайып ұяшықтарды таңдау арқылы пәндік сұрақтар қойылады )

Білімменен тәнті етеді тектілер

Мұратына білім ғана жеткізер

Бар ізгілік тек біліммен алынар

Білімменен аспанға жол салынар

1.Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады? (Күн көзінен)

2.Мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.

А) ақыл, ес

Ә) әдемі, сұлу

Б) ұзын, қысқа

3. Тұсбағар дегеніміз не? (көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал)

4. Жұмбақтың шешуін тап, үш тілге аудар

Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады. ( мысық-кошка-

cat)

5.«Мәлімдеме» сөзінде неше буын бар? ( төрт буын)

6. Жұмбақтың шешуін тап, сөз табына талда.

Алыстан қарасаң, аппақ,

7.Татып көрсен, тәтті-ақ. ( қант , зат есім)

8.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны ата. (жұрнақ)

9.Тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін қосу арқылы нені табуға болады? ( периметр)

10. «Сұлба» дегеніміз не? ( масштабпен жер бетін кішірейтіп бейнелеу)

11. Жұмбақтың шешуін тап, үш тілге аудар.

Жұдырықтай қызыл шар,

Тілді үйірген шырын бал. ( алма-яблоко-apple )

12.Сөз таптарын ата?

ІІІ-аялдама «Ұлттық музей» (слайд)

3-кезең «Ұлылар айтқан нақыл сөз»

Замана тартып жатыр жаңа істі алға,

Білімді дос, сайыстан қалыс қалма.

Сұлудан сұлу озар әсемдікте,

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.

( әр топ алдын-ала дайындап әкелген нақыл сөздерін айтып, мағынасын ашады )

ІҮ-аялдама «Хан шатыр » (слайд)





4-кезең «Қызықты сұрақтар»

  1. Әлемдегі ең үлкен құс? (түйеқұс)

  2. Әлемдегі ең кішкентай құс? (колибри)

  3. Дельфиндер қалай ұйықтайды? (бір көзін жұмып,бір көзін ашып ұйықтайды)

  4. Кірпінің жүрегі сағатына неше рет соғады? (сағатына 300-рет соғады)

  5. Кенгуру неше метрге дейін секіре алады? (10метрге дейін секіре алады)

  6. Әтеш неліктен мойнын созады? (дауысы шығу үшін)

  7. Күн көзіне тіке қарай алатын құс? (бүркіт)

  8. Көртышқан бір күнде неше метр жер қаза алады? (100метр жер қаза алады)

  9. Қасқыр нені аттамайды(арқанды)

  10. Балапаны жетілген кезде оны ұясынан итеріп, құлатып жіберетін құсты ата. (бүркіт)

  11. Қолтырауын су түбіне бату үшін не жұтып алады? (тас)

  12. Жылқыда не болмайды? (өт)

  13. Ең нәзік жануарды ата. (түйенің ботасы)

  14. Ең көреген құсты ата. (үкі)

  15. Адамнан ең қашық жүретін құс? (қоқиқаз)

Ү-аялдама «Бәйтерек » (слайд)

5-кезең «Ғажайып алақан» (кері байланыс)

Бүгінгі сайысымыздан алған әсерлеріңізді өз алақандарыңызға жазып,қолтаңбаларыңызды қалдырсаңыздар.

Кері байланыс

Қызыл түс-өте ұнады

Жасыл түс-ұнады

Сары түс-ұнамады

Сайысты қорытындылау,әділқазы мүшелеріне сөз беру.

Марапаттау.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Біз Астананың білімді ұрпақтарымыз!

Автор: Жумашева Бахытгуль Жуматовна

Дата: 07.01.2017

Номер свидетельства: 376261

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Ашық тәрбие сағаты "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!""
    ["seo_title"] => string(58) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_ieli_suighien_ielin_suighien_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "388776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486430943"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Имандылық-ізгілік негізі"
    ["seo_title"] => string(29) "imandylyk_izghilik_nieghizi_1"
    ["file_id"] => string(6) "415783"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1494917326"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын""
    ["seo_title"] => string(50) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_mien_oz_ielimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "458059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518893499"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Екі ?рнекті? ?осындысыны? ж?не айырымыны? квадраттарыны? формуласы "
    ["seo_title"] => string(71) "ieki-orniektin-k-osyndysynyn-zh-nie-aiyrymynyn-kvadrattarynyn-formulasy"
    ["file_id"] => string(6) "147488"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419411599"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза?стан ашаршылы? жылдарында "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-stan-asharshylyk-zhyldarynda"
    ["file_id"] => string(6) "157831"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421659658"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства