kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білім шыңы" сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка содержит материалы восмого класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білім шыңы" сайысы»

«Білім шыңы» сайысы

(8-сынып)

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын оятып, білімін дамыту, тілі мен әдебиетіне құрметін арттыру.

Жүргізуші: Құрметті тіл жанашырлары, аяулы ұстаздар, бүгінгі сайысымыздың көрермендері! Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын оятып, білімін дамыту, тілі мен әдебиетіне құрметін арттыру мақсатында 8 «В» сыныбымен өткізіліп отырған «Білім шыңы» сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса бүгінгі сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар!

Сайыс 5 шарттан тұрады:

1. «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар жүйріктігін танытып, берілген сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

2. «Білгіш болсаң, тауып көр» кезеңі. Ал бұл кезеңде оқушылар алғырлығын танытып, берілген тест сұрақтарына жауап береді. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

3. «Бәйгеге барар жолда» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар берілген өлең шумақтарының қай ақынның қандай өлеңі екенін таба білуі керек. Әр жауап 5 ұпаймен бағаланады.

4. «Тапқыр болсаң айтып көр». Бұл кезеңде оқушылар кез келген сұраққа өзіне берілген әріптен басталатын жауап айтуы тиіс. Мұнда тек бір ұпай ғана қойылады. Ең жоғарғы 10 ұпай.

5. «Шешен болсаң, тайқып көр» . Бұл кезеңде топ мүшелері берілген тақырыпта шешендігін танытып, тақырыпты ашуы тиіс. Мұнда да тек бір ұпай ғана қойылады. Ең жоғарғы 10 ұпай.

Ендеше, сайысымызды бастаймыз.

1-кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар жүйріктігін танытып, берілген сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

«Көшбасшы» тобына

1. Табу дегеніміз не?

2. Шоқанның шын аты кім?

3. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңінің авторы кім?

4. Дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма?

5. Сапалық сын есім дегеніміз не?

6. Портрет дегеніміз не?

7. Өз туындысында Отырар қаласының тарихын терең суреттеген ақын?

8. Аллегория дегеніміз не?

9. Себеп-салдар жалғаулық шылауларына қандай шылаулар жатады?

10. Қарасазда дүниеге келген ақын?

11. Қазақ балалар әдебиетінің атасы кім?

12. «Үш бәйтеректі» атаңыз.

13. Талғаулы жалғаулық шылауларына қандай шылаулар жатады?

14. ааба қандай ұйқас?

15. Жаңыл, Естемес, Оразымбет деген кейіпкерлері бар шығарма және оның авторы кім?

16. «Тарланым» өлеңінің авторы?

17. «Батыр Баян» поэмасының авторы кім?

18. Үстеу дегеніміз не?

19. Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?

20. Мақал дегеніміз не?

«Дарабоз» тобына

1. Эвфемизм дегеніміз не?

2. Абайдың шын аты кім?

3. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?

4. Тұрлаусыз мүшелер сөйлем құрай ала ма?

5. Қатыстық сын есім дегеніміз не?

6. Пейзаж дееніміз не?

7. Өз туындысында қасқырдың адамға дос болмайтынын баяндайтын жазушы?

8. Кейіптеу дегеніміз не?

9. Қарсылықты жалғаулық шылауларына қандай шылаулар жатады?

10. Семей өңірінде дүниеге келген қаламгерлер?

11. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы кім?

12. «Үш арсызды» ата.

13. аабб қандай ұйқас?

15. Сейіт, Қатша, Сәлмен деген кейіпкерлері бар шығарма және оның авторы кім?

16. «Қалқаман Мамыр» поэмасының авторы?

17. «Шалкөде жайлауы» өлеңінің авторы?

18. Есімдік дегеніміз не?

19. Сөйлем құрамына қарай қалай бөлінеді?

20. Мәтел дегеніміз не?

2-кезең. «Білгіш болсаң, тауып көр» Ал бұл кезеңде оқушылар алғырлығын танытып, берілген тест сұрақтарына жауап береді. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

(Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен тест сұрақтары беріледі)

3-кезең. «Бәйгеге барар жолда». Бұл кезеңде оқушылар берілген өлең шумақтарының қай ақынның қандай өлеңі екенін таба білуі керек. Әр жауап 5 ұпаймен бағаланады.

«Көшбасшы» тобына

Ең бірінші бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілмнен түңілмедім. (М.Мақатаев «Үш бақытым»)

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге – жеңіл, жүрекке – жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. (Абай «Өлең сөздің патшасы...»)

Өзге емес өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайында... (Қ.Аманжолов «Өзім туралы»)

Бір үйде жиюлы екен қазына мал.

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал.

Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар. (С.Торайғыров «Бір адамға»)

«Дарабоз» тобына

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам?! (С.Торайғыров «Шәкірт ойы»)

Бұл дүниенің жүзінде

Айдан көркем нәрсе жоқ, -

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ, -

Күндіз бар да, түнде жоқ. (М.Өтемісұлы «Жалғыздық»)

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің есігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой. (М.Жұмабаев «Түркістан»)

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

  • Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

  • Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. (М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»)



4-кезең. «Тапқыр болсаң айтып көр». Бұл кезеңде оқушылар кез келген сұраққа өзіне берілген әріптен басталатын жауап айтуы тиіс. Мұнда тек бір ұпай ғана қойылады. Ең жоғарғы 10 ұпай. Яғни, бұл кезеңді сергіту сәті десек де болғандай.

1. Аты-жөніңіз кім?

2. Көңіл-күйің қалай?

3. Тіл тас жара ма?

4. Бүгінгі ауа-рай қалай боп тұр?

5. Тіл не үшін керек?

6. Досыңды ренжіткен күндерің болды ма?

7. Ертегі білесің бе?

8. Аңдамай сөйлеген ауырмай өле ме?

9. Ердің атын не шығарады?

10. Қыстың көркі не?

11. Ал қыздың көркі не?

12. Қаттыда не қатты?

13. Сиырда мүйіз бар ма?

14. Қатты қуанғанда айтатын сөзің?

15. Өмірлік мақсатың?

5-кезең. «Шешен болсаң, тайқып көр» . Бұл кезеңде топ мүшелері берілген тақырыпта шешендігін танытып, тақырыпты ашуы тиіс. Мұнда да тек бір ұпай ғана қойылады. Ең жоғарғы 10 ұпай.

Берілген тақырыптар: Еңбектің наны тәтті

Достық қымбат өмірде...

Жүргізуші: Келесі кезекте бүгінгі сайысымызды бағалап, жеңімпаз топты анықтау үшін ортаға әділ-қазылар алқасын шақырамыз!

Алтын бесік – ағайын-жұрт туғаным,

Дос бөліссе қыза түсер думаның.

Барлығымыз атсалысып бірлесіп,

Асырайық іс жүзіне Тіл заңын! Тіліміз бен әдебиетіміз – халқымыздың ең асыл қазынасы. Сол қазынаны бағалап, бағамдай білейік!

































1-нұсқа

1. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

A) Әлдеқашан. B) Күйзеліс. C) Кінәрат. D) Ойыншық. E) Бейсенәлі

2. Заттық ұғымның атауы болатын сөздерді табыңыз.

A) Демеуші, егінші. B) Әлдеқалай, солай. C) Сіз, сенен. D) Анау, сонау. E) Көрген, көрер.

3. Сын есім мағынасы жағынан неше топқа бөлінеді, көрсетіңіз.

A) 5 B) 3 C) 6 D) 8 E) 2

4. "Жетпіс бес", "оннан бір" - жасалу жолын көрсетіңіз.

A Сөз тіркесі.) B) Күрделі етістік. C) Күрделі сан есім. D) Күрделі сөз. E) Күрделі зат есім.

5. “Қанша? неше?” сөздері есімдіктің қай түріне жататынын анықтаңыз.

A) Сұрау есімдігі. . B) Белгісіздік есімдігі. C) Сілтеу есімдігі. D) Жалпылау есімдігі. E) Өздік есімдігі

6. Қосарланып жасалған еліктеу сөзді табыңыз.

A). Алқа-салқа B) Шіңк-шіңк. C) Әп-әдемі. D) Биік-биік. E) Аппақ.

7. Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Үйдегі кісілерді бастап, тысқа шықты.

B) Сол уақытта Ақбала кірді.

C) Құдайменде үн-түнсіз түрегелді.

D) Ол көптен ат ізін салмады.

E) Өз сөзіңдей қып жеткізейін!

8. Көнерген сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қасындағы бар жолдасына қоржын тола торқа, биқасап берілді.

B) Төр бөлмеде шам жағылды.

C) Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастады.

D) Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес.

E) Кәдуілгі, ағаш арасына ықтай қыстаған ауыл.

9. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

A) -дар, -дер. B) -лар, -лер. C) -ға, -ге. D) -тан, -тен. E) -нікі, -тай.

10. Сөйлем мүшесіне талдау жасағанда алдымен белгіленетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

A) Толықтауыш. B) Бастауыш. C) Баяндауыш. D) Пысықтауыш. E) Анықтауыш.


11. Толағайдың әкесінің даңқы немен шыққанын көрсетіңіз.

A) Мерген.

B) Айтыскер ақын.

C) Ер жүрек батыр.

D) Әнші.

E) Күйші

12. Шоқан Уәлиханов қай жылы, қай айда қайтыс болғанын көрсетіңіз.

A) 1867 жылдың, қазан айы.

B) 1864 жылдың, наурыз айы.

C) 1866 жылдың, қараша айы.

D) 1863 жылдың, желтоқсан айы.

E) 1865 жылдың, сәуір айы.


13. Абайдың дүниеден өткен жылын көрсетіңіз.

A) 1901 ж.

B) 1904 ж.

C) 1902 ж.

D) 1903 ж.

E) 1960 ж.

14. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі сипатталатын жануарды көрсетіңіз.

A) Бүркіт

B) Қасқыр.

C) Тазы ит.

D) Жылқы

E) Түйе.

15. Абайдың поэмасын табыңыз.

A) "Масғұт".

B) "Еңлік-Кебек".

C) "Жүсіп-Зылиха".

D) "Медғат-Қасым".

E) "Ләйлі-Мәжнүн".





16. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.

A) І.Есенберлин

B) О.Бөкей.

C) Ш.Мұртаза

D) Ә.Нүрпейісов.

E) М.Шаханов.

17. Жамбылдың ұстазын белгілеңіз.

A) Дулат.

B) Орынбай.

C) Шөже.

D) Сүйінбай

E) Шортанбай.

18. «Мен Қырымның ішінде, Ақшаханның қызы едім» деп текті жерден, өз әміршісінің қызы екенін айтқан кім екенін анықтаңыз.

A) Қыз Жібек

B) Гүлбаршын.

C) Толғанай.

D) Алмагүл.

E) Ақжүніс

19. Көркемдік тәсілдің түрін анықтаңыз.

Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,

Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз ... (І.Жансүгіров)

A) Теңеу.

B) Эпитет.

C) Ассонанс.

D) Антитеза.

E) Мотив.

20. «Алтын сақа» ертегісінде жанынан қорыққан байдың жалмауызға бермек болған нәрсесін атаңыз.

A) Жанын

B) Жылқысын.

C) Дүниесін.

D) Алтын сақасын.

E) Жалғыз баласын.

2-нұсқа

1. Езулік дыбыс ненің қызметіне қарай бөлінеді, көрсетіңіз.

A). Ауаның кедергіге ұшырауынан жасалады.

B) Жақтың қызметіне қарай.

C) Еріннің қызметіне қарай

D) Үн мен салдырдан жасалады.

E) Тілдің қызметіне қарай.

2. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсетіңіз.

A) МТ-С. B) Си-но-ним. C) Лек-си-ка. D) Ан-то-ним. E) Ба-зар-күл.

3. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

A) Колхоздың малы. B) Анаға сәлем. C) Кітапты беру. D) Қалаға бару. E) Ауылдан келген.

4. Сын есімді тіркесті көрсетіңіз.

A) Екінің бірі. B) Менің талабым. C) Білгеннің сөзі. D) Қарындасының сәлемі. E) Сөзге сараң.

5. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.

Қапты 2 ден көтеріңдер.

A) Нүкте. B) Сызықша. C) Қос нүкте. D) Дефис. E) Үтір.

6. Бір ғана түбірден жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.

A) Жіктеу. B) Өздік. C) Сұрау. D) Жалпылау. E) Сілтеу.

7. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

A) Тарс. B) Сарт. C) Қыңқ. D) Селк. E) Тырс.

8. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.

A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.

B) Тақырыбы дұрыс емес.

C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.

D) Омар жолдасымен кездесті.

E) Жас мұраты – білім.

9. Сұрау белгісі қойылмайтын орынды табыңыз.

A) Мен қазір кітап оқимын, сіз ше.

B) Балалар пойызы осы ғой, ә.

C) Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты.

D) Бұл кім өзі.

E) Балтабектің үйін білесіз бе.

10. Затты не құбылысты атап білдіретін cөздің мағынасын белгілеңіз.

A) Тұрақты тіркес. B) Тура мағына. C) Эвфемизм. D) Дисфемизм. E) Ауыспалы мағына.

11. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының оқиғасы қанша уақытты қамтығанын табыңыз.

A) Жарты ғасыр.

B) Екі ғасырды.

C) Бір ғасырдан ұзақ.

D) Отыз жылдың оқиғасы.

E) Бір ғасырды.

12. Жоқтау қандай өлең екенін көрсетіңіз.

A) Міндетті түрде музыканы қажет етеді.

B) Тек төрт тармақтан тұратын өлең.

C) Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадір-құрметін білдіретін өлең.

D) Жазба әдебиетінде ғана қалыптасқан, ауыз әдебиетінде жоқ.

E) Ауыз әдебиетінің бір түрі.

13. Қазақ халқының мінез-құлқын, тыныс-тіршілігін суреттеген Қ.Мырзалиев өлеңін табыңыз.

A) «Домбыра».

B) «Қызыл кітап».

C) «Елім-ай».

D) «Қазағым».

E) «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру».


14. Еламан қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.

A) “Ақ Жайық”.

B) “Миллионер”.

C) “Сырдария”.

D) “Қан мен тер”.

E) “Абай жолы”.

15. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.

A) Бунақ.

B) Ұйқас.

C) Буын.

D) Шумақ.

E) Тармақ.

16. ’’Жатқан жері даладай,

Екі өркеші баладай’’. Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылғанын табыңыз (Үмбетей жырау).

A) Ауыстыру.

B) Теңеу.

C) Эпитет.

D) Қолданылмаған, жай сөз.

E) Ассонанс.

17. Аңыздағы:

’’Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?’’- деген жолдар кімнің сөзі екенін табыңыз.

A) Қожанасыр.

B) Қарашаш.

C) Жиренше.

D) Хан.

E) Алдар көсе.

18. Адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде туындаған айтыс түрін табыңыз.

A) Қыз бен жігіт айтысы.

B) Жұмбақ айтысы.

C) Салт айтысы.

D) Ақындар айтысы.

E) Бәдік айтысы.

19. «Махаббатсыз дүние бос-

Хайуанға оны қосыңдар,»- деген жолдың авторын табыңыз.

A) Абай.

B) Махамбет.

C) Бұқар.

D) Ақан сері.

E) Жамбыл.

20. Ш. Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1858-1931 ж.ж.

B) 1845-1904 ж.ж.

C) 1841-1889 ж.ж.

D) 1835-1865 ж.ж.

E) 1860-1945 ж.ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Білім шыңы" сайысы

Автор: Әжібекова Айжан Дәулетиярқызы

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384665

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "«Шешендер шы?ты сайыс?а ...» "
    ["seo_title"] => string(30) "shieshiendier-shyk-ty-saiysk-a"
    ["file_id"] => string(6) "191335"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427295574"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) ""?нерлі отбасы" атты отбасылы? шы?армашылы? сайыс "
    ["seo_title"] => string(51) "onierli-otbasy-atty-otbasylyk-shyg-armashylyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "229363"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441718613"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Шы?армашылы? сайыс "
    ["seo_title"] => string(21) "shyg-armashylyk-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "206464"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430193103"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "«Математика- а?ыл-ойды? ?уені» сайыс. "
    ["seo_title"] => string(35) "matiematika-ak-yl-oidyn-uieni-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "179894"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425096686"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Тап?ыр достар» танымды? ойын-сауы? сайысы "
    ["seo_title"] => string(41) "tapk-yr-dostar-tanymdyk-oiyn-sauyk-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "160401"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422034406"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства