kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала-бақшамен қоштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бала-бақшамен қоштасу"- атты ертеңгілік, бала-бақшамен қоштасу кезінде өтетін ертеңгіліктің сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала-бақшамен қоштасу»

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

Рахметуллина Розагүл Ғаділбекқызы

№1 «Айгөлек» бала-бақшасы

« Аяулым» тобы.

Тақырыбы: «Бала-бақшамен қоштасу»



(«Аяулым» ортаңғы тобының балабақшамен

қоштасуға арналған ертеңгілік)

Тәрбиеші: -- Құрметті қонақтар «Айгөлек» атты бөбекжайымыздағы «Аяулым» топ тәрбиеленушілерінің балабақшамен қоштасу мерекесіне қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: -

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын сондай әрбір күнің, әр айың.

Тәрбиеші:

-Айналайын балалар!

Алдыңда мектеп – ана бар!

Өздеріңнен өседі

Өнершілер, даналар

(Музыка әуенімен балалар ішке кіреді)

Би:«Вальс»



Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасындар мектепке

Бір белестен өттіңдер.

Балалардың тақпақтары:

Мерей:

Балабақшам бесігім

Тағы бір той жасайық

Ашып мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық.

Жанель:

Талай қызық той өткіздік

Бірақ орны бөлекше

Бақшамызбен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше

Саян:

Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшамызбен қоштасып

Біз мектепке барамыз.

Ән "Біз мектепке барамыз"

(Балалар өз орындарына барып отырады)

(Есіктің алдына үлкен кітап қойылады)

Тәрбиеші: - -Балалар қараңдаршы мұнда бір ғажайып кітап бар секілді. Бұл жәй кітап емес, сиқырлы кітап. Бірақ,бұл кітап ашылуы ол үшін бізге кілт керек.

Тәрбиеші: -Сәлеметсізбе, Буратино,Қуыршақ!

Буратино: -Сәлеметсізбе, балалар! Сізде не болып жатыр?

Тәрбиеші: -Бізде балабақшамен қоштасу мерекесі болып жатыр. Біздер балаларымызды мектепке шығарып салмақшымыз. Ал сіз не ғып жүрсіз?

Буратино: -Мені де Папа Карло мектепке бар деп, әліппе берген, бірақ мен әліппені сатып, көп ақша алдым!

Қуыршақ: -Буратино, сен неге әліппеңді сатып жібердің. Енді сен қалай оқуға үйренесің?

Буратино: -Мұңайма, мен оқу білмесем де, санау білем. Қане, тексерші мені.

Қуыршақ: -Жарайды, есепті тыңда: сенің қалтаңда екі алма бар дейік.

Буратино: -(қалталарын ақтарып) Ешқандай алма жоқ!

Қуыршақ: -Бір алмаңды сен досына бердің дейік. Қалтаңда неше алма қалды?

Буратино: -Екі!

Қуыршақ: -Қалай?

Буратино: -Мен алмамды ешкімге де бермеймін!

Қуыршақ:Көрдің бе буратино сен әліде дұрыс санай алмайсың.

Тәрбиеші: -Біздің балалар жұмбақтыда шешіп, бидеді де билей алады, қане тамашалайық

Би: «Көңілді күн»

Буратино: -Фу, шаршадым.

Қуыршақ: -Буратино, ал сен мектепке не апару керек екенін білесің бе?

Буратино: -Әрине, білемін! Ең алдымен – көпшік, чупа – чупс, сағыз, машина.

Қуыршақ: -Балалар, дұрыс па?

Балалар: -Жоқ, дұрыс емес!

Олай болса қане ойын ойнайық.

Ойын: «Портфельді жина» (2-3 рет ойнау.)

Қуыршақ: -Буратино, енді білесің бе не керек екенін?

Буратино: -Иә! Түсіндім!

Қуыршақ: -Буратино, саған мектепке бару үшін әліде көп дайындық керек.Мына балалардан әліде үйренерің көп.Мектепке баруға дайындал,мен кетейін.

Буратино:Сиқырлы кітапты ашу үшін менде кілт жоққой,мен енді білімді қалай аламын.

Тәрбиеші:Буратино сен мұңайма сиқырлы кілтті табуға саған көмектесеміз,кел көңіліңді көтеріп бізбен бірге ән шырқа.

Ән: «Балабақша»

Жүргізуші:Буратино бұл сиқырлы кітаптың құлпын ашу үшін,мына сенің мойныңдағы кілтің ашатын болар,қане көрейікші?

Буратино:Ашылды,ашылды алақай!

Жүргізуші:Кілтті аша бергенде....

(Есіктен Білім патшайымы шығады)

Білім падшайымы:

-Қош келдіңіздер, балалар!

Білім әлеміне!

Кел, балалар, оқылық!

Оқысаңыз, балалар!

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей – ақ табылар

Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Білім патшайымы:Балалар сәлеметсіңдер ме!

Бүгін мен сендердің мектепке дайындықтарыңды көрейін деп келдім.

Менің алып келген тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?

-Балалар санай білеміз бе?

-Қане бәріміз 1ден-5 ке дейін тура және кері үш тілде санайықшы?

Мұқият тыңдаңдар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтар: Ағаш бұтағында 2 торғай қонып отыр еді, 1 торғай ұшып келді. Неше торғай болды?

Ортасында шегесі, жіп – жіңішке денесі? (қарындаш)

Қабат қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап)

Жоқ өзінде бас та, қас та, ұзынды сан жазулы тұр бойында (сызғыш)

Жыл мезгілі нешеу?

Аптада неше күн бар?

Бір қолда неше саусақ?

Дөңгелекте бұрышы болама?

Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

«Ия», «Жоқ» ойынын ойнаймыз.

- «Біз мектепке барамыз ба?»

- «Сабақты жақсы оқимыз ба?»

- «Үлгілі оқушы боламыз ба?»

- «Кілең бестік аламыз ба?»

- «Мұғалімді тыңдаймыз ба?»

- «Ойыншық ойнаймыз ба?»

- «Кітаптарды жыртамыз ба?»

- «Дәптерлерді шашамыз ба?»

- «Сабақ үстінде шулаймыз ба?»

- «Парталарды сызамыз ба?»

Енді мен мына отырған ата-аналармен ойын ойнағым келіп тұр!

Ойын: «Ия», «Жоқ»

1.Балаңызға әрқашан тірексізбе?

2.Сабақ оқып есепке жүйріксізбе?

3.Тамағын уақытылы бересізбе?

4.Төзімділікке әр уақытта төзесізбе?

5.Сериал көріп жатасызба?

6.Ұрып нұқып үйретуге барасызба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасызба?

8.Сен оқыт,мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсызба?

9.Бала үшін асулардан асасызба?

Білім ханшайымы:Балалар менің барлық тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар.Сендер мектепке баруға дайынсыңдар.Балалар мені басқа балабақшадада балалар күтіп отыр.Мен соларға барайын.Сау болыңдар!

Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады деп келесі кезекті биге берейік.

Би:Танго

Жүргізуші:Біздің балаларымыздың балабақшамызға айтар лебіздеріне кезек берейік.

Иса:

 Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Меңгерушіге мың алғыс

Нұрай:

Сазгер Мергүл апайды,

Тыңдаймыз жақсы көреміз.

Әнді бірге үйреніп,

Биді бірге билейміз

Алан:

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Тәрбиеші апайларға

Айтамыз біз мың алғыс

Алихан:

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер апайға  мың алғыс

Санжар:

Тәтті  тағам пісірген

Айран сүтін ішкізген.

Азпазшы апайлар

Сіздерге де мың алғыс

Арафат:

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Жарқынай апайға мың алғыс.

Кәусар:

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын әдіскерге көп рахмет

Буратино:Апай ,апай тоқтаңызшы асықпаңызшы біз өткен шаққа оралғымыз келіп тұр.

Жарайды айтқандарыңды орындайын.Ендеше ортаға

Кіші топ балаларын «Сылдырмақ» биімен ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

Қош келдіңдер балалар төрлетіңдер.

Құттықтайды:

1.Өздеріңді ұмытпай

Есімізге аламыз,

Ұмытпасын деп ешқашан

Сіздерге би сыйлаймыз.

2.Хош,балалар, сәт сапар,

Бақытты бәрің болыңдар

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алыңдар.

Жүргізуші:

Рахмет балалар өнерлеріңе, ал мына мектепке кеткелі тұрған аға әпкелерің мына ойыншықтармен қоштасып сіздерге сыйламақ.

Би:"Ойыншықтар"

Жүргізуші:Сендерде осы аға әпкелерің сияқты үлкен болып өсіп мектепке барыңдар.сау болыңдар!

Тәрбиеші:Рахмет! Балалар,білім патшайымы сіздердің мектепке баратыныңызды біліп,сіздерге сиқырлы ертегілер кітабын сыйға тартыпты.Қабыл алыңыз.

Би:«Флешмоп»

Жүргізуші:Буратино көрдің бе білім алсаң,білімді боласың.Сенде енді біздің балалармен бірге мектепке баратын боласың.

Буратино:Алақай,алақай!

Білім падшайымы:

- Балалар, мен сіздерге құр келген жоқпын, алғашқы дипломдармен, сыйлықтар ала келдім (дипломдар беру)

Жүргізуші:Бүгін міне, балабақшамыздың түлектерін ұшырғалы отырмыз. Балабақшаға бүлдіршін болып келіп, шәкірт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің балабақша қабырғасында жүріп «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» салаларында өздерін дамытып, білімдерін шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді.Биылғы түлектер өнерлі де алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болады деген сенімдеміз. Осыған орай балабақша түлектеріне ақ жол тілеп, лебізін білдіруге №1 «Айгөлек» бөбекжайы» директоры Маржан Кәрімқызына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:

Қуанышқа көңіл бүгін тосады,

Балаларым өмір есігін ашады.

Түлектерге ақ жол тілеп қуанып,

Әр аналар шашуларын шашады - дей отырып сөз кезегін ата –

аналарға береміз.

Ән: «Айгөлек»

Жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау, аман-есен мықты болсын.

Мектеп есігі әрқашан ашық болсын,

Мектепке барар қадамдарың құтты болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бала-бақшамен қоштасу

Автор: Рахметуллина Розагүл Ғаділбекқызы

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 394053

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(27) "balabak_shamien_k_oshtasu_1"
    ["file_id"] => string(6) "415608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494861200"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Біз ?мірді? г?ліміз" балаба?шамен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(46) "biz-omirdin-ghulimiz-balabak-shamien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "216654"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433090420"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(60) "kosh_bol_balabaksham_atty_balabakshamen_koshtasu_ertengiligi"
    ["file_id"] => string(6) "501296"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1551033214"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(22) "balabakshamen_koshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "614253"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1664723650"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""Балабақшамен қоштасу" ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(42) "balabak_shamien_k_oshtasu_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "351554"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477230327"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства