kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балабақшамен қоштасу" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий. Бұл сценарийде тақпақ, ән, би өнерлері бар. Кейіпкерлер қатысуымен өткізілетін өте қызықты ертеңгілік  сценриі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балабақшамен қоштасу" ертеңгілігі»

«Балабақшам, қош енді» ертеңгілігі


1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, мектепалды даярлық тобының «Балабақшам, қош енді» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, армысыздар!

Бәріңіз де аман-есен бармысыздар?

Қоштасатын күн келді бақшаменен,

Апайларға айтатын алғысымыз бар.


1-жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Әдеп пенен өнегені үйреткен,

Бақшамызды есімізде сақтайық.


2-жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттік біз.

Барамыз біз мектепке,

Бір белестен өттік деп.


1-жүргізуші: Өсті,міне,бойымыз,

Өсті ақыл-ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.


2-жүргізуші: Баулып, баптап өсірдіңіз,

Балалық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Ұмытпаймыз өзіңізді.


Екеуі бірге: Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Тәрбиешіміз Роза Сәрсенқызын,

Ортаға шақырамыз.


/Тәрбиеші ортаға келіп, балаларды шақырады./


Тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,

Кіп-кішкентай кешегі.

Бүгін міне,азамат,

Болды рас деседі.

Әріп танып, сурет салып,

Жаттықтырды қолдарын.

Мектебіне шығарып сап,

Тілейік ақ жолдарын.


1-жүргізуші: Роза Сәрсенқызы, сізге үлкен рахмет! Сіз балабақшадағы ертеңгіліктердің барлығын өткізіп келдіңіз.


2-жүргізуші: Ал, енді «Балабақшам, қош енді!» ертеңгілігін өзіміз жүргізгелі отырмыз. Сіз біздің қадірлі қонағымыз болыңыз.


/Екеуі тәрбиешілерін қолынан ұстап, арнайы дайындалған орынға отырғызады/


/Залдың сыртынан дауыс шығады/

  • Қызым, мен саған 10 токаш түсетін акша бердім. Жан-жағыңа алаңдамай, уйге тез кел.

Қызы: Жарайды мама, 10 токаш ұмытпаймын.

Жан-жағына алақтап, келе жатады. Бір жерге келіп, аспанға карап, құстарды санайды. 1-3 деп дурыс санай алмайды.

Сойтіп келе жатканда, артынан ит еріп келіп, токаштарын жеп қояды. 3 токашын жейді. Машинаның тустерін карайды, дукеннің атын оки алмай турады. Бір кезде итті коріп коркып кетеді. А- а-а токашым кайда, нешеуі қалган. Менде коп токаш болган еді, азайып калыпты гой. Ит кашып кетеді. Қыз жылап отырганда касына кемпір келеді.

  • Жылама қызым, мен білемін неге жылап турганынды. Сенің токашынды ит не ушін жеп койганын да білемін.

  • Не ушін?

  • Ойткені сен жан-жагына карап, құстарды санадын, одан кейін машиналарды карадын, содан кейін дукендердің атауын оқымакшы болдын.

  • Сіз оның барлыгын кайдан білесіз, сіз акылдысыз ба, ал мен акылды емеспін. Ойткені мен оки да, санай да білмеймін. Колымда канша токаш калганын да санай алмай отырмын.

  • Ештене етпейді. Мен саган комектесе аламын. Мына гул сикырлы, оның 7 култешесі бар. Ол сенің барлық арманынды орындайды. Бірак сен оларды текке жумсама.

  • Жарайды әже рахмет сізге.

/Әже шыгып кетеді/

  • Ой кандай жаксы болды. Менің бірінші тілегім 10-га дейін санауды уйренсем.

/ осы кезде ішке 3 уйрек кіреді./

  • Біз сенің тілегіңді орындауга келдік. Біздің колымызда мынадай ойын бар.

Ойын: «Орныңды тап»

Шарты: Балаларға 1-10 дейінгі сандарды таратады. Әуенге уйректер би билетеді. Әуен токтаган кезде балалар сандық рет бойынша тура калады.

  • Рахмет мен санауды уйрендім.

  • Уйрек: жарайсын, кане балалар кім 10-га дейін тура санап бергісі келіп отыр? /санайды/

  • Жарайсын, енді кім кері санап береді? /балалар санайды/

/уйректер шыгып кетеді/

Қыз: мен санауды уйрендім, енді әріп танып, оқуды уйренгім келеді.

/бір култешесін жулады/

Осы кезде ішке аю кіреді. Ол өзімен бірге «Сөз ойла, тез ойла» деген ойынды алып келіп, ойнатады.

Ойын шарты: ортаға әріптер тасталады. Әуенмен балалар билеп журеді, әуен токтаганда әріптің устін басып тура калады. Сол әріпті атап, сөз айтады. Сөзді буынга боледі.

Содан кейін аю тагы «ия, жок» ойынын ойнатады.

Шарты: аю балаларға сурак береді, балалар иә немесе жок деп жауап береді.

  1. Мектепке біз барамыз ба?

  2. Кілең бестік аламыз ба?

  3. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

  4. Айткан тілді аламыз ба?

  5. Сабақта отырып уйыктаймыз ба?

  6. Акылды бала боламыз ба?

  7. Сабақтан кеш каламыз ба?

  8. Екі алганда жылаймыз ба?


Енді ата-аналарға ойын ойнатайын.

  1. Балаңызға әркашан тірексіз ба?

  2. Сабақ окып, есепке жуйріксіз ба?

  3. Сериал коріп жатасыз ба?

  4. Тамагын уакытында бересіз бе?

  5. Окыту мугалімнің жумысы деп кері тартпа сөз айтасыз ба?

  6. Қиындыққа сіз әруакытта тозесіз бе?

  7. Сен оқыт, мен оқыт деп санасасыз ба?

  8. Бала үшін асулардан асасыз ба?


/ аю шығып кетеді/

Қыз тагы да тілек тілейді. Мен енді балалардың өнерлерін тамашалағым келеді.

Ортаға Мики маус келеді. Балалармен билейді.

Такпак: балалар қазақша, орысша, агылшынша такпак айтады.


1-бала: Балабақша - базарлы үй.

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.




2-бала: Бұл- екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.


3-бала: Қызық күндер өткіздік.

Балабақша бағында.

Көп оқыдық,көп білдік,

Ел мен Отан жайында.


4- бала: Мы играем целый день,
И нам совсем это не лень!
В детском садике прекрасно,
Отдыхают дети классно!

5-бала:Мы считаем – раз, два, три,
Мы в садике учим цифры.
А еще писать, читать,
Учит нас детский сад.



6-бала: Если будем мы скучать,
Сразу будем мы играть.
В детском садике у нас
Игр много, и все класс!



  1. Жургізуші: Бізді осындай жетістіктерге жеткізген тәрбиешімізді ортаға шакырайык.

  2. Жургізуші: Қандай ғажап кун бүгін

Куміс кулкі жан-жагын

Кулімдеген бар бала

Ән айтады шаттана


Ән: «Тәрбиеші»

Тәрбиеші:

Тан атканнан кеш батканша,

Бірге журдім өздерінмен

Қызық кундер отті міне,

Қоштасқым да келмейді.


Балалар коштасу такпагын айтады.

1-бала: Балабақша бесігім,

Тағы бір той жасайық.

Ашып мектеп есігін,

Өзіңмен қоштасайық.


2-бала: Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.


3-бала: Мектепке енді барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз,

Бақшаға келіп тұрамыз.


4-бала: Балабақшам қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді,

Ертіп енді келмеймін.


5-бала: Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол, әсем бақшамыз.




6-бала: Қош балалар бақшасы,

Естен кетпес есімің.

Қош балалар бақшасы

Алғаш ашқан есігім.


Тәрбиеші: Үлкен сенім жүктеп алып,

Мектепке кетіп барады.

Қимай балабақшаны,

Қоштасу әнін салады.


Ән: «Коштасу әні»


Тәрбиеші: Балабақша бесігім,

Қайсысын айта берейін.

Қабыл алшы гулімді,

Сіздерге сыйлап кетейін





1-бала: Гүлдендірген бақшаны,

Меңгеруші жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артық өзі басқадан.

Мереке Меңдібайқызына мың алғыс.


2-бала: Жайдары жүз, ай қабақ,

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп,

Білгеніңді сұрайтын.

Әдіскері бақшаның

Динара Серікқалиқызына мың алғыс.


3-бала: Қайнаған су әкеліп,

Іш деп дәрі береді.

Жылтыңдатып инесін,

Түршіктірер денеңді.

Меруерт Тоқтамысқызына мың алғыс.


4-бала: Балалармен шаттанған,

Бармағынан бал тамған.

Ересекке, сәбиге кейіпкерлер киімін,

Қуанышпен сыйлаған.

Бізбен бірге әрқашан,

Жүре берсін жақсы адам.

Құндыз Үсембайқызына мың алғыс.



8-бала: Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы,

Ақ көңіл, жақсы апа.

Әлде май, қаймақ па,

Борщ па, сорпа ма?

Тұрады ортада.

Барлық аспазшыларға мың алғыс.





9-бала: Төсек орны тап-таза,

Аппақ жуған сүлгісі.

Құралай, Күнбибі апайларға,

Балалардан мың алғыс.



12-бала: Мадина апай өзіңізді,

Жақсы көрем әрдайым.

Әрқашан бізге жалықпай,

Ағылшын тілін үйреткен.

Мадина мың алғыс.


Орыс тіліне такпак


13-бала: Жүгіртіп бізді алатын,

Доптай шапшаң секіртіп.

Шынықтырып денеңді,

Шымыр болуға үйреткен.

Гүлнар Төлегенқызына

Бәрімізден мың алғыс.


15-бала: Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Басымыздан сипаған,

Алмагул апай мың алғыс.



16-бала: Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Тентек болсаң кешірген.

Тәрбиешіміз Сания Орынбайқызына

Айтамыз біз мың алғыс.


Тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік.


Тәрбиеші: Сүйкімді менің балаларым, жарқын жүзді ата-аналарым! Сіздермен қоштасатын сәт келді. Сіздерге ақ жол, сәт сапар тілеймін. «Балабақшам, қош енді» атты кешімізді «Қоштасу вальсі» биімен аяқтаймыз.


Би: «Қоштасу вальсі»


Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,

Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.

Біріншіге баратын бүлдіршіндерді ,

Балабақша директоры құттықтасын.-деп, құттықтау сөзі Мереке Меңдібайқызына беріледі.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Балабақшамен қоштасу" ертеңгілігі

Автор: Дюсенова Сания Урынбаевна

Дата: 23.10.2016

Номер свидетельства: 351554

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(60) "kosh_bol_balabaksham_atty_balabakshamen_koshtasu_ertengiligi"
    ["file_id"] => string(6) "501296"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1551033214"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(27) "balabak_shamien_k_oshtasu_1"
    ["file_id"] => string(6) "415608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494861200"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(27) "balabak_shamien_k_oshtasu_2"
    ["file_id"] => string(6) "456403"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518329121"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Сценари «?ош бол, Балаба?ша!»"
    ["seo_title"] => string(31) "stsienari-k-osh-bol-balabak-sha"
    ["file_id"] => string(6) "328363"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463600452"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сценари "?ош бол,балаба?шам!""
    ["seo_title"] => string(32) "stsienari-k-osh-bol-balabak-sham"
    ["file_id"] => string(6) "328366"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463603803"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства