kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі. Мерекелік ертеңгілікте балалар 4 жыл бойы меңгерген білімдері мен өнерлерін көрсетеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі»

КМҚК «Балерке» балабақшасы

«Күншуақ» ортаңғы тобының «Қош бол, балабақшам!» атты

балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары


Мақсаты:

1.Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау, мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.

2.Балалардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.


Зал безендірілген.



 Музыка әуенімен екі тәрбиеші шығады.

1-жүргізуші:

Жаңа өмір басталсын,

Үміт, сенім ақталсын.

Ұмытылмай балабақша вальсі,

Көңілде мәңгі сақталсын.


Қоштасу вальсі


Балалар жарты шеңберге тұрады.


1-тәрбиеші: Бесіктегі баланың

                      Күлгенің көрген бір мұрат

                      Алдына түсіп ананың.

                      Жүргенін көрген бір мұрат.

2-тәрбиеші:Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда

                      Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда

                      Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

                      Балдырған бүлдіршін түлектерді.


1-тәрбиеші:

-Армысыздар, құрметті ата-аналар,қонақтар,әріптестер! Бүгін бізде үлкен мереке! Балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне, бүгін сүйікті ұяларымен қоштасқалы отыр. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Қош бол, балабақшам! » атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2-тәрбиеші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді ,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды .

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.


1-тәрбиеші:

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар ,

Жүректерде арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар .

2-тәрбиеші:

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін

Өздеріңді сағынып біз жүрейік

Құтты болсын қадамдарың аттаған

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!


Ән: « Мектепке енді барамыз»


Балнұр:

Құрметті қонақтар, армысыздар

Бәріңізде есен – аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманын

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Адема:

Сегодня день весений светлый,

Такой волнующий для нас.

Промчится лето не заметно

Нас всретит школа первый класс.

Райяна:

Ағылшын тілінде:

Ю а уелком!Тудей уй сей «Сэнк ю! Гуд бай!»

Ай сей хэллоу,

Ай сей гуд бай,

Киндергадн бай-бай!


1-бала. Қ. Әмина: Балалар, естеріңде ме, ең алғаш балабақшаға келген күндерің? Біз ата-анамыздан қалмай жылаушы едік қой. Енді міне, сол бақшамызбен қимай қоштасқалы тұрмыз.

2-бала – Бексұлтан: Иә, қасық ұстауды да білмеуші едік. Енді қолға қалам, қарындаш ұстап , сурет салуды да үйрендік.

3-бала: Ж.Еркежан: Біз дұрыс сөйлеуді де білмейтін едік, енді міне ән айтып, тақпақ жаттайтын болдық.

4-бала: -Дарын: біз сүрінбей жүре алмайтын едік, енді міне , мың бұрала би билейтін болдық.

5-бала- Елдана: Менің есімде , өзіміз киініп, жуына алмайтынбыз. Ал,қазір өзіміз киініп, жуынып, төсегімізді де жинайтын болдық.

Балнұр: Ендеше, осындай жағдайға жеткізген апайларымызға тақпақтарымызды арнаймыз .

Балнұр

Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамыз.

Адема

Балабақшам сүйікті,

Ән салдыртты, билетті,

Шынықтырып денеңді

Шымыр болуға үйретті.

Нұртілеу

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын ашамыз .

Бақшамызды қимай біз,

Қоштасу әнін саламыз .

Әділжан:

Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз.

Әнел:

Бірге ойнап, бірге күліп,

Бақшамызда бір жүрдік.

Сурет салып, биде билеп,

Ән салыпта үйрендік.

Медина:

Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

Алихан:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Тұрмыз міне жараса.

Інжу

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен,

Біз мектепке барамыз.

Ән: «Сәлем саған, мектебім!»


1-тәрбиеші:

Өнерсіздік зор айып,

Ән мен күйге басайық.

Арасында тағы бір

Биден шашу шашайық

«Теңізшілер» биі


Әділжан: Біз апайларымызға деген жылы лебізіміз бен алғысымызды тақпақтар арқылы жеткізгіміз келеді.

Қ.Әмина:

Орын берген бақшадан,

Меңгеруші жақсы адам.

Біз айтамыз мың алғыс,

Айнұр Алтайқызына!



Райяна:

Қуансақ бірге қуанған,

Күлімсіреп қараған.

Әдіскері бақшаның

Айнұр апайды сағынам.

М.Дарина:

Спасибо нежно говорим,

Мы воспитателям своим

Еще признаемся мы вам,

Похожи вы на наших мам.

Дарын:

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде әбігер болатын,

Дәрігер Айгүл апайға мың алғыс!

Елдана:

Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі,бәрі дап-дайын,

Қамымызды ойлаған,

Сәуле апайға мың рахмет!

Санжар:

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып психолог апаймен

Біз мектепке барамыз

Диана апайға Мың алғыс .

Тоғжан:

Күй сандықтан күй төгілткен,

Әр мейрамда ән үйреткен.

Мың бұралтып би билеткен,

Рахмет сізге Зүлфия апай!

Бексұлтан:

Тәтті тамақ пісіретін,

Айран сүтін ішкізетін,

Аспазшылар сіздерге

Айтамыз бізден мың алғыс!

Р.Еркежан:

Ақ төсекке жатқызып,

Тәтті тағам ұсынған,

Бала болып ойнаған,

Күтуші Күлпаш апайды сағынам.

Ж.Еркежан:

Қыс, көктем, жаз, күзде де,

Бізбен бірге жүрдіңіз.

Үйреттіңіз әркезде

Ұқыпты таза жүруді.

Тәрбиешілерге айтамыз мың алғыс !


Ән: «Біз бақытты баламыз»


2-тәрбиеші:

-Достар , «Мектеп –кеме,білім-теңіз» деген, ендеше, біз бүгін сол теңізге саяхатқа шығуға дайынбыз ба?


Музыка әуенімен Білім ханшайымы келеді.

Білім ханшайымы : -Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа енді жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер!

Өсті ақыл-ойларың

Өсті,міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

-Мен «Білім» ханшайымы, сендердің білімдеріңді сынағалы келдім. -Балалар,

сендер білесіңдер ма, «Білім» теңізіне тек білімді, өнерлі, тәртіпті, ақылды балалар ғана бара алады. Ал, жолдамалар сендердің дайындықтарыңа қарай беріледі. Ендеше, жолдамалар мынадай:

1-жолдама: «Сандар еліне» беріледі. Ол үшін тақтада берілген сандарды кім санап береді? (1-5-ке дейін тура және кері санау, үш тілде санату).

2-жолдама: «Жұмбақтар еліне саяхат». Жұмбақ шешуге қалай екенсіңдер, көрейік.

1-жұмбақ:

Тұрады ол сөреде,

Іші толы өнеге. ( Кітап)

2-жұмбақ:

Өзі сөйлей білмейді,

Жүрген ізі сөйлейді. (Қаламсап)

3-жұмбақ:

Тілден ұшып,

Құлаққа қонады. (Сөз)

2-тәрбиеші: Ал, Білім ханшайымы, енді балалардың ата-аналарымен бірге, мектепке қалай жылдам дайындалатындарын, «Мектепке дайындық» ойыны арқылы байқап көрейік.

Бала сумка жинайды. Анасы гүл шоғын дайындап, шар үрлейді.

Бірнеше бала мен анасын ортаға шығарып ойнату.

1-тәрбиеші:

Көк аспанда күлсін күн,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін – дей отырып,

бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Елтаңбасы елімнің» атты әнін қабыл алыңыздар.


Білім ханшайымы: -Ой,бәрекелді,жарайсыңдар!Сендер менің сынағымнан

өттіңдер.Сендер шеттеріңнен білімді, өнерлі, ақылды екенсіңдер. Басқа балабақшаларға да баруым керек. Мен сендермен қоштасайын. Сендерге сәтті сапар тілеймін!

2-тәрбиеші:

Алма ағаштың гүліндей,

Құлпырады қыздары.

Мың бұрала билейді,

Қыздар тобы ырғала – дегендей қыздардың «Жетіген» биін тамашала-ңыздар.


1-тәрбиеші:

«Иә, иә, жоқ, жоқ!» атты дидактикалық ойыны

Ойын шарты: Ортаға балаларының жанына ата-аналарды шақырамын. Балаларға және ата-аналарға сұрақтар қойылады. Олар сұрақтарға тек қана «Иә,иә» немесе «Жоқ,жоқ» деген сөздермен жауап беруге тиіс. Ендеше мұқият болыңыздар

№1. Балаларға арналған сұрақтар:

1.Мектепке біз барамыз ба?

 2.Кілең бестік аламыз ба?

 3.Айтқан тілді аламыз ба?

 4.Ақылды бала боламыз ба?

 5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

 6.Ертеңгісін тұрамыз ба?

 7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

 8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

 9. Екі алсақ жылаймыз ба?

 10. Үлгілі оқушы біз боламыз ба?

2-тәрбиеші

№2. Ата-аналарға арналған сұрақтар:

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2. Кітап оқып,есепке сіз зерексіз бе?

3.Балаңыздың тамағын уақытылы бересіз бе?

4. Қиындыққа әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7. «Оқыту - мұғалімнің жұмысы» деген сөзді айтасыз ба?


1-тәрбиеші:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық.

Қонақтарды тамсандырып,

Биден өрнек сызайық – деп, әсем қыздарымызды «Мамочки» биімен ортаға шақырамыз.


2-тәрбиеші:

Балабақша түлектерін марапаттау балабақша әдіскері Жумашева Айнұр Жұмашқызына беріледі.

Дипломдар, алғыс хаттар сыйлықтар тапсырылады.

1-тәрбиеші:

Бір ата, бір ананың тірегісіңдер,

Бір болсын қайда жүрсеңдерде тілектерің.

Бірлік бар жерде, тірлік бар деген ата- бабам,

Достықпен, бірлікпен бірге соқсын жүректерің – дегендей бүгінгі түлектеріміздің флеш – мобтарын қошеметпен тамашалайық.

«Күншуақ»ортаңғы тобының орындауында Флеш - моб

1-тәрбиеші:

Той дегенің қуаныш

Сыйлар барлық балаға

Құттықтаусыз сірә да

Тойдың сәні бола ма?

Жүргізуші: Мектепке бастар жол алдында балабақша меңгерушісі

Назарханова Айнұр Алтайқызының лебізін тыңдағымыз келеді.


2-тәрбиеші:

Ажырамай бақшадан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз – деп ата – аналарымыздың атынан ??? сөз кезегі беріледі.

Ата – аналар сөйлейді.

Тәрбиешілер:

Ата – анаң бір бәйтерек,

Саясы мол саялар.

Ананың жаны – жазғы нұр,

Сыйлаған өмір баршаға.

Тәрбиешілер атынан ән: « »


1-тәрбиеші:

«Жаңбырменен жер көгерер,

Батаменен ел көгерер» - деп

Салтымызды ырымдап,

Бата берсін үлкендер.

_______________ әжеміз бүлдіршіндерімізге ақ батасын берсін.


(Кеменің даусы естіледі)

2-тәрбиеші:

Балалар, «Мектеп – кеме, білім - теңіз» деген, сендер енді «мектеп» атты кемеге мініп, «Білім» теңізіне сапарға аттанасыңдар.

Сәт сапар!

Тілеп сендерге,

Қимай тұрмыз сендерді.

Алдарыңнан «Болашақ білім ордасы» мектептің есігі айқара ашылсын!

Біз сендерге ақ жол тілейміз!

Балалар қол бұлғап шығып кетеді.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Автор: Копесова Назым Амангельдиновна

Дата: 24.02.2019

Номер свидетельства: 501296

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(47) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "283367"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822246"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii1"
    ["file_id"] => string(6) "283368"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822258"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сценари "?ош бол,балаба?шам!""
    ["seo_title"] => string(32) "stsienari-k-osh-bol-balabak-sham"
    ["file_id"] => string(6) "328366"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463603803"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(27) "balabak_shamien_k_oshtasu_1"
    ["file_id"] => string(6) "415608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494861200"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства