kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашык сабак

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?леметсиздер ме! Мен ?з ?ріптестіреммен т?жірибе алмас?ым келеді. Барлы?ы?ызды? ?стазды? е?бектері?ізге жетістіктер тілеймін! Мен сиздерге жиберип отырган сабагымды колледжді? ІІ курс студенттеріне ашык сабак ретінде ?ткіздім. Студенттерді? п?нге, та?ырып?а ден ?ызы?ушылы?тары мен білімдері жо?ары болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашык сабак »

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі


















Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының

хантәңірі




Тобы: 01-к-АШТМ




Өткізген: Гаухар Бопасова


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі













Индербор кенті

2012-2013 оқу жылы


«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

_______ Т.Қосымбаева


Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев – қазақ лирикасының хантәңірі

(қорытындылау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік

Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, пысықтау

  1. Дамытушылық

Студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

  1. Тәрбиелік

Студенттерді елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ- жауап, өз бетімен жұмыс- сөзжұмбақ шешу, тест орындау, бес жол өлең құрастыру

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы

Пәнаралық байланыс:

Тарих

Сабақтың көрнекілігі:

Мультимедиялық тақта арқылы көрсетілетін ақынның суреттерінен слайдтар, аудио және бейне жазбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Мағжан Жұмабаевтың «Бәрінен де сен сұлу» өлеңін тыңдату

  • Орындалған ән сіздерге таныс па?

  • Тақырыбын атаңыздар?

  • Сөзі мен әнінің авторы кім?

Ендеше, студенттер бүгінгі сабағымыз қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерімізді еске түсіріп, қорытындылауға арналады.

Бүгінгі сабағымызды 3 топтың сайысы ретінде өткізгелі отырмыз.

  1. «Жарық жұлдыз» тобы- Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы сыр шертеді.

  2. «Талантты дарын» тобы – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, яғни өлеңдері туралы сөз қозғайды.

  3. «Қайталанбас тұлға» тобы- Мағжан Жұмабаевтың артына қалдырған мол мұралары- поэмалары туралы сыр шертеді.

І кезең «Өткенді еске түсіру»

«Жарық жұлдыз» тобына қойылатын сұрақтар:

  1. М.Жұмабаев кім, ол қандай ақын?

  2. М.Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.

  3. Творчествосының басталуы.

  4. Ақындық жолы.

  5. Қоғамдық қызметі.

«Жарық жұлдыз» тобының жауаптары

  1. Ақын өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім?» атты өлеңінде аңғартып өтеді.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.

  1. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.

Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.

  1. Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығармаларын жарыққа шығарады.

  2. 1923-27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды. 1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды. 1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

«Талантты дарын» тобына қойылатын сұрақтар:

  1. М.Жұмабаевтың қандай өлеңдерін білесіздер?

  2. М.Жұмабаев қандай тақырыпта қалам тербеген?

  3. М.Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыздар?

«Талантты дарын» тобының жауаптары:

  1. Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Оның көптеген

өлеңдері бар. Алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» деген атпен жарық көрген.

Мағжан Жұмабаев шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы- қасірет, күйініш те, сонымен қатар романтика, өршілдік, махаббат, арман, мақсат, үміт те бар. Сонымен қатар ақынның өлеңдерінде тарихты түсіну, ақиқатқа көз жеткізу, болашақты болжай білу жайы да бар.

Мағжанның табиғат тақырыбын жырлаған «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Жел» атты өлеңдерінде әсем табиғат, сұлулық, табиғат құбылыстары, табиғат пен адамның байланысы анық көрінеді.

  1. Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби-көркемөнер институтында оқып жүргенде орыс және Батыс еуропа әдебиетін беріле оқыған. Соның ішінде неміс, ағылшын, француз ақындарының шығармаларына ден қоя оқыған. Мағжан поэзиясынан оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білуге болады. Ақынның «Түркістан», «Қазақ тілі», «Қазағым» т,б, өлеңдерін ерекше атауға болады.

«Қазақ тілі» өлеңін аудиожазбадан тыңдату

  1. Мағжан ақынның жүректі жарып шыққан өлеңдерінің үлкен бір тобы- махаббат лирикасы. «Гүлсімге», «Сен сұлу», «З-ға», «Р-ға» өлеңдері қазақ қыздарына, олардың сыртқы да ішкі сұлулықтарын сүйсіне жырлайды. Оның дәлелі сабақ басында тыңдаған «Бәрінен де сен сұлу» өлеңі.

  2. Мағжан өлеңдерінің ішіндегі біз секілді жалынды жастарға үлкен сенім артқан, жақсылыққа, болашаққа жарқын жол тілеген өлеңі- «Мен жастарға сенемін».

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

«Қайталанбас тұлға» тобына қойылатын сұрақтар:

  1. М.Жұмабаевтың қандай поэмаларын білесіздер?

  2. «Ертегі» поэмасындағы ақынның айтайын деген ойы қандай?

  3. «Қорқыт» поэмасының мазмұны қандай?

  4. «Батыр Баян» поэмасының мазмұны қандай, қандай оқиға баяндалады?

«Қайталанбас тұлға» тобының жауаптары:

  1. Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазуда аса өнімді еңбек еткен. Оның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» поэмалары бар.

Мағжан поэмасында әлеуметтік оқиғалар, сұлулық, махаббат, ашу- ыза, табиғат сырлары, алауыздық, берекесіздік, өмір мен өлім туралы шебер жырланған.

  1. 1926 жылы жарық көрген «Ертегі» поэмасы да аса қызық құрылған поэма. Поэма оқиғасы ертегіге ұқсас. Әңгіме төркіні- мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал соғыс. Оқиға шығыста, бау- бақшалы мекенде өтеді. Жүзім шарабын ішіп масайраған тышқан, мысықты тілдейді, оны естіген мысық әлгі сорлыны жеп қояды. Бұдан әрі мысық пен тышқан арасындағы соқтығыс күшейе түседі.Ақырында тышқан көптігін жасап, оны жеңілуге мәжбүрлеп, мысық патшасын қуып, тақтан түсіреді. Бұл мысалда ақын 1905 жылғы революцияны, жұмысшылар мен шаруаларды сынап, берекесіздікті айтады.

  2. Мағжан Жұмабаев «Ой», «Мені де өлім әлдиле», «Зар» т.б. өлеңдерінде өлім жайын айтып, көп толғаған. Осы тектес тақырыптағы «Қорқыт» поэмасында ежелден белгілі өлімнен қашатын Қорқыт жайын шабыттана жырлап, өлімнен қанша қашсаң да алдыңнан соншалықты қабір тұруы мүмкін деген тұжырым жасайды. Поэма соңында:

Өмірде арманым жоқ- Қорқытқа ерсем,

Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.

Жас төгіп, сұм өмірде зарлап – сарнап,

Құшақтап қобызымды көрге кірсем,- деген түйін жасайды.

Ақын өмірдің соңында өлім бар екенін, өлімді табиғат заңы екенін насихаттай келе:

Әлде кім адам деген ермек үшін,

Жүректе от ойнайды сөнбек үшін.

Ойланып қалай ғана уланбассың,

Берілсе адамға өмір өлмек үшін,- деп философиялық ұғым айтады.

  1. Мағжан Жұмабаев поэмаларының ішінде күрделісі, сюжет желісі жағынан ерекшесі- «Батыр Баян» поэмасы. Поэмада 18-ші ғасырдағы қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайы сөз болады. Поэмаға Абылай ханның кезінде екі ел арасындағы бейбітшілік пен достық қарым- қатынас орнағанға дейінгі оқиға арқау болған. Кезекті бір айқаста қол бастаушы батыр Баян қалмақтың қызын еліне алып келеді. Батырдың қызға көңілі қатты ауғанымен, қыз ыңғай бермегесін оны қарындас ретінде ұстаған. Алайда қалмақ қызына батыр Баянның інісі Ноян ғашық болып, екеуі елден қашып кетеді. Ашу үстінде батыр Баян олардың көңіл қосып елден қашқандары үшін намысы қысып інісі Ноян мен қалмақ қызын атып өлтіреді. Поэмадан басты кейіпкердің асау мінезін, бірбеткейлігін, бірақ ниетінің ақ екенін көреміз.


«Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсету


ІІ кезең «Білімді сынау»

Міне, әр топ өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді, енді студенттердің білімдерін сөзжұмбақ арқылы сынап көрейік.

1

И

Б

Р

А

Г

И

М

О

В


2

Ж

А

Н


С

Ө

З

І


3

Ғ

А

Л

И

Я


4

Г

Р

А

Ж

Д

А

Н



5

Т

Ұ

Л

П

А

Р



Б

О

С

Т

А

Н

Д

Ы

Қ


Т

У

Ы



«Жарық жұлдыз» тобына сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағының басылып шығуына жәрдем еткен ұстаз татар жазушысы (Ибрагимов)

  2. «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған,

Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маған»,- үзінді ақынның қай өлеңінен алынған?

(«Жан сөзі»)

  1. Мағжан Жұмабаев 1910 жылы Уфа қаласында қандай медреседе оқиды? (Ғалия)

  2. Мағжанның ұлының есімі, бұл есімді ақын Азамат соғысына орай қойған. (Граждан)

  3. Мағжан «Мен кім?» өлеңінде өзін жалынға, арыстанға, биге, патшаға және тағы кімге теңейді? (Тұлпар)

  4. Мағжан Жұмабаев Ақмола губерниясында қандай газетте қызмет атқарады? (Бостандық туы)


1

М

А

Х

А

Б

Б

А

Т





2

С

А

Ғ

Ы

Н

Д

Ы

М



3

Қ

Ы

С

Қ

Ы


Ж

О

Л




4

Қ

А

З

А

Қ


Т

І

Л

І



5

Е

Г

Е

М

Е

Н


Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н




6

Т

А

Ш

К

Е

Н

Т



«Талантты дарын» тобына сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Мағжан Жұмабаев қалам тартқан тақырыптардың бірі (Махаббат)

  2. «Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім»,- үзінді қай өлеңнен алынған? («Сағындым»)

  1. «Екі иінінен дем алып», «ішін тартып», «жер бауырлап жаяулап», «аузы- басы жыбырлап», «сақ- сақ күледі» тіркестері ақынның қай өлеңінен алынған? («Қысқы жол»)

  2. «Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз- бабам тілі сен қалдың»,- өлеңнің тақырыбын тап («Қазақ тілі»)

  1. Мағжанның 1927 жылы «Тоқсанның тобы» поэмасы жарияланған «Еңбекші қазақ» газетінің қазіргі атауы («Егемен Қазақстан»)

  2. 1923 жылы ақынның «Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері» деген кітабы қай қалада басылып шығады? (Ташкент)




1

Ж

Ү

С

І

П

Х

А

Н



2

С

Ұ

Л

У




3

А

Б

Ы

Л

А

Й

Ш





4

С

А

Й

Ф

И


Қ

Ұ

Д

А




5

Қ

О

Р

Қ

Ы

Т



6

П

О

Э

З

И

Я







«Қайталанбас тұлға» тобына сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Мағжан Жұмабаевтың поэмасы («Жүсіпхан»)

  2. «Батыр Баян» поэмасындағы қалмақ қызы қандай? (Сұлу)

  3. «Батыр Баян» поэмасындағы хан (Абылай)

  4. Мағжанға «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде Мағжан Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды» деп пікір білдірген башқұрт жазушысы (Сайфи Құдаш)

  5. Мағжанның өлім- өмір ақиқаты деген тұжырым жасаған поэмасы («Қорқыт»)

  6. Мағжан Жұмабаев әдебиеттің қай жанрына қалам тербеген? (Поэзия)


ІІІ кезең «Шығармашылық шыңдалу»

Бес жол өлең әдісі бойынша өлең құрастыру

  1. «Жарық жұлдыз» тобына

  1. Зат есім 1 сөз - АҚЫН

  2. Сын есім 2 сөз – ДАРЫНДЫ, ТАЛАНТТЫ

  3. Етістік 3 сөз – ЖАЗАДЫ, ЖЫРЛАЙДЫ

  4. Синоним 1 сөз – СУЫРЫП САЛМА

  5. Сөз тіркесі – АҚЫН СӨЗ БАСТАР

БАТЫР ҚОЛ БАСТАР.

  1. «Талантты дарын» тобына

  1. Зат есім 1 сөз – СУРЕТКЕР

  2. Сын есім 2 сөз – ТАЛАНТТЫ, ШЕБЕР

  3. Етістік - САЛАДЫ, БЕЙНЕЛЕЙДІ

  4. Синоним 1 сөз – ҚИЯЛШЫЛ

  5. Сөз тіркесі – МАҒЖАН- СӨЗДЕН БЕЙНЕ ЖАСАУШЫ ШЕБЕР СУРЕТКЕР

  1. «Қайталанбас тұлға» тобына

  1. Зат есім 1 сөз – БАТЫР

  2. Сын есім 2 сөз – ҚАЙСАР, НАМЫСТЫ

  3. Етістік 3 сөз – ҚОРҒАЙДЫ, ҚАМҚОРЛАЙДЫ

  4. Синоним 1 сөз – ЕРЖҮРЕК

  5. Сөз тіркесі – ҚОЯНДЫ ҚАМЫС ӨЛТІРЕДІ,

ЕРДІ НАМЫС ӨЛТІРЕДІ.


IV кезең «Білімді тиянақтау»

  • Енді әр топ студенттеріне 10 сұрақтан тест сұрақтары беріледі. 5 минут уақыт ішінде белгілеп, қарсы топқа береміз сол тест жауабы арқылы білімдеріңіз бағаланады.

  1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тап

А. «Гүлсімге» В. «Адамдық борышың» С. «Анама хат»

2. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауыры

А. Жәнібек В.Ноян С.Абылай

3. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын ата

А. «Шолпан» В. «Маса» С. «Оян, қазақ!»

4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын көрсет

А. «Ескендір» В. «Қорқыт» С.»Күйші»

5. Мағжан Жұмабаетың тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылды?

А. Қазан В. Уфа С. Орынбор


6. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы?

А. Абай Құнанбаев В.Шоқан Уәлиханов С.Ыбырай Алтынсарин

7. Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?

«Тұранның тарихы бар отты желдей,

Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»...

А. М.Жұмабаев «Түркістан»

В. Ж.Жабаев «Сұраншы батыр» С. Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек»

8. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?

А. Жетісу В. Баянауыл С. Бурабай

9. «Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін,

Сол елімді сүйемін»,- өлеңнің тақырыбын тап

А. «Сүйемін» В. «Жас келін» С. «Тұтқын»

10. М.Жұмабаев «Тұтқын» өлеңін қай ақыннан аударған?

А. Лермонтов В. Горький С. Пушкин

Тест жауаптары:

  1. А

  2. В

  3. А

  4. В

  5. А

  6. А

  7. А

  8. С

  9. А

  10. А


Сабақты қорытындылау

  • Бүгінгі «Мағжан Жұмабаев- қазақ поэзиясының хантәңірі» тақырыбында біздер Мағжанның өмірі, өлеңдері және поэмаларын тағы да қайталап, сан алуан сұрақтарға жауап таптық.

Ірi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген. Ол тәрбие саласын дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi деп төртке бөледі. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Ендеше бәріміз де тәрбиелі де білімді азамат болайық деп сабағымызды аяқтаймыз.

Бағалау

Қойылған бағалардың сапасына қарай топтарға орын беру

Үй тапсырмасы

«Әдебиеті шыңындағы шынар» тақырыбында шығарма жазу






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашык сабак

Автор: Бопасова Гаухар Борановна

Дата: 29.11.2014

Номер свидетельства: 137204

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ашык сабак алгебра 10 сынып"
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk_sabak_algebra_10_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "591252"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1636825009"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Өзін-өзі тану пәнінен 2 сыныпқа арналған ашык сабак тақырыбы: 24 сабак "Жүрек жылуы""
    ["seo_title"] => string(80) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_2_synypk_a_arnalg_an_ashyk_sabak_tak_yryby_24_sabak_zhuri"
    ["file_id"] => string(6) "437993"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510243307"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Астана- арман кала"
    ["seo_title"] => string(17) "astana_arman_kala"
    ["file_id"] => string(6) "374891"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483353513"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "1931-1933 жалдардагы аштык"
    ["seo_title"] => string(29) "1931_1933_zhaldardaghy_ashtyk"
    ["file_id"] => string(6) "441018"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511804109"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашык сабак: Астана-арман ?ала."
    ["seo_title"] => string(25) "ashyksabakastanaarmankala"
    ["file_id"] => string(6) "137390"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1417346744"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства