kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1931-1933 жалдардагы аштык

Нажмите, чтобы узнать подробности

1931-1933 жылдардагы аштык жылдары туралы ашык сабак оттим7 Сабак оте манызды әрі тәрбиелі манызы зор болды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1931-1933 жалдардагы аштык»

Сабақтың тақырыбы: §17. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашаршылықтың қалай келгенін анықтау.
Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу
дағдысына үйрену
ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту
б)өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру

Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы
азаматтық тәрбие беру
ә)тарихты оқып,үйренуге және ұлттық намыс
қалыптастыру
б)ерлікке батырлыққа,Отанын сүюге,оған қызмет
етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, ойын, тірек- сызба
Пән аралық байланыс: д.ж.тарихы,қазақ әдебиеті
Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, “Сандар сөйлейді”, “Тұлғаны таны”, “Білімге жорық” ойындары,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, сынып тазалығына көңіл бөлу,
көңілдерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасы:
Үйге берілген тапсырманы еске түсіру үшін ойын тәсілін пайдаланамын.
Бірінші ойынымыз « Сандар сөйлейді» ойыны. Ойынның шарты бойынша слайдта көрсетілген сандарда қандай тарихи оқиға болғанын анықтау.
Екінші ойынымыз « Тұлғаны таны» ойыны. Ойынның шарты бойынша слайдта көрсетілген тарихи тұлға кім екенін анықтап, тарихта қандай із қалдырғанын табу.
Үшінші ойынымыз « Білімге жорық» ойыны. Ойынның шарты бойынша мұғалім өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сол сұоақтардың жауабын табу керек.
1. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ының астанасы және басшысы? Орынбор. С.Меңдешов.
2. Семейдегі кадеттер ұйымының газеті? «Свободная речь»
3. Алаш партиясының жетекшісі? Ә.Бөкейханов
4. Алаш партиясына қарсы оппозиция партиясы, жетекшісі? «Үшжүз» партиясы. К.Тоғысов
5. Қазақстанда кеңкс үкіметі бірінші қай қалада құрылды? Перовск
6. Түріксіб теміржол құрылысының тез аяқталуына түрткі болған? Т.Рысқұлов
7. Теміртау кен орнын ашуға себепші болған? Қ.Сәтпаев
8. «Қосшы одағы» қашан құрылды? 1921ж
Жаңа сабақ:
I. Слайдта көрсетілген тірек- сызбалар арқылы мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.
№1 Слайд

№2 Слайд
Ұжымдастыру:
 1927ж
 КП ХҮ съезі жариялады
 1929ж ІІ жартысынан бастап жедел дамыды
 Күштеп, жаппай
 1932ж көктемде аяқтау көзделді
 1931ж. 65℅

№3 Слайд

Шу ауданында 400 киіз үй поселке болып тігілді
№4 Слайд
Тәркілеу:
 1928ж 27 тамыз;
 «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай федалдарды кәмпескелеу және жер аудару» декреті;
 1 мыңнан астам жартылай федал жер аударылды;
 145 мың мал алынды;
 1931 ж .5500 отбасы жер аударылды.
№5 Слайд

№6 Слайд

II. Слайдта ашаршылық бейнеленген суреттер көрсетіледі соған байланысты оқушылар өлең оқиды.
Байлардың конфескелеп, малын алды,
Астыққа кеңірдектен салық салды.
Құрылған әр ауылда кедей тобы,
Күш-көліксіз, қарусыз бекер қалды.

Күз болды, қара суық, жер тоңайды,
Жаңбыр, бұршақ аралас қар борайды.
Бұрынғыдай мал- жан жоқ қарайтұғын,
Ашаршылық қасқырдай ел ториды...

Қорада байлайтұғын мал қалмады,
Егістікке себетұғын дән қалмады.
Ашаршылық – қара оба, өрт боп келіп,
Құтыла алмай ашыққан ел зарлады.

Қыс түсті, жердің бетін ақ қар басты,
Түсте қөрер болдық біз ішер асты.
Кәрі орнынан тұра алмай, бала – жылап,
Бар ауыл талшық таппай, қатты састы.

Аш адамдар көмпиіп ісіп кетті,
Өлімге мойынсұнып «пісіп» кетті.
Көзінің бұрынғыдай жанары жоқ,
Салбырап жақ сүйегі түсіп кетті.

Сұраймыз ба, бұл апатқа кім кінәлі?
Мылтықсыз қырып салған барша жанды.
Кейбіреу құрып кетті ұрпағымен,
Кім төлейді жазықсыө аққан қанды?

Қырылмаса аштықтан бауырларым,
Соғыста да құрбан ғып шыбын жанын.
Қазақ деген қандай ел болар едік,
Көркейткен байлығымен әлем сәнін!

Мұғалім: бұл сұмдықты Сталин, Голощекин сияқты ел басшылары біле отырып, жағдайды түзету үшін еш шара қолданбады. Елдің бас көтерер азаматтары бастарын қатерге тіге отырып, халықтың мұң- зарын, жағдайын басшыларға жеткізді. Ол азаматтар кімдер еді?

III. Слайдтан бесеудің аттары мен суреттері көрсетіледі, олар:
1. Ғабит Мүсірепов
2. Мансұр Ғатаулин
3. Мұташ Дәулетқалиев
4. Емберген Алтынбеков
5. Қадыр Қуанышев
IV. Көрініс қойылады. Шерхан Мұртаза « Бесеудің хаты»
V. Слайд « Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» Міне, оқушылар біз өз тарихымызды ұмытпауымыз керек Бейбіт уақытта жарты халқы аштықтан қырылып қалу қасіреті ешбір халықтың басында болған емес, тек Қазақстанда ғана болған. Сталиндік репрессияның, ашаршылықтың құрбандарын еске алу мақсатында 1992 жылдан бастап 31 мамырда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп атап өтілуде.
VI. Сабақты бекіту:
1. Кіші Қазан идеясының авторы кім? Ф.Голощекин
2. «Ұлы жұт» жылдары? 1930-1932 жж.
3. Саяси қуғын- сүргіндерді еске алу күні? 31 мамыр
4. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандаушылар? Торғайлықтар
5. «Бесеудің хатын» жолдаушылар кімдер? Ғ.Мүсірепов; М.Ғатаулин; М.Дәулетқалиев; Е.Алтынбеков; Қ.Қуанышев.
6. Сталинге хат жазған кім? Т.Рысқұлов
7. 1928ж 27 тамызда қандай декрет шығарылды? «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кампеселеу және жер аудару» декреті
8. Шұбартау ауданында малдың қанша пайызы етке өткізілді? 80℅
9. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан қанша млн халық қырылды? 2 млн-нан астам
10. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың қанша пайызы қырылды? 40℅

ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. §18. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық тақырыбын оқып келу.
2. «Ашаршылық қазақ елінің қасіреті» тақырыбы бойынша «Мен не білдім?»атты ой толғау жазып келу.
ҮІІІ. Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1931-1933 жалдардагы аштык

Автор: Жакипова Маржан Абубакиркызы

Дата: 27.11.2017

Номер свидетельства: 441018


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства