kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АЛТЫН ТЕҢГЕ -ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. Тарихын білуге тәрбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АЛТЫН ТЕҢГЕ -ТӘРБИЕ САҒАТЫ»

Тақырыбы:«Алтын теңге» 
Мақсаты: 
1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. 
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Танымдық ойын. 
Ойынның көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер, алтын теңге, үлестірме карточкалар. 
Ойынның барысы: 
1) Ұйымдастырукезеңі. 
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау. 
ә)Кіріспе. 
б) І кезең. Іріктеу кезеңі. в) ІІ кезең. Мақал сөздің мәйегі. г). ІІІ кезең. Блиц сұрақ. ғ).ІҮ кезең .«Білгенге маржан» видео тапсырма. 
Ойын барысы: 
1.Ұйымдастырукезеңі: 
1-ші жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар, баршамызға 15 қараша Қазақстан Республикасының теңге күні құтты болсын, бүгінгі «Алтын теңге» танымдық ойынына қош келіпсіздер. 
2-жүргізуші: - Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі танымдық ойында сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз. 
1-ші жүргізуші : - Балалар, ойынымызға белсене араласып, зейін қойып тыңдай отырыңыздар, ойын барысында қазір алатын ақпараттарыңыз бойынша да сұрақтар болатынын айта кетейік. 
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан Республикасының да айрықша белгісі ұлттық валютасы теңге. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. 
Ақша-асыл қазына, халық байлығы. 
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды. 
Ал, XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Түркі тілдес халықтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. 
Кеңес Үкіметі заманында білеміз ия балалар, барлық СССР құрамындағы мемлекеттердің бәрінде де айналымда рубль болды. 
Ал, 1991жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы болу керектігі аталды. Сөйтіп, Ұлыбританиядағы «Харисан енд санс» компаниясына тапсырыс жасалып, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізге ұлттық валютамыз теңге енгізіліп, Елбасының бұйрығы бойынша 1993ж. 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді. Ал, алғашқы тиындарымыз Германияда жасалынды. 
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов. 

1- ші жүргізуші: -Ең алғашқы бекітілген тенге купюраларының бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Бүгінгі күні Алматы қаласында ақша шығаратын фабрика жұмыс істейді және Өскемен қаласында металлургия заводында монеталар шығарылады.

Мінекей, құрметті оқушылар, тәуелсіздігімізді білдіретін бірінші белгі ұлттық теңгеміздің шығу тарихын да есімізге түсірдік. Олай болса, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынымыздың әділ бағасын беретін әділ қазы алқасымен таныстырып өтейік. (Әділ қазы алқасымен танысып болғансоң) Ал, ойынымызды Іріктеу кезеңінен бастайық. Ол үшін біз сіздерге түрлі сұрақтар қоямыз, дұрыс жауабын берген балалар ортаға шығады және екі топқа бөлінеді. Ендеше, алға. І Іріктеу кезеңі: Сұрақ – жауап 
1.Ұлы тұлғалары бар, Керек құнды қағаздар (теңге). 
2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан сайланды? (1991жылы1 желтоқсанда) 
3.Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.(Валюта,Ту, Елтаңба және Әнұран) 
4.Қандай жағдайда ту көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады? 
(Екі жағдайда: 1 ) Мелекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда) 
5.Қазақстан Республикасы әнұранының авторларын ата?

(Ж. Нәжміеденов, Н.Назарбаев, Ш. Қалдаяқов) 
6. Рәміздер дегеніміз не? (Мемлекеттерді бір – бірінен ажыратып тұратын нышан - белгілер) 
7.Қазақстан Республикасы туының авторыкім?(Ш. Ниязбеков) 
8.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы кім?(Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков) 
9.ҚазақстанРеспубликасының ұлттықвалютасы қай жылы қабылданды? 10. «Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:(теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,капитал).11. Мемлекетіміздің елбасы? (Н.Ә. Назарбаев). 12.Тәуелсіздік алған елдіңең бірінші айрықша белгісі?( ұлттық валюта). 13.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы астанасы. 14.Айрықша белгісі, Әлемнің тынысы, Байлықтың белгісі (ақша). 
Жүргізуші: - Рахмет, балалар, мінекей ортаға ең шапшаң, ең білгір де ойыншыларымыз келіп қалды. Ендеше, құрметті сайысқа қатысушы балалар, екі топқа бөлініп, топтарыңызға ат қойып, өз топтарыңыздың теңгеге қатысты ұрандарын дайындауларыңызға және топтарыңыздың эмблемаларын дайындауларыңызға 5 мин. Уақыт береміз, ал біз балалар сіздермен .Есқалиева Қарақаттың орындауында тамаша ән тыңдайық. Ортаға әнші шығады. Өлең айтып болған соң. –Рахмет, ал, кане, оң жақтағы топ өздерін таныстыруды бастайды. (топтар кезектесіп аттарын, ұрандарын айтып, эмблемаларымен таныстырады) 
1. Мен«Теңгемін, теңгемін!» 
Қазақ деген елденмін. 
Тәуелсіздік – тұғырым, 
Жарқын менің ғұмырым! 
2.Теңге, теңге, теңгелер, 
Теңге адамға дем берер. 
Тіршіліктің арбасы, 
Теңгеменен дөңгелер. 


Мінекей, құрметті көрермендер, ойынымызға қатысушы екі топпен де таныстық. Олай болса, енді ойынымыздың 
II кезеңі. «Мақал сөздің мәйегі» кезеңіне кезекті берейік. Бұл кезеңде сіздерге мына экраннан мақал мәтелдер беріледі, сол мақалдардың бос орындарын сіздер қажетті сөздермен толықтырасыздар. Сіздерге көмек ретінде тапсырманың бірінші жолында қажетті сөздеріңіз бар. 
Мақал - мәтелдер 
Берілген мақал - мәтелдер арасындағы бос орынғатөмендегісөздіжаз. 
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып, сом, ақшасыз) 
1. _____ тиыннан өсер (теңге). 
Жылқы құлыннан өсер. 
2. Есепсіз ______ жоқ (дүние). 
3. Алтын тапсаң _______ ал (санап). 
4. Ақша кетуге тырысады, 
________ ұстауға тырысады (есеп). 
5. Тамшы да тама берсе _______ болар (дария). 
6.______ оңай, жинау қиын (шашу). 
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ (құлып). 

ІІІ кезең.Блиц сұрақ 
1.Қазақстанның ұлттық валютасы қашан енгізілді?(1993 жыл қарашаның 15-і) 2.Қандай валюта халықаралық болып саналады? (евро, доллар) 
3.Теңгеге дейінгі Қазақстанның ақша валютасы қалай аталған? (рубль) 4.Монеталар және басқа да ақша белгілері туралы ғылым қалай 
аталады? (нумизматика) 
5.Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында қандай номиналды 
Банкноттар қолданыста? (200, 500,1000,2000, 5000, 10000) 
6.500 номиналды банкнотының бет жағында не бейнеленген? (Бәйтерек орналасқан. Банкнота ортасында түрлі түсті жолақтар да үстіне 
номиналдың сан белгісі енгізілген, Мемлекеттік әнұран ноталарының 
фрагменттері. Монументтің солжағында бір түспен ҚР Мемлекеттік елтаңбасы, 
Оң жағында – Мемлекеттік тудың бейнесі. Банкнотаның төменгі жағында 
Ашық қол бейнеленген) ) 
7.Бүгінгі күні Қазақстан территориясында қандай монеталар қолданыста жүр? (1,2,5,10,20,50,100) 
болады 

IҮ кезең. «Білгенге маржан» Видео тапсырма. 
Тапсырма : «Атамекен» үйірмесінің жетекшісі оқушыларға видео тапсырмасын құттықтау арқылы береді. «Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының валюта күнімен құттықтаймын. Балалар, әр елдің өзінің төл валютасы болады, ендеше, мен сіздерге өзім көрген елдердің валютасымен таныстырып өтейін, » 
р елдің валюта атауы әр түрлі Италия – лира, Куба – песо, Үндістан – рупия, Иран – риал, Қырғызстанда – сом, Ресейде – рубль, Германияда – евро, Америкада — доллар, және қолданыста монеталар да бар Ұлыбританияда-фунт, Украинада—гривна, Қытайда — юань, Тәжікстанда —манат, Өзбекстанда –сум, Түркияда – лира, Кореяда—йена, Латвия-лат т.с.с. балалар, ал осы валюталарын аталған мемлекет азаматтары мақтан тұтады және қастерлейді. Сіздер де құрметті балалар, төл валюталарыңызды қастерлей біліңіздер. Баршамызға мерекеміз құтты болсын. 
(лира, песо, рупия, риал, сом, рубль,евро, доллар),(фунт,гривна, юань, манат,сум, лира, йена, лат) 

а) «Қазақстан» 
1.Италия – лира 
2.Куба – песо 
3.Үндістан – рупия 
4.Иран – риал 
5.Қырғызстанда - сом 
6.Ресейде - рубль 
7.Германияда - евро 
8.Америкада — доллар 

б) «Тенге» 
1.Ұлыбританияда-фунт 
2.Украинада—гривна 
3.Қытайда — юань 
4.Тәжікстанда —манат 
5.Өзбекстанда -сум 
6.Түркияда - лира 
7 Кореяда—йена 
8.Латвия-лат 




Қорытынды: 
Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 25 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көкбайрағы биіктеп, арманың өжет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет! 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
АЛТЫН ТЕҢГЕ -ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Автор: Домбаланова Раушан Асеновна

Дата: 19.12.2016

Номер свидетельства: 371112

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Т?рбие са?аты "«Н?р себеле,  ?лысты? ?лы к?ні!»" "
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-nu-r-siebielie-u-lystyn-u-ly-kuni-1"
    ["file_id"] => string(6) "195656"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427952673"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""К?ш басында - Кеме?гер!" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(42) "kosh-basynda-kiemien-ghier-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "207819"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430658344"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""Ал?ыс айту парызым" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(51) "alg-ys-aitu-paryzym-tak-yrybyndag-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "310085"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458923104"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "" 1- желто?сан т???ыш Президент к?ні" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(46) "1zhieltoksantungyshpriezidientkunitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "291134"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455085284"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства