Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік - рухани байлы?»
Тақырыбы:Адамгершілік - рухани байлық
Мақсаты:
Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін және қабылдауларын дамыту, логикалық ойлауларын қалыптастыру Отбасы ынтымағын сақтауға, сыйластыққа, бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білуге тәрбиелеу
Ұйымдастыру бөлімі: Балалармен амандасу. Танысу тренингі ойнатылады.
Ә.Дүйсенбиевтің өлеңі оқылады.
Не деу керек?
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу айқай.
Сенде шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай,
Әжең сенің түскі асқа,
Қанттарды салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Әй-шәйі жоқ салдың қол,
Жөн еді не айтқаның?
Добын апар, Назардың-
Деді ағаң, бармадың
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың,
Сен қай сөзді айтпадың?
І. Қызығушылықты ояту
Үлкен қария балаларын ортаға алып адамгершілік туралы өсиетін айтып, «Бауырсақ» ертегісін бастайды.
ІІ- мағынаны тану
Ерте-ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде кемпір мен шал болыпты. Бір күні шал кемпіріне кемпір - кемпір бауырсақ пісірсеңші деп қолқа салыпты. Кемпір бауырсақ пісіріп, бауырсағы суысын деп терезенің алдына қойыпты. Бауырсақ терезеден домалып қашып кетіпті.Қашып келе жатып алдынан қоянды кездестіреді.
- Бауырсақ-бауырсақ мен сені жеймін,-дейді, қоян
- Қоян-қоян мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін, дейді бауырсақ
Бауырсақ өлең айтып береді (өлеңді оқушыларға айтқызады)
Қоян бауырсақтың жауабына қанағаттанбай мынадай тапсырма беріпті .
Бауырсақ-бауырсақ маған мына тапсырманы орындап берсең мен сені босатамын депті.
Тапсырма: Ана ...м...рге бала ...келген ...лкен ж...рект... ...лы жан
(көп нүктенің орнына әріп қою /ө,ү,і,ә,ү,і,ұ,/)
Бауырсақ бұл тапсырманы орындап домалап жүре беріпті
Бауырсақ домалап әндетіп келе жатса алдынан қасқыр шығыпты.
Қасқыр: - Бауырсақ-бауырсақ мен сені жеймін,-дейді
Бауырсақ: - Мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін, дейді-бауырсақ.
Бауырсақ өлең айтып береді
Қасқыр жауапқа қанағаттанбай былай дейді. - Бауырсақ-бауырсақ егер мен сені жемесін десең мына сұраққа жауап берші, - дейді.
Тапсырма: Ситуациялық сұрақ
Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің керек. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сен не істейсің?
Бауырсақ жауап беріп домалай жөнеліпті.
Бауырсақ домалап келе жатса алдынан аю шыға келіпті.
Аю: - Бауырсақ-бауырсақ мен сені жеймін,- дейді.
Бауырсақ: -Мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін,- дейді.
Аю: - Бауырсақ мен сені жемесін десең адамгершілікке тән қасиеттерді айтып берші,мен сені сонда ғана босатамын,- дейді.
Тапсырма: Адамгершілік сөзін топтастыру
Адамгершілік – кішіге ізет көрсету, үлкенге көмек көрсету, кіші пейіл болу, үлкендерді силау, кешірімді болу, қайырымды болу.
Бауырсақ жауап беріп домалай жөнеліпті.
Бауырсақ домалап келе жатса алдынан түлкі шығады .
Түлкі: Бауырсақ- бауырсақ мен сені жеймін, -дейді
Бауырсақ: - Мені жемеші мен саған өлең айтып беремін,- дейді.
Түлкі қанағаттанбай: - Бауырсақ егер мына сұрағыма жауап берсең ғана босатамын,- дейді.
Тапсырма: Әдеп әліппесі
1.Біреу саған жақсылық жасаса,қызмет көрсетсе, көмектессе, сен не айтуың керек?
2.Сабақ аяқталды, үйіңе жиналып жатырсың.Мұғалімің сені шығарып салып жатыр.Сен не айтуды ұмыттың?
3.Көшеде келе жатып,абайсызда бейтаныс адамды қағып кеттің.Не деуің керек?
4.Дүкеннен келе жатып,көрші атайды көрдің.Ол кісіге не деуің керек?
5.Сен аулада ойнап жүргенде,сіздің үйге алыстан қонақтар келді.Оларды не деп қарсы алуың керек?
Бауырсақ түлкінің берген әдеп әліппесінің сұрақтарына жауап береді. Сөйтіп бауырсақ барлық тапсырмаларды орындап, құтылып шығады.
Балалар, Бауырсақ сендерге көп-көп рахмет айтып, қоштасады.
Қане, бәріміз бауырсақпен қол бұлғап қоштасайық.
ІІІ-толғаныс.
Оқушылар адам бойында кездесетін Адамгершілік және Қатыгездікке тән ортақ қасиеттерін айтады. Венн диаграммасы
Адамгершілік Қатыгездік
Жақсы Қасиет Жаман
Мәдениетті Адам бойында Мәдениетсіз
Жағымды табылады Жағымсыз
Бекіту:
Оқушылар бұлттардағы тапсырмаларды шешеді.
Үлкеннің алдын...
Оқу құралдарын..
Кішіге...
Кішкене баланы..
Үлкен кісіні..
Сабақтан...
Үйге жүгіріп..
Құстарды...
Қызбаланы..
Ата-ананы...
Балалар, сіздерге көп рахмет. Бұлттардан күннің көзін ашып құтқардыңыздар. Осы күндей аспанымыз жарқырап, әр күндерің нұрлы болсын!
Қорытынды: Есіңе сақта! Жақсылықтың жолы жарқын қашанда!
(Балалар осы сөзді хормен айтады)
Балалар, бүгінгі сабағымыздан қандай ой түйдіңіздер?
Бағалау: Жақсы қатынасқан балаларға күн, орташа жауап берген оқушыларға бұлт беру. (Ортасында «Әр күнің нұрлы болсын!» сөзі жазылған)
Қош сау бол! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп бөлісейік.
Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы