Просмотр содержимого документа
«?арым - ?атынаста біз ?андаймыз? »
«Қарым – қатынаста біз қандаймыз?»
Мақсаты: ата – аналар мен оқушылардың бір – бірімен қарым – қатынасын жақсарту, адамгершілікке, шындыққа, достыққа, тәрбиелікке үйрету. Бұл тренингке қатысушылар жаттығу арқылы бір – бірін жақсы білуге, ортада өз ойларымен бөлісуге, ашық болуға, ешнәрседен қорықпауға үйренеді.
Жоспар:
Тренинг жұмысының ережесі
«Қол алысу» жаттығуы
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Көңіл - күй туралы не білеміз?
Қарым – қатынас дегеніміз не?
«Сіз қандай ата - анасыз?» сауалнама
Психогеометриялық фигуралар таңдау
Ой - толғанысы.
Тренинг жұмысының ережесі:
Тыныштықты сақтау. Өз бетінше жұмыс жасау. Уақытты тиімді пайдалану. Белсенділік. Бір - бірімізге сын айтпау.
«Қол алысу» жаттығуы
Мақсаты: ішкі сезімді сезіну. Шеңбер тұрады. Ортада көзі байланған жүргізушіге қолдарын созу. Жүргізуші қолдарын алып амандасады, алдында кім, қыз ба немесе ұл ма? Анықтайды. Осыған байланысты «Сәлеметсіз бе!» деп атын атайды, жылы лебіз білдіреді.
«Менің көңіл - күйім»жаттығуы
Мақсаты: өз көңіл – күйін игере білуге және басқаруға тәрбиелеу.
Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі – түсті фигураның біреуін таңдайды. Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпретацияны оқиды.
Интерпретация: Қызыл – қуанышты көңіл – күй. Қызыл - ұнамды. Сары - жағымды. Көк – суық. Қоңыр – қиналған. Күлгін – алаңдаушы. Қара – күш қуаттың төмендеуі. Ақ – анықталған көңіл – күй.
Көңі – күй туралы не білемі? (сұрақ – жауап)
Көңіл – күй дегеніміз не?
Адам көңілді болғанда қандай күйде болады?
Адам көңілсіз болғанда қандай күйде болады?
Көңіл – күйдің денсаулыққа әсері бола ма?
Қарым – қатынас дегеніміз не?
Адамның бүкіл өмір барысында психикалық процестер мен мінез – құлық қалыптасатын процесс. Адамның көзқарасы төмендегідей сезімдер арқылы қалыптасады.
Коньюктивті: Бұл адамдарды жақындататын, біріктіретін бірлескен іс – әрекетке итермелейтін сезім.
Дизьюктивті: Бұл адамдарды б ір – бірінен алыстататын сезім.
Сіз қандай ата – анасыз? (сауалнама)
Психогеометриялық фигуралар таңдау.
Шарты: Әрбір кісі өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны таңдағанын түсіндіріп кетеді.
И. Панарин тесті бойынша:
- таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.
- таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
- жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
- осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын, қуанышын бөлуге даяр тұратын жандар.
- таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Ой - толғаныс.
Аты – жөні:---------------
Жаттығу барысында мен нені ұқтым?------------------
Мен үшін қажетті болғаны-------------------------
Маған ұнады--------------------------------
Маған ұнаған жоқ----------------------------
Тренингтін соңындағы көңіл – күйіңізді салыңыз.
«Сіз қандай ата – анасыз?»
Ата – ананың аты – жөні:--------------------------------------------
Құрметті ата –ана сіздің шын жүректен жауап бергеніңізге көптен – көп рахмет!
Сұрақтар
келісемін
Кейде ғана келісемін
келіспеймін
Кез келген өзіңізді бар ісіңізді тастай салап баламен айналыса аласыз ба?
Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?
Балаңызбен қарым – қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
Өзіңізді балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кезде, өзіңізді ұстай, игере аласыз ба?
Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
Өзіңіздің басыңыздан өткен, балалық шағыңызды ескерілетін жағдай айта аласыз ба?
Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлық ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
Баланың еркелеген дөрекі мінезінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?
Сауалнаманың нәтижесі:
0 – 16 ұпай: бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен мәселе. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16 – 30 ұпай: сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауакершілікпен ойлану керек.
30 – 39 ұпай: бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.