- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?
а) Жұмбақ шешу.
1. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
2. Не зиян? Не пайдалы?
3. тіс емдейтін дәрігер (стоматолог)
4. Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік)
5. Асқар тауда қара орман (шаш)
6. Тәні саудың (жаны) сау.
IV. Ой қозғау.
- Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.
ә) Тірек схемамен жұмыс
Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Байлық туралы ой қозғау.
Байлық--- ақша
------------ машина
------------ денсаулық
Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.
Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз)
2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)
3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс(
4. Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
б) Көрініс «Кір қоймас»
- Ата-ананың сабын туралы әңгімесі.
VIII. Ойын « Қай заттың орыны алмасты?» Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар.
- Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды?Неліктен?
- Шылым
- Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма?
IX. а) Көрініс: «Тісі ауырған қолтырауын».
ә) Тіс күтімі «Дәрігермен кездесу»
X. Мақал-мәтел
а) 1. Ас адамның арқауы.
2. Ас иесімен тәтті
Табағымен жақсы.
3. Бал ұстаған бармағын жалатады.
4. Өзі тоймастың көзі тоймас.
5. Тәні саудың жаны сау.
6. Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса аузыңды тый.
7. Тазалық - саулық кепілі,
Саулық - байлық кепілі.
8. Демі бардың – емі бар .
9. Денсаулық – зор байлық.
ә) Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар.
XI. ойын. «Сен маған, мен саған»
XII. Ой тұжырымы:
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
«Ұстазым – ұлағатым»
Мақсаттары: Білімділік: Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды құрметтеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өлең шумақтар арқылы ой — өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сахналықбезендіру жабдықтары, дербес компьютер, мультимедиалық проектор не интерактивті тақта
Тәрбие сағатының жүрісі
Балалар, бізге білім сыйлаған жан кім?
Ұстаздар!
Иә. Ендеше, тәрбие сағатымызды ұстаздар күніне арнаймыз.
І бөлім Ұстаздар мерекелеріңізбен!
Ұстаз туралы тақпақтар жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар. Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! 3г сыныбы оқушыларының «Ұстазым — ұлағатым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын
Ән: «Ұстазым менің, ұстазым»
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да, ғылым, дана да.
Ақыл – білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Оқыттыңдар ұл – қызым деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете ұстаздар! (Даир)
Күнім деген, күлім деген,
Қамқор болған ұстазым,
Жаны жайсаң, жайдары жан.
Ұғындырған сөз сазын. (Мадина)
Айта берсек, ұстазға сөз жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.
Айтыңдаршы адам бар ма, өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген. (Жансерік)
Ұстазым екінші адам аялаған,
Біздерге бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп,
Таңертен күнде құшақ жаяды алдан. ( Зарина)
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген. (Жандос)
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар, жанды ұғып.
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік. (Серік)
Ән: Ұстазым
Ұстаздар — ұлттың тірегі,
Ұстаздар – мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі. (Мөлдір)
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын. (Азамат)
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы. (Хор)
Мынау менің сезгенім
Ол – кластың анасы.
Өзінің де
Өзгенің
Баласы – оның баласы.
Қай кезде де, ол анық,
Қайғырмайды өзі үшін,
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін.
Күнде «бестік» алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсың сен,
Бір тал шашы ағарған. (Мадина)
«Ақылшым – мұғалім»(Даир)
Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім
Баулитын өмірге
Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы: І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 4-сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
а/ Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім «Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.
1 оқушы
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
4-оқушы:
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: Анашым Даир мен Мөлдірдің орындауында.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: Атасы мен немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: Өзбек биі Қыздар тобы.
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлендер.