kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұрмыс- салт өлеңдерінің бір түрі – жоқтау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тұрмыс- салт өлеңдерінің бір түрі – жоқтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұрмыс- салт өлеңдерінің бір түрі – жоқтау.»

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар !

Мен, Кәрімов Нұрдәулет, 10 сынып оқушысы сіздердің назарларыңызға ғылыми жобамды ұсынбақпын.

  1. Слайд. Тақырыбы: Тұрмыс- салт өлеңдерінің бір түрі – жоқтау.

Өзектілігі: Жоқтау айту – ұлттық дәстүріміздің бір үлгісі . Оның тәрбиелік мәні зор. Қазіргі кездегі  жоқтаудың  мәні өзгеріп  бара жатыр. Сол себепті жоқтау  өлеңдерді  зерттеу – өзекті мәселелердің бірі және уақыт талабы деп ойлаймын.

Зерттеудің мақсаты: Көне жанрдың өткені мен бүгінгісін салыстыру.

Міндеттері: 1 Жоқтаудың  жанрлық, тақырыптық қырларын ашу;

2 Бұл жанрдың дамуына  үлес қосқан  ақындардың   өлеңдерін пайымдау;

3 Тәрбиелік сипатын ашу;

4 Тағылымын көрсету.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Бұл өлеңдердегі уақыт үндестігі, көркемдік дәстүр жалғастығы сараланды.

  1. Слайд. Зерттеу жұмысының нысаны

1 « Мың бір мақал; Жиырма үш жоқтау , Талғат Арыновтың  «Боздағым» Қазақтың жоқтау жырлары  және  зерттеу жұмысы кезіндегі  қарапайым адамдардан  жиналған жоқтау үлгілерін пайдаландым.

Зерттеу жұмысымның әдісі.

Алға қойған мақсаттарды орындау үшін сауалнамалар таратылып, ой жинақтап жүйелеу, салыстыру, тарихи талдау әдіс-тәсілдері қолданылды. Жұмыстың теориялық негіздері.

Көрнекті ғалымдар: Ахмет Байтұрсынов,  Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Талғат Арыновтың  еңбектері басшылыққа алынды.

Жұмыстың практикалық маңызы.

Жұмыс мазмұнында  айтылған ой-пікір жалпы білім беретін мектептерде қазақ әдебиеті пәнінде, арнаулы курстар мен семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады.



  3-слайд Кіріспе

Адам баласы туғаннан о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң бесiгiнде тербеледi. Ұлттық салт-дәстүр  рәсiмдерiнiң бәрi  өлең-жырмен өрнектеледi.

Өлiктi естiрту, жоқтау, жөнелту рәсiмдерiмен байланысты туған өлең-жырларда  да тәлiмдiк мақсат көзделедi.

Ахмет Байтұрсынов:. Өлген адамның әйелі, иә қызы, иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, өлгенінше бастарына  түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз –– деп түсініктеме береді. [1, 308 б.],

4-Слайд .Өткізген сауалнаманың нәтижесіне тоқталайын.

1 «Өмір бар жерде өлім бар » қазалы күнде жоқтау айту- ұлттық дәстүріміздің үлгісі. Бұл туралы сіз қандай ой қосасыз?

  • Ештеңе қоса алмаймын . 41 %

  • Жоқтау айту қазіргі кезде жоғалып бара жатыр.Себебі үлкен адамдар аз. 3,3%

  • Естіп көрген жоқпын. 10%

  • Адам қайтыс болғанда айтылатын жыр. 16%

  • Адам қайтқан жерде онсыз да қиын ғой, сондықтан жоқтау айтып жұртты қинаудың керегі жоқ. 3,3 %

  • Мұны білу- әр адамның парызы деп ойлаймын. 26,4 %

2 Жоқтау түрлерін білесіз бе?

*Кісі қайтқанда үлкен апа- әжелер айтады. 30 %

* білмеймін 39 %

Естуімше өте көп. 12 %

Жоқ 19 %

3 ХХІ ғасырда жоқтау айту керек пе?

ХХІ ғасыр болғандықтан оның маңызы жоқ.Өсіп келе жатқан жастар оны түсінбейді 15 %

  • Жас жеткенде айтуға болады. 6 %

  • Ия 20 %

  • Айту керек. 19,5 %

  • Керегі жоқ 28 %

  • Менің ойымша, қажеті жоқ. Адамның тірі кезінде қадірлеу керек.Ал қайтқаннан соң өлікке одан тиер пайда жоқ 4,6

  • Салт- дәстүрді насихаттау, келешек ұрпаққа жеткізу керек. 6,9

Бұл нәтиже ұлттық дәстүрімізге қауіп төнгендігін көрсетеді. Ұлттық құндылықтарды қастерлеу, дәріптеу – баршамыздың борышымыз деп ойлаймын.

1.1  Жоқтау тарихы

Академик Әлкей Марғұлан: «Жоқтау -әдебиеттің ең ескі түрі. Ол адамдардың дүниеден көшкеніне өкініп, оларды еске түсіру ретінде айтылған жыр- деген ой айтқан.

Ауыз әдебиетіндегі “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр”, “Ер Тарғын” сияқты батырлар жырлары мен “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек” сияқты ғашықтық жырларында да кездеседі. Қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Сондай-ақ жоқтау қаралы хабарды кеш алған сыйлы адамдар келгенде де айтылады.

1.2 Жоқтау түрлері

Ғалым Тоқтар Арынов жоқтауды үш түрге бөледі.  1 Күй жоқтау - өлген азаматтың балалары (көбінесе қыздары) шығарған, солар айтқан жоқтаулар. 2 Ән жоқтау- өлген азаматтың анасы не жұбайы шығарған жоқтаулар. 3 Жыр жоқтау - белгілі бір ақын, жыраулар шығарған жоқтаулар.

Қазақтың салтында «ақтай жоқтау» деген дәстүрде кездеседі. 

1.3 Жоқтау дәстүрінің ғұрыптық мәні.

Жоқтаудың негізгі міндеті – аруақты тәрбиелеу. Адам өлсе де, оның жаны тірі, ол біздің не айтып, не ойлап отырғанымыздың бәрін біледі. Сондықтан оның аруағына тиісті  ғайбат  сөздер айтпау керек.

Қазақтар жоқтаудың биік дәрежелі көркем өнер сатысына көтеріп айтқан. Сол арқылы «о дүниеге» кеткен адамды өлтірмей, оның тарихы азаматтық болмысын көркем сөзбен бейнелеп берген.

Жоқтау — әркез жеке-жеке айтылады: сүйек шығарғанда, жерлеп келгенде, кісі көңіл айтып келгенде, қонақасыдан тарап жатқанда бөлек-бөлек жоқтау айтылуы керек.

Жоқтау өлеңдердің  тәрбиелік мәні.

Жоқтау - адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі . Жоқтау – қайғыны басатын, қаралы салттың бір түрі. Жоқтаудың дінге қатысы жоқ..

Өмірден озған адамның артынан тәуір сөздер айтылып, асқақ баға беріледі. «Жайықтың бойын жайлай бер, шалғынға бие байлай бер», тіпті «Артыңда қалған бауырыңа Қасыңнан орын сайлай бер» дегендей жоқтаудың жолдарынан осыны аңғаруға болады. Сөйтіп жоқтаушы дүниеден өткен адамның болашағынан өзін бөлек санамайды. Бір күні бәрінің бұл жалғаннан ұзайтынын біледі. Оған қоса кейбір адамдар қайтқан адамды жоқтау сөзін жазып, соңына қалдырады.

Жамбыл атамыз Ұлы Отан соғысының қан майданында баласы Алғадай қайтыс болғанда бар шерін өлеңмен шығара білді. Оның «Алғадай туралы», «Сарғайып атқан таң ба екен?», «Алатауды айналсам» атты өлеңдері қазақ поэзиясындағы жоқтау жанрын толықтырды.

Халық әдебиетінің жоқтау жанрын дамытқан ақындардың бірі – Көдек Байшығанұлы. Қазір ақынның отызға жуық жоқтау-дауыстары бар.

Ұлы Абай атамыз да : «Өлеңмен жер қойнына кiрер денең” деп жырлап жоқтаудың өркендеуіне зор үлес қосты. Бұл тұста Әбдірахманға шығарған тоғыз  жоқтау , Оспанға шығарған үш жоқтауы ұлттық таным мен қазақ дәстүрлі мәдениетін танытар көрсеткіш ретіндегі орны ерекше..

Белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Мұса» (Шорманов) атты жоқтауы - (345 жол) қазақ әдебиетіндегі ең бай, әрі ең көлемді жоқтаулардың бірі.

Ахмет Байтұрсынов жинап, реттеп, сұрыптап 1926 жылы Москвада «23 жоқтау» деген атпен бастырған фольклорлық мұрасы жоқтау жырларының асыл қазынасы.

Қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23 жоқтауда трагедиялық жырлар берілген. Бұлардың ішінде Бапай батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Исатай мен Махамбет сынды бірнеше тарихи тұлғалар, түсініктемелерде дәлді деректер бар. Бұған дәлел ретінде «Қаздауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауы».

Жоқтау  айту орыс халқында да болған.Бірақ орыс халқында жылау айту,бір-ақ қалыпты, жаттамалы болған.

Қорытынды

    Қазалы күнде жоқтау айтудың ешқандай ерсілігі жоқ. Бұрын үлкендер  мұн­дайда: “Жылап ал, көңіліңді босатып ал, қасіретті ішіңде сақтама, запыраныңды шы­ғарып қал”,– дейді екен. Ал, қазір : “Жылама, көзіңнің жасын көрсетпе, ұят болады, дертің ішіңде болсын” дейтіндер бар. Мұны естігендер жұрт көзінше жылауды  әбес көріп, жоқтау айтпақ түгілі жылауға да ұялатындар кездесіп жатады.  Анасы өлгенде , әкесі өлгенде, не бауыры  өлгенде жыламаған  балалар өсе келе нағыз  тасбауыр болып шықпасына кім кепіл? Солай болатынына иманымдай се­немін. Өйткені, мына жарық дүниеде ата -ана­­дан артық, бауырдан артық не бар?!

Бақиға жоқтау айтылмай аттанған адам – жоқталмаған адам. Демек, ол кісінің жақсы істерін жеткізае алмаған артында қалғандарға сын. Сондықтан жоқтаудың тәрбиелік мәні де зор. Сол себепті де бүгінгі  күні  жоқтаудың сөзіне, әніне, сазына мән беруі керек.

Ұсынылған негізгі тұжырымдар:

1 Жоқтау – көне жанр.

2 Тәрбиелік үлгі — өнегесі бар, мәдениеттілік пен адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі.

3 Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт.

Барымызды бағалай білейік!



Пайдаланған әдебиеттер.

1.Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. – 408 б.

2.Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі (XVIII–XIX ғғ. деректері бойынша).Смағұлов Ержан Мәлікұлы. Диссертациялық жұмыс.- Алматы. 2007.40-41б.

3Байшығанұлы К. Қайтейін жалған дүние. Алматы: Толғанай Т, 2008. 336 б.

4«Мың бір мақал; Жиырма үш жоқтау.» Алматы:Қазақстан 1993ж 44-45 б

5Т. Арынов «Боздағым» Қазақтың жоқтау жырлары. – Алматы, «Жазушы» 1990. – 5-11б.

6Т. Арынов «Жырмен қаланған ескерткіш» (Жоқтау өлеңдерінің шығу тарихы) Қазақстан әйелдері.  № 1 – 26 б.

7«Егеменді Қазақстан» №90-93  12 Наурыз, 2010 жыл

8.Болат Құрманғажыұлы. “Қар­ға адым жерде қаза бар”

9 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.

10.Ф.Оңғарсынова  өлеңдер жинағы










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Тұрмыс- салт өлеңдерінің бір түрі – жоқтау.

Автор: Есетова Алтыншаш.Карим Нурдаулет

Дата: 19.02.2017

Номер свидетельства: 393523

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Краткосрочный планирование по казахскому литературе "Т?рмыс-салт жырлары""
    ["seo_title"] => string(78) "kratkosrochnyi-planirovaniie-po-kazakhskomu-litieraturie-tu-rmys-salt-zhyrlary"
    ["file_id"] => string(6) "289872"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454866676"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Салт ?ле?дері мен бата - тілек жырлары"
    ["seo_title"] => string(42) "salt-olien-dieri-mien-bata-tiliek-zhyrlary"
    ["file_id"] => string(6) "283185"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453801867"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Салт ?ле?дері мен бата-тілек жырлары"
    ["seo_title"] => string(36) "saltoliendierimienbatatiliekzhyrlary"
    ["file_id"] => string(6) "285963"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454260715"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Т?рмыс- салт жырлары "
    ["seo_title"] => string(21) "tu-rmys-salt-zhyrlary"
    ["file_id"] => string(6) "157480"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421596506"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Т?рмыс-салт жырлары"
    ["seo_title"] => string(23) "tu-rmys-salt-zhyrlary-1"
    ["file_id"] => string(6) "280818"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453438874"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства