Просмотр содержимого документа
«Тазалық- денсаулық кепілі»
Сыныптан тыс
Тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Мақсаты: Оқушыларға денсаулық адам баласының тозбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру. Дамытушылығы: Оқушыларға салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әрекеттерден аулақ болуға үйрету. Тәрбиелілігі: Жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру. (қол жуу, тіс күту, көзді сақтау, дене бітімін сақтау) күн ережесін (тамақтану, ойнау, сабақ оқу, дем алу, ұйқы, серуен) дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру. Әдісі: топпен жұмыс,сұрақ жауап, сахналық көрініс, ойын,мақалдар, жұмбақтар. Көрнекілігі: Жеміс - жидектер суреттері, слайд I Кіріспе бөлім.
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз
Құстай қанат қағамыз
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз
Тақырыптың ашылуы
Сахналық көрініс
Аяжан және Анель Сабақ барысы: Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Әр топ өз аттарын қорғау керек.
I топ- Тазалық
II топ- Денсаулық
II Оқушылар слайдтағы суретті түсіндіруі
Балалар назар аударыңыздар суретке қарап не айтамыз.
Денсаулық досы-тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.
«Денсаулық» сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
Бір оқушы шығып тісті қалай тазалау керектігін корсетеді. III. Сахналық көріс
Тазалық сақтау
IY. Ойланайық, пікірлесейк.
Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет?
Денсаулықтың досы кім?
Өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Y.Бейнеролик
Бейнероликке назар аударыңыздар.
Оқушылар осы бейнероликтен не түсіндіңдер?
YI. Бір-бірімізге тақырып аясында жұмбақ жасырып көрейк Денсаулық және Тазалық топтары бір біріне жұмбақ жасырады.
Ал, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болсада,
Шешпей оны қоймайық.
Бес сауысқан,
Бір сауысқанның басына
Тас жабысқан.(Саусақ,тырнақ)
Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкейсең
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың
Бұл не?(Сабын)
Үй ішінде
Отыз екі батыр,
Кіргендерді
Отап, турап жатыр.(Тіс)
Мақал-мәтелдер
Бүгінгі тақырыбымызға байланысты қандай мақалдар білесіңдер
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Тазалық-денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Денсаулық кепілі тазалық.
Ағаш-тамырымен
Адам тамағымен.
Қорытынды:Жүректен жүрекке
Өздерің жақсы көретін адамдарға тілектеріңді жазыңдар
Оқушылар ата-аналарына, достарына, ұстаздарына өз тілектерін жазады.