kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тазалы? - денсаулы? кепілі" атты т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

1. Денсаулы?ты? адам ?мір с?руі ?шін аса ?ажеттілігін, оны са?тай білуді? адам ?міріндегі ма?ызы, микробтарды? а?за ?ауіптілігін, кір ?олды? ?андай аурулар?а ?шыратынын, ж??палы аурулардан са?тану жолдарын т?сіндіру.

2. О?ушыларды білімділікке, салауаттылы??а ?мір с?руге баулу. О?ушыларды? ?з ойларын айта білуі, ?здері ой - т?йін жасай білу да?дыларын дамыту.

3. Денесін шы?дауда шымыр да шапса? ??ыпты да жина?ы, ортаны таза ?стап аялау?а, ?з денсаулы?ын к?те білуге, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? барысы:

 І ?йымдастыру кезе?і
Психологиялы? дайынды?
Айнала?а ала?анмен

Жылулы?ты шашайы?,

Тілек тілеп, к?лімсіреп,

Жа?а саба? бастайы?.

-Балалар, б?гінгі т?рбие са?атымызды? та?ырыбын осы с?зж?мба?тан біле аламыз. (слайд)

С?зж?мба?ты шеше отырып, «Тазалы? – денсаулы? кепілі» атты т?рбие са?атымызды бастаймыз.

 Тазалы? туралы айт?анда, ойымыз?а не келеді?

«Тазалы?» с?зін топтастыру.

  -Балалар, тазалы? дегенді ?алай т?сінеміз?

      Ж?пар иіс                               Тазалы?                 гигиена

         щетка                                                                    денсаулы?

             жылтыр    кір жуу  таза киім   т?ртіп         ша?сор?ыш

 (Осы кезде есік ?а?ып, бір о?ушы сынып о?ушыларыны? атына с?лемдеме  келгенін хабарлайды)

- Балалар, б?гін бізді? тазалы? туралы  та?ырыбында т?рбие са?атымыз болатынын біліп, Кір?оймастан арнайы с?лемдеме келді.  Ол тазалы?ты ?те жа?сы к?реді. Сендер оны танисы?дар ма?

 - Балалар, Кір?оймас бізге не жіберіпті, танысайы?…. (с?лемдемемен таныстыру). Шы?арамын.

-Балалар, б?л заттарды? б?рі не? Не ?шін керек? (тазалы?ты са?тау ?шін )

- Ал тазалы?ты са?тау не ?шін  керек? (деніміз сау  болу ?шін)

-Ал денсаулы? адам?а керек пе?

 ?рбір адам ?з денсаулы?ыны? мы?ты болу жолдарын ?арастыру керек. Дені сау адамны? к??іл - к?йі к?тері?кі болып, е?бекке ?р?ашан ??лшына кіріседі. Хал?ымыз «Дені сауды? – жаны сау» деп орынды айт?ан. Бізді? ?мірімізді жары? ?ылатын,  ?мірдегі басты байлы? не деп ойласы?дар?

О?ушылар: Денсаулы?

- Денсаулы? – зор байлы?. Денсаулы? болса, б?рі де болады. Дені сау адамны? к??ілі шат, ?мірі ба?ытты.

Астында ?ымбат к?лік, біра? ?атты ауырады. Ол адам ба?ытты ма ?
Миллион те?ге а?шасы бар, біра? ауырады. Ол адам ба?ытты ма ?
3 ?лкен ?демі ?йі бар. Біра? ауырады – ол адам ше? Жо?.
Ал сонда д?ниедегі е? басты ба?ыт не екен ?
- Денсаулы?.
- ?андай ма?ал білеміз?
- Денсаулы? – зор байлы?.
Б?гінгі т?рбиелік іс- шарамызды? та?ырыбына байланысты ??гімеміз тек денсаулы? ж?нінде болма?. Денсаулы? деген с?з- денені? саулы?ы деген ма?ананы білдіреді. Денені? сауы – сыр?аудан аман, ?айратты, жігерлі, к??ілді? к?тері?кі болуыны? ?зі – денсаулы?ты? белгісі. Ендіше «Денсаулы? – зор байлы?»деп хал?ымыз айт?андай, денаулы?ты еш н?рсеге те?еуге болмайды, адамдар бір- біріне бірінші денсаулы? тілейтіні себебі, міне, осында. Дені сау адам,?рдайым к??ілді, ж?зінен шатты? н?ры т?гіліп ж?реді. Сонды?танда ?з денсаулы?тары?ыз?а жауапты ?арап, оны са?тауымыз керек.
Онда ауырмай ?демі,таза болу ?шін ?з-?зімізге ?ызмет к?рсету да?дыларымен танысамыз.

 Тазалы?ты? денсаулы??а ?аншалы?ты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы к?рсетейік, ал ендеше.

• Балалар, сендер ?алай ойлайсы?дар, адамны? дені сау болу ?шін ?андай шарттар орындау ?ажет?

• Денесін, беті - ?олын, киімін ?рдайым таза ?стау керек.

• Жатты?у жасап, спортпен айналысу керек.

• Д?румені мол та?амдарды, жемістермен к?к?ністерді жеу керек.

Байланысы (слайд). Таза ж?рген адамны? дені сау бола ма? (слайд)

-Спортпен айналысатын адамны? дені сау бола ма?

-Д?румені к?п тама? ішетін адамны? дені сау бола ма?

Бірінен бірі туады.  Б?рі де денсаулы??а ?келеді. Тек ?ана ерінбеу керек.

Денсаулы?ты? ?астары мен достары (слайд)

Денсаулы?ты? ?астарыны? бірі –еріншектік. Бетін суы? су?а тигізгеннен ?ор?ып, денесін шыны?тырмай, есік алдына шы?ып, ойнамай, е?бек етпей ж?рген балаларды айтамыз.

Денсаулы?ты? ?астарыны? бірі - ?ке-шешені?, м??алімні?, ?лкен адамдарды? айт?андарын ты?дамау. Ол кісілер о?ы, ?йрен дейді. Ал о?ып ?йренсе?, ойын сергек, денсаулы?ын мы?ты болады.

- Неліктен жеміс - жидектерді жерді? алдында ата - аналары? мен ?лкендер «жуып же» дейді?

- Сендерді? ойынша, тама? ішерден б?рын ?олды жуу керек па?

Б?л ?дет туралы а?ын С?кен  ?алиев

Микробтар ?аск?нем,

К?рмесем де білемін.

Ішер кезде асты мен,

?олды жуып ж?ремін,- деген екен. Сен де солай істейсі? бе?

1. Ерте де ?аза? жерінде ?она? келгенде ??ман?а су ??йып, кішкентай  легенмен келіп, ?ол?а су ??й?ан. Сонда ?лкен кісілер б?л ?йді? баласына батасын берген.  «??мыр жасы? ?за? болсы?, балам!» — деп айт?ан.

М??алім:

- Ертеде бір кір?ожала? ?ыз ?мір с?ріпті. Оны? д?ниедегі е? жек к?ретін н?рсесі – ?олын жуу ж?не жуыну екен. Сол себептен ?олында, ая?ында пайда бол?ан жаралар денесіне тарайды. Ауыз ар?ылы ішке кірген микроб ?ызды ауру?а шалды?тырады. Д?рігер ?ыз баланы тексеріп, ауруды же?етін ?ажайып затты ?сынады.

- Б?л не деп ойлайсы?дар?

- Кірді  не кетіреді деп ойлайсы?дар?

- Д?рыс, сабын.

-Сендер дайындап ?ой?ан та?па?тарын бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тазалы? - денсаулы? кепілі" атты т?рбие са?аты»


Смирнов №3 орта мектебі
















Ашық тәрбие сағаты

«Тазалық – денсаулық кепілі»



(бастауыш сыныптарға арналған)





























Өткізген: 2ә сынып жетекшісі: Кыйлажова А.А.












2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

Мақсаты:

1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.

2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық,

Тілек тілеп, күлімсіреп,

Жаңа сабақ бастайық.


-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын осы сөзжұмбақтан біле аламыз. (слайд)

Сөзжұмбақты шеше отырып, «Тазалық – денсаулық кепілі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тазалық туралы айтқанда, ойымызға не келеді?

«Тазалық» сөзін топтастыру.

-Балалар, тазалық дегенді қалай түсінеміз?

Жұпар иіс Тазалық гигиена

щетка денсаулық


жылтыр кір жуу таза киім тәртіп шаңсорғыш

(Осы кезде есік қағып, бір оқушы сынып оқушыларының атына сәлемдеме келгенін хабарлайды)

- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, Кірқоймастан арнайы сәлемдеме келді. Ол тазалықты өте жақсы көреді. Сендер оны танисыңдар ма?

- Балалар, Кірқоймас бізге не жіберіпті, танысайық…. (сәлемдемемен таныстыру). Шығарамын.

-Балалар, бұл заттардың бәрі не? Не үшін керек? (тазалықты сақтау үшін )

- Ал тазалықты сақтау не үшін керек? (деніміз сау болу үшін)

-Ал денсаулық адамға керек пе?

Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Біздің өмірімізді жарық қылатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?

Оқушылар: Денсаулық

- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.


Астында қымбат көлік, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма ?
Миллион теңге ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма ?
3 үлкен әдемі үйі бар. Бірақ ауырады – ол адам ше? Жоқ.
Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт не екен ?
- Денсаулық.
- Қандай мақал білеміз?
- Денсаулық – зор байлық.
Бүгінгі тәрбиелік іс- шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз- дененің саулығы деген мағананы білдіреді. Дененің сауы – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі. Ендіше «Денсаулық – зор байлық»деп халқымыз айтқандай, денаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір- біріне бірінші денсаулық тілейтіні себебі , міне , осында. Дені сау адам,әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.
Онда ауырмай әдемі,таза болу үшін өз-өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.

Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.

• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?

• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.

• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.

• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.


Байланысы (слайд). Таза жүрген адамның дені сау бола ма? (слайд)

-Спортпен айналысатын адамның дені сау бола ма?

-Дәрумені көп тамақ ішетін адамның дені сау бола ма?

Бірінен бірі туады. Бәрі де денсаулыққа әкеледі. Тек қана ерінбеу керек.


Денсаулықтың қастары мен достары (слайд)


Денсаулықтың қастарының бірі –еріншектік. Бетін суық суға тигізгеннен қорқып, денесін шынықтырмай, есік алдына шығып, ойнамай, еңбек етпей жүрген балаларды айтамыз.

Денсаулықтың қастарының бірі - әке-шешенің, мұғалімнің, үлкен адамдардың айтқандарын тыңдамау. Ол кісілер оқы, үйрен дейді. Ал оқып үйренсең, ойын сергек, денсаулығын мықты болады.


- Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?

- Сендердің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу керек па?

Бұл әдет туралы ақын Сәкен Қалиев

Микробтар қаскүнем,

Көрмесем де білемін.

Ішер кезде асты мен,

Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?


1. Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына батасын берген. «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.


Мұғалім:

- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.

- Бұл не деп ойлайсыңдар?

- Кірді не кетіреді деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс, сабын.


-Сендер дайындап қойған тақпақтарын бар.


Жансұлу: Дос бол сабын, сумен сен

Жиі – жиі жуын сен:

Таңертең де, кешке де,

Жуын күндіз – түсте де.

Су - тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Гигиена егізі,

Су деп және білгейсің.

Су - табиғат байлығы,

Өзен - көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың



Данара:

Хош иісті сабынның

Көбігіне малынып,

Қолымызды жуамыз

Барлық кірден арылып.

Көкөністі жуып жеп,

Қайнаған су ішеміз.


Әнеля:

Сақтағаннан тазалықты

Ауырмайды ішіміз.

Тазалықты сақтасаң

Ауырмайсың ешқашан.


Алижан:

Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында,

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

Батырхан:

Еріншектен – салақтық,

Салақтықтан – надандық.

Бірінен бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдық.

Гүлзира:

Таза ауа жұт көбірек

Еңбекпен көп шынығып.

Керек болса денсаулық,

Жүргейсің күнде жуынып


Осы сабын қайда жасалады деп ойлайсыңдар? (зауыттарда)

Жауаптарын тыңдау.

- Балалар, мен сендерге сабынды қалай жасайтындығын айтып берейін.
Ертеде зауыт, фабрика болған жоқ, қазақ халқы сабынды қолдан жасаған. Ол үшін алабота, малдың сүйегі мен майы керек.

Алабота –шөп тектес өсімдік. Ол жол жиектерінде, мал қораларының маңайында қаулап өседі. Балалар осы алаботаны тасып, тау-тау ғып үйіп тастайды. Оны өртейді. Өртегеннен кейін күлі қалады. Мұны «сақар» дейді. Ал шешелеріміз қысқы соғымның сүйегін шашау шығармай, қапқа сала береді. Енді сол сүйекті қазанға салып қайнатады. Малдың майын қазанға салып шыжғырады. Енді қазанға үшеуін салып қайнатады. Қайнап жатқанда кепсермен неше сапырылып, неше тұндырылады. Әлден уақытта шидің үстіне сопақша ұзынша, төртбұрышты қара сабындар тізіліп жатады. Осыны «бұзаушық» дейді. Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз сабынды осылайша дайындаған.

Міне осылай күнделіктегі тұрмысымызда қолданылатын сабын пайда болған.


Жеке бас тазалығының ережелері (слайд)

- Күнделікті бір уақытта тұрып, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Таңертең тісіңді тазалап, беті - қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпаңдар;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жуыңдар;

- Бет орамал пайдаланып, мұрныңдарын әрқашан таза болуына көңіл бөліңдер;

- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкіріңдер немесе жөтеліңдер;

- Шашыңды дұрыстап күтіңдер: уақытылы тарап, буып немесе өріп қойыңдар;

- Төсектеріңді жинап, жеңіл - желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

- Аяқ киімдеріңді күтіп киіп үйреніңдер, тазалап жүріңдер;

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қойыңдар.


Тіс щёткасымен практикум:

Ертеде тіс щеткасы болған жоқ. Бірақ адамдар ауыздарын шөп тұңбасымен шайып, тістеріңді тазалап жүрді. Жалпы тіс щеткасы 300 жыл бұрын пайда болған.

Ал сендер тістеріңді қанша рет тазалайсыңдар?

Тістеріңді тамақ жегеннен кейін күніне екі рет тазалау керек

Ал енді қаламдарыңды алып (бұл щетка болсын), қалай тістеріңді тазалайсыңдар. Көрсетіп жіберіңдер. Жақсы.

Ал енді мына тарақ сендердің тістерің дейік, мына мақта тамақтың қалдықтары. Қазір мен сендер көрсеткендей тісті тазалап көрейін. Оңға солға қарай, керісінше де. Не көріп тұрмыз? (мақта алынбайды)

Ал егер былай тазаласақ. Жоғарыдан төменге қарай, керісінше. (мақта жеңіл алынады)

Енді тістеріңді қалай тазалау керек, сендерге түсінікті ме?


Ал қазір қолды қалай жуу керек екенін білеміз. Қимылдарын қайталаңдар.

Сергіту сәті.

Ал қазір біз Мырзагүл Жақсылыққызына сөз берейік.

Медбикенің сөзі:

Деніміз сау болу үшін дұрыс тамақтану керек,тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.Таза ауада көбірек жүру, тазалық сақтау, тамақты артық тойып ішпеу, тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жуу керек.

Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану.

Тері тазалығы. Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.


- Балалар, жеке бас гигиенасын сақтау дегенге тоқталып өтейін.

а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.

2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.

3. Жеміс - жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.

4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.

5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.

Медбике: Әрқашан осылай таза жүріңдер,ауырмаңдар.


Мұғалім: Ойын «Жақсы-жаман»
-Балалар,мен тақпақтар оқимын.Егер жақсы бала туралы болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер жаман бала жөнінде болса көздеріңді жұмасыңдар.
    1.Шашымды тарадым.
       Айнаға қарадым.
        Ерте тұрдым ұйқымнан.
        Мен мектепке барамын.
    2.Анау бала,бетін қара.
        Жуынбапты, масқара.!
        Тырнағы өскен,шашы көптен
         Алынбапты, масқара!
    3.  Мен кішкентай баламын.
         Айтқан тілді аламын.
         Көмектесем анама,
         Үйді жинап қоямын.
    4.  Тұрысбектің түрін-ай.
          Көйлегінің кірін-ай.
          Жейдесі мен шалбары.
          Бірі балшық,бірі лай.
Мұғалім:

Енді барлығымыз бірлесе отырып Кірқоймастың жұмбақтарын шешейік


1. Жуынам деп жазған - ай,

Күннен күнге азғаны - ай! (сабын)

2. Қарап тұрсаң өзіңе Ол суретің ұқсайды,

Сурет түсер көзіңе. Дәл казіргі өзіңе. (айна)

3. Одан кір қорқады

Судан бұл қорқады. (сабын)

4. Дәміде жоқ, түсіде жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. (су)

5. Жуынып болғанда

Жүреді қолыңда. (орамал)

6. Қалтамда жатыр

Тістері бар батыр. (тарақ)

7. Бәтеңкесін, пальтосын

Өзі кие білмейді

Бұл баланы кім дейді? (жалқау)

9. Көзінен жас кетпейді

Балалардан шеттейді

Бұл баланы кім дейді? (жылауық)

10. Шықпай жатып көшеге

Үсті басы кірлейді

Бұл баланы кім дейді? (салақ)

11. Тіс тазартатын құралдар: щетка, паста.

12. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)

13. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс)


Тазалыққа пен денсаулыққа байланысты айтылған мақал – мәтелді білесіңдер ме?

1. Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.

2. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

3. Денсаулық -зор байлық.

4. Олақтан салақ жаман.

5. Тәні саудың жаны сау.

6. Көзің ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса аузыңды тый.

7. Тазалық - саулық кепілі,

Саулық - байлық кепілі.

Тақырыпқа байланысты жазылған оқушылардың шығармаларын оқу.

Денсаулықтың достары мен қастары. Слайдтан көрсету.

Достары

Қастары


Кірқоймастың сыйлығын беру. Сұйық сабын мен сүлгі.

Қорытынды бөлім

Балалар, сендер тазалық, денсаулық жайында аңыздарды, әңгімелерді білесіңдер ме?

Жетеліге жеті өсиет – аңыз. Ұлықпан Хәкім мың жасапты . Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек болыпты. Қандай кеселі болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкіттері жинп,емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
- Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар . Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
-1. Ерте тұру.
2. орта тазалығын ұстау.
3. дене шынықтыру
4. үнемі денені таза ұстау
5. үнемі сергек жүру
6. артық тамақ ішпеу
7. көп ұйықтап жалқау болмау. Міне , бұлардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі, – депті.
-Балалар ,сендер осы айтылған 7 өсиетті орындау міндеттісіңдер, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау,құрыш білекті, батыл жүректі, саналы, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын , толыққанды ұрпақ болып өсесіңдер. Ешқашан ауырмай,өз денсаулығымызды күтейік.


Ал қазір бәріміз бірге «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін орындайық.



Шаң ласпен достаспайтын,
Тазалықпен қоштаспайтын.
Аппақ, аппақ балалар сөйлесін.
Аппақ көйлек киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өзім жақсы көремін.
Таза сумен сүртеді,
Болсын деп таза сыныбы.
Таза сынып, таза ауа,
Тазалықтың дауасы.
Сынып іші айнадай,
Шаң мен тозаң ұшпайды.
Үзілісте ойнаймыз,
Кіршіксіз ғып ұстаймыз.
Қарсы ал ерте күн көзің,
Төсегіңді жина өзің.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
Әдеп қыл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Қарағанда айнаға,
Ұқыпты болсын киімің.



Кірқоймасқа хат жазу.


Бүгінгі ашық сабағымды Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»


Әнмен тәрбие сағатын аяқтау.


Осы сынып сағатымыздан не білдіңдер. Не түйдіңдер?





10




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Тазалы? - денсаулы? кепілі" атты т?рбие са?аты

Автор: Кыйлажова Алтынгуль Амантаевна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 318021


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства