kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тапқырлар сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тапқырлар сайысы 4-сыныптың оқушылар арасында өткізілді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тапқырлар сайысы»

Тақырыбы: Тапқырлар сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге қызығушылықтарын арттыру ,ой өрісін іс жүзінде шыңдау ,есте, сақтау, сөйлеу мәнерін шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға ,өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу

Бір бірімен достық, ынтымастықта болуға баулу

Көрнекілігі:Плакаттар,гүл, жасырын ұяшықтар.

Сабақтың барысы:

Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

2сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар сайысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңздер!

Мұғалім:

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар-деп Жүсіп Баласағұн атамыз айтқандай.



-Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімізді көрсетіп, өнерімізді,

Білімімізді саралап, санамымыздың өскенін, байлығымыздың молайғанын

көрсетейік.

Мұғалім:

Сәлемдесу- игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды.

1топ «Қыран»

Біздің топ: «Қыран»

Қайтпас қайсар ерлігі,

Ұлан болғым келеді.

Самғап ұшар биікке,

Қыран болғым келеді.

2 топ: «Тұлпар»

Топтың ұраны: Біздің топ: «Тұлпар»

Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал, барыңды.

«Болашақтың ұрапағымыз сенімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

Мұғалім:

«Біреуі озса сайыста, біреуі артта қалады»

Ренжімей тараса, озбағандар жарады

Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол еңбектену, жалықпау»дей келе сайысымыздың

Кезеңдерін таныстырып өтейік



1Бәйге

2Дода

3Тіл өнер

4Кім тапқыр

Сайысты бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлау

«Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жана ма

Білім мен өнер жарасын

Тәрбие білім табар мән.

Бұл бәйге, ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда»

«Бәйге» кезеңінің шарты.Әр топ 10 сұраққа жауап береді.



«Тұлпар» тобына:

1.Сөйлем неден құралады?

2. «Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?»

3.Жыл мезгілдерін ата?

4.Қ қандай дыбыс?

5.Туда не бейнеленген?

6.Гимннің әнін кім жазды?

7.Мемлекеттік тудың авторы кім?

8.Тұңғыш Презтдент күні қашан?

9.Сөздің түбірге жалғанған бөлігі?

10.Дауысты дыбыс түрлері нешеу?

«Қыран» тобына:

1.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

2.Түйе атасын ата?

3. «Жуас» сөзінде «у» дыбысы қандай дыбыс болып тұр?

4.Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

5.Мәтіннің түрлерін ата?

6.Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады?

7.Астана қаласының символы

8.Заттың атын білдіретін сөздер?

9.Елтаңбаның авторлары кімдер?

10.Әнұранның авторлары кімдер?

Мұғалім:

«Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер»



Келесі кезең-«Дода»

Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын айтасыңдар.

Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар соған жауап бересіңдер.



2кезең Дода.Тақырып таңдау.

Әр топтың 4ұяшық таңдау мүмкіндігі бар.

.Тәуелсіз Қазақстан 20 30 40 50

.Әдебиеттік оқу 20 30 40 50

.Қазақ тілі 20 30 40 50

Қызықты математика 20 30 40 50



1.Тәуелсіз Қазақстан

20ұпай:Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл?

30ұпай:Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата?

40ұпай:Тұңғыш Президентіміз кім?

50ұпай:Еліміздің Тәуелсіздік күнін қай күні тойлайды?



2.Әдебиеттік оқу

20ұпай:Абайдың нақыл сөзін аяқта

Адам баласының ең жаманы .......

30ұпай:Ыстық қой ,шіркін туған жер,Кімнің шығармасынан алынған?

40ұпай:Ағынды өзен,асқар тау, қасиетті тіл.Кімнің өлеңінен алынған?

50ұпай:Жеті атаны білу қажеттілігі қай шығармада айтылған?

3.Қазақ тілі

20ұпай:Пайымдау мәтіні қандай сұраққа жауап береді?

30ұпай:Күйші сөзінің түбірін ата

40ұпай:Периметрі 16см шаршының қабырғасы нешеге тең?

50ұпай:өлең есепті шеш:

Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.

Үй иесі мұны сезіп:

Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Қырманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш те маған бер деген екен.

Мұны естіген ұрылар- «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен,кетейік» -деп кетіп қалыпты.Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.

Сонда нешеу, ұры қанша?(10 адам, 5 ұры)

3 кезең. Тіл-өнер.

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын беру керек үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға, шәкірт саған несібе.

Мұғалім:

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Келесі сайысымыз –«Тіл – өнер» деп аталады.

Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнына дұрыс сөзді тауып айту: Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай,

1.Жұт... ағайынды / жеті /

2.Өзі сөйлей біледі, салған ізі сөйлейді / қадам /

3.Екі қолға.... бір күрек / бір /

4.Кімнің баласы болма,

Адамның баласы бол /атаның /

5.Өнер алды қандай тіл? /қызыл /

6.Мысыққа ойын керек,

.... өлім керек / тышқан /

7.Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен / кітап /

8.Жылт –жылт етеді

Жылғадан өтеді / су /

9.Батыр туса – ел ырысы,

..... жауса жер ырысы. / жаңбыр /

10...... оттан да ыстық. / Отан /

11.Отансыз ...., - ормансыз бұлбұл. / Адам /

12.Туған жердің .... де ыстық, түні де ыстық. / күн /

4 кезең.Кім тапқыр?

Мұғалім:

«Көңілді,тапқырлар,білгіштер
Бар өнеріналдарына салады.
Кім біледі,көп оқығанболса,егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.» деп келесі кезеңді бастаймыз.

Бұл кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі.

-Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек

-2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды.
-Кім көп сөз құраса, сол оқушының тобына ұпай қосылады.



Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша әр топқа ертегі беріледі.

Соның мазмұнына сәйкес мақал-мәтел тауып айту керек.

1 топ. Алты түлкі.

Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі: Сенің құйрығың жоқ- деп келеке қылып, куле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «Осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

-«Біз бір жақсы ойын ойнайық» деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:

-«Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, бәріде шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.

Күлме досқа, келер басқа.

2 топ. Атасы мен немересі.

Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десең, оның аяқ-қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келінге ұнамады. Олар шалға, алдына жаман дастархан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бара алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырды. Әкесі көріп: «Шырағым не істеп жатырсың?»-дейді.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тапқырлар сайысы

Автор: Тукенова Айнаш

Дата: 10.04.2017

Номер свидетельства: 408001

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Жайдарман" к??ілді тап?ырлар сайысы "
    ["seo_title"] => string(37) "zhaidarman-kon-ildi-tapk-yrlar-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "134763"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416805001"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Открытый урок на тему: " Тап?ырлар сайысы" "
    ["seo_title"] => string(40) "otkrytyi-urok-na-tiemu-tapk-yrlar-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "194155"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427732009"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) ""Ана тілі?-?скен ?ркені?" та?ырыбында?ы "?й, жарайсы?!" тап?ырлар сайысы"
    ["seo_title"] => string(60) "anatilinoskienorkienintakyrybyndagyizharaisyntapkyrlarsaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "301562"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456937755"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Ал?ырлар мен тап?ырлар"  сайысы "
    ["seo_title"] => string(34) "alg-yrlar-mien-tapk-yrlar-saiysy-1"
    ["file_id"] => string(6) "185414"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426178138"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Тап?ырлар сайысы "
    ["seo_title"] => string(17) "tapk-yrlar-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "216843"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433161311"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства