kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты үлгісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты оқушылардың жақсы мінез-құлқын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты үлгісі»

































Тәрбие сағаты: ««Мінез-адам көрсеткіші»











































Қарағанды – 2020



Мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету; адамгершілікке тәрбиелеу.

Өткізу әдісі: (ойталқы, әңгімелесу, сұрақ-жауап)

Кіріспе:

Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді. Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие. Жақсы мінез, жинақылық, ұқыптылық, тазалық, сыпайылықтың барлығы мәдениеттің негізі. «Мінез – жанның айнасы»,демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезімізде жатыр. Жақсы адам екеніңді көрсететін сенің мінезің.Мінезді бір қалыпты ұстау мәдениет.


Шағын мәтінмен танысыңдар:

Мінезадам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Адамның өзіне деген қатынасы: өзімшіл, сыншыл,заттарға ұқыпты, қызметіне адал болуы мүмкін. Мінез сұлулығы деген ұғым бар.Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі-істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі-жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді: өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді- енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілділікпен қайран қалдырады,. Мақтануды білмейтін ол еңбек сіңіріп, жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.


Ұлағатты сөздермен танысыңыздар:
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. (Әл-Фараби)
Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады. (К.Д.Ушинский)
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты. (Б.М.Теплов)


Талқылайық:

• Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзетуге болады деп ойлайсыздар?

• Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?

• «Адамның мінезін түзетуге болмайды» деген пікірмен келісер ме едіңіз?

• Өз бойыңыздағы қасиеттеріңізге, мінезіңізге туған күніңіз бен туған жылыңыздың әсері бар деп ойлайсыз ба?


Мына мінездердің қайсысы сіздің мінезіңізге сәйкес келеді:


Жібектей есілген мінез-үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.

Тентек-ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.

Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән.

Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.

Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.

Паң-тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.

Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.

Ерке-сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән.

Тура мінез - бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән.

Шапшаң-асығыс іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған мазасыздау адамға тән.



«Суреттер сөйлейді» (сурет бойынша мінез бітістерімізді танимыз)

                          Үйдің суретін салыңыздар


1. Көп қабатты үйдің суретін салсаңыздар: мұндай үйді көп адамдар салмайды. Адамдар көбінесе өз арманындағы үйді салады. Мұндай үйді салған өз проблемларын шешуге ғана күш жұмсайтын адам және өз проблемаларын ешкіммен бөліспейтін адам.

2. Кішігірім  аласа үйді салғандар: үйдің төбесін аласа қылып салса, шаршап шалдыққанның белгісі. Бұрынғы бастан кешекендерін еске түсіруді жақсы көреді бірақ та естеліктерінен де жағымды эмоциялар алмайды.

3. Әдемі қорған қамалдың суретін салғандар: мұндай сурет мінездерінде балалықтың, жеңілтектіктің, шалағайлықтың, үстірт ойлаушылықтың бар екенін көрсетеді. Шектен тыс қиялшыл екендігін және өз міндеттерін уақытында орындай алмайтынының белгісі.

4. Ауладағы кең үйдің белгісі: мұндай үйлерді салғандар өз үйін үлкен еткісі келеді екен. Егер үйдің айналасында темір немесе ағаш қорған болса, ондай адамның мінезінің тұйықтығы байқалады. Егер үйдің айналасында бұтадан, ағаштан істелген қоршау бар болатын болса, адамдарға сенім бар екендігінің белгісі. Неғұрлым қорған аласа болса, соғұрлым адамдармен қарым-қатынас жасауға бейім келеді.

                           Терезелер

5. Үлкен терезе – ашық, жайдары мінездің басым екендігін көрсетеді. Егерде бір ғана терезе болса, бірнеше кішкентай терезелердің, терезе қақпасы салынған болса тұйықтық, сараңдық, өзін–өзі кем санайтындықтың белгісі. Біреуге жақсылық істей алмау және біреудің соған жасаған жақсылығын қабылдамау.

                           Есіктер

6. Үйдің ортасында тұрса қонақжайлылық, жылыжүзділік, шырайлылық бар екендігін көрсететін белгілер.Егерде кіреберісі бар болса, одан да үлкен пейілділіктің белгісі және өз–өзіне сенімділіктің бар екендігін білдіреді. Ашық есік – ададармен қарым– қатынас жасаудағы белсенділіктің белгісі. Егер есік үйдің шетінде орналасқан болса, адамдармен қарым – қатынас жасау қиынға түседі. Егер есік қабырғаның неғұрлым үлкен бөлігін алып тұрса, ондай адам жеңілтек болады, шектен тыс ақкөңіл келеді, ойланбаған қылықтары көп екен. Жабық есік – тұйықтықтың белгісі.

                             Мұржасы

7. Үйдің мұржасы болмауы – сезімталдықтың жоқтығының белгісі. Егерде мұржасының үстінде түтіні салынған болса, тіпті мұржасының үстінде детальдары бар суреттер болса,онда бұл адам өмірде еш нәрседен қорықпайды және өз – өзіне сенімді дегенді білдіреді.


Қорытынды:


Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымиа жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты үлгісі

Автор: Аширбекова Дамеля Жаксылыковна

Дата: 06.08.2020

Номер свидетельства: 555412

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Тәрбие сағаты: «Үлгілі отбасы»"
    ["seo_title"] => string(30) "t_rbiie_sag_aty_ulghili_otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "405964"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491161335"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Жолда ж?ру  ережелерін  білесі? бе?  Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "zholdazhuruieriezhielierinbiliesinbietrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "270704"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1451234757"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Т?рбие са?аты "?аза?стан халы?тарыны? ассамблеясы ел бірлігін са?тау?а ?лес ?ос?ан доктрина" "
    ["seo_title"] => string(105) "t-rbiie-sag-aty-k-azak-stan-khalyk-tarynyn-assamblieiasy-iel-birlighin-sak-taug-a-ulies-k-osk-an-doktrina"
    ["file_id"] => string(6) "182665"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425568301"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Ба?ыты?ды бала?нан ізде (ата-аналармен бірлескен т?рбие са?аты) "
    ["seo_title"] => string(70) "bak-ytyn-dy-balan-nan-izdie-ata-analarmien-birlieskien-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "199229"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428550140"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства