kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шын достықты бағалай білесің бе?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: оқушыларға достық ұғымы туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, кешірімділікке, шынайылыққа баулу. Достық сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезімін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шын достықты бағалай білесің бе?»



Шын достықты бағалай білесің бе?

Мақсаты: оқушыларға достық ұғымы туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, кешірімділікке, шынайылыққа баулу. Достық сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезімін қалыптастыру.

Көрнекілік құралдар: А-4 қағазы, түрлі-түсті қарындаш, фломастер.

Әдісі: топтық жұмыс, ой толғау.

ІІІ топқа бөлу. Тренинг. «Жүректен жүрекке».

Оқушылар ортаға шығып, бір-біріне өз тілектерін білдіру. Жалпы оқушыларға 100 теңге, тамыры жоқ ағаштың суреті көрсетіледі. Осы суретке байланысты қандай мақалдар білесіңдер? «100 сом ақшаң болғанша, 100 досың болсын». «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең». Сонда сендердің айтқан мақалдарың неге байланысты айтылып тұр екен? Достыққа байланысты. Олай болса бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы «Достық» туралы.

І. Топтастыру стратегиясы: Дос қандай болу керек?


Дос – сенімді, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, адал, төзімді, ақылды, сабырлды, салмақты, кек сақтамайтын, ашық болу керек.

ІІ. Ой-қозғау:

1. Дос деп кімді айтамыз?

2. Сенімді дос қандай болу керек?

3. Кек сақтамайтын дос қандай болады?

4. Адал дос қандай ше?

5. менің достарым көп болу үшін не істеуіміз керек?

ІІІ. Даналар сөзі: мағынасын ашып түсіндіру.

1-топ: «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)

2-топ: «Жаман дос – көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)

3-топ: Шын достықты бағалай білесің бе?

ІҮ. Жағдаяттан шығу.

1-топ: а) Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің? б) Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

2-топ: а) Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгімен – дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның «тез қайт» - деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің? б) сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

3-топ: а) Поезд жүріп келеді. Сен алып ұшып, сағынып туған ауылыңа 7-8 жылдан кейін келе жатырсың. Көптен бері көрмеген сыныптастар мен до-жарандарыңды болашақ жарыңа мақтан етіп келе жатқаныңда алдарыңа бір қайыр сұраған мүсәпір кейпіндегі ұсқынсыз бір адам келе қалды. Бұл сенімен бірге оқыған, бірге ойнаған, бір нанды бөлісіп жеген ажырамастай боламыз деп кішкене күндеріңде бір-біріңе уәде берген қимас досың болып шықты. Сенің оны көргеннен кейінгі әрекетің қандай болады? ә) Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

Ү. «Кешірімнің күші»

Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздар болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе-реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жеккөрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. жүрегіміге салмақ саламыз. ал Өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасғандай боламыз. Алайда біреуді кешіру – ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжететін адамдар неліктен осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.

Кешіру деген ол адамды түсіну шығар. Егер адамға түсінушілікпен қарасаң, сол сәтте-ақ ол адамға ешқандай да өкпелемейсің. Өйткені осындай жағдайда өзім не істер едім деп өзіңе сұрақ қойсың. Өзіңді олардың орнына қойып, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың. Сол кезде кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың қателігін кешіреде аласың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлап, жақсы көруің керек. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам, өз жан дүниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды.

Біз барлығына кешіріммен, сыйластықпен, түсіністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша, біз алға қарай тек қана адал ниет, ізге істермен жүрсек, игілікке жетеміз.

1. Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

2. «Кешіру – өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

ҮІ. Достық туралы топтық жұмыс.

1-топ: Кешірімді болу – асыл қасиет;

2-топ: М. Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңін оқу;

3-топ: «Шынайы дос» әңгімісін оқиды.

ҮІ. Қорытынды.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шын достықты бағалай білесің бе?

Автор: Куптлеуова Гульжайнар Даулетовна

Дата: 30.04.2019

Номер свидетельства: 508821

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Саба? жоспары "Досты? к?мек""
    ["seo_title"] => string(28) "sabak-zhospary-dostyk-komiek"
    ["file_id"] => string(6) "251459"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447246813"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сыныптан тыс «Тіл – досты?ты? д?некері»"
    ["seo_title"] => string(32) "synyptantystildostyktyndniekieri"
    ["file_id"] => string(6) "319522"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460877725"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "«Татулы?ты?  т?т?асы, бірлікті? белгісі» 10 сынып. "
    ["seo_title"] => string(50) "tatulyk-tyn-tu-tk-asy-birliktin-bielghisi-10-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "212237"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431788516"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ұлттар достығы."
    ["seo_title"] => string(16) "u_lttar_dostyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "360426"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479565256"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Та?ырыбы: "Біз ба?ытты баламыз" "
    ["seo_title"] => string(30) "tak-yryby-biz-bak-ytty-balamyz"
    ["file_id"] => string(6) "207269"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430388430"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства