kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?арма ж?мысы – творчестволы? іс, ол білім мен білікті? де?гейін ай?ын танытатын айна

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі та?да о?ылатын п?ндер балаларды? болаша?ы та?дайтын маманды?ына ?арай ба?ытталуда, я?ни ма?саты мен білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке т?л?а, дарынды шы?армашылы? т?л?а ?алыптастыру білім мен т?рбие берудегі мемлекеттік істі? е? ма?ыздысы болып отыр. К?сіпке дайындау, ма?саты білім беру – жеке т?л?а дамуын ж?зеге асыратын м?селелер «Осы шы?арма жазу неге керек?» «?алайда жаздыру керек пе?» деген с?ра?тар?а жауап іздеп к?рейік.

         Шы?арма дегеніміз – о?ушыларды? тілдік ж?не ?дебиеттік білімдері мен ?зіні? таным, т?йсік, к?з?арасыны? т?жірибелеріне с?йене отырып ?з ойын ж?йелі, ?деби тіл ?алпында бере білуге машы?тандыратын жазбаша т?жірибелік ж?мысты? бірі. ?аза? ?дебиеті п?ндерінен шы?арма жаздыруды?  ма?саты мен міндеті осы мазм?ннан туындама?.

         Шы?арма – о?ушыны? жеке т?л?а ретінде ?зін к?рсете алуыны? белгісі, да?дылы ж?мысты? к?рінісі.?дебиет п?нінен шы?арма жазу о?ушылар ?шін ерекше ??лшыныспен орындалатын кішігірім творчестволы? іс.

         Шы?армашылы? т?л?аны? ерекшелігі неде? «Шы?армашылы? т?л?а жас ерекшелігіне, ?ызы?ушылы?ына ?арамастан, ?згелерден даралы?ымен, ш??ыл шешімділігімен, ?з к?шіне деген сенімділігімен, сезім ?ш?ырлы?ымен, ?з бетімен ж?мыс істеуге деген ??штарлы?ымен, табандылы?ымен ас?ан шабытымен ерекшеленеді, - дейді И.С. Кон».

         О?ушыларды с?з ?неріне баулу, ?йрету ісі ?ай жастан басталма?, баланы? шы?армашылы? ?абілетіні? ашылу м?мкіндігі ?ай кезе?де бай?алма?. Психологтарды? зерттеуі бойынша, ?рбір жаста шы?армашылы??а баулу?а ?зек болардай ?зіндік ерекше ?абілет, бейімділік бар екен. Сонды?тан баланы балаба?ша жасында?ы кезе?інен бастап мектеп бітіргенге дейін ?збей, ж?йелі сатылы т?рде шы?армашылы??а баулып, ?иял-фантазиясын, а?ыл-ойын, икемділігін дамытып отыру ?ажет.

         Шы?армашылы? м?мкіндігі мол, шы?армашылы?пен белсенді, т?ра?ты айналысу?а е? икемді жас деп біз орта буынды айтар едік. Б?л жасты? ?згеше ерекшеліктері бар:

  • т?рлі болжамдар, ?орытындылар ??ру?а, ?иял, романтика, ой, ?имыл, сезім шапша?ды?ына бой ?ратын, шы?армашылы? к?шін сынау?а, ?зін таныту?а ??штар болып келетін жас;
  • б?л жаста барлы? баланы? жан д?ниесі н?зік, лирик болып келеді. Б?кіл болмысы поэзиядан ??ралады;
  • Оларды? 10-11 класс о?ушыларына ?ара?анда, ?аламы тез т?селеді. ?деби тілді, сауатты жазуды шапша? ме?гереді. Жо?ары кластарды? к?п жа?дайда ?деби к?сем с?з шы?армаларды жазу?а ?йрене алмауыны? бір сыры мынада секілді: біз, педагогтер оларды на?ыз шы?армашылы??а ?йрететін жаста (6-8 кластар) к?біне мазм?ндамадан ?зге еште?е жаздырмаймыз;
  • Б?л кезе?де балалар мазм?ндама, мінездемеден г?рі ??гіме, ?ле?, ертегі жазу?а ерекше ??штар ?рі ?абілетті. Дер кезінде орта буынны? шы?армашылы? дамуын ба?ыттап, ба?дарламаса, онда жо?ары клас?а келгенде, к?біні? шы?армашылы? м?мкіндігі шектеліп, то?ырап ?алады.

         ?зім саба? беретін 5«?» класында ?ле?, ??гіме, ойдан ертегі жазу тек ?дебиет саба?ында ?ана емес, ?аза? тілі саба?ында да «Мені? досым», «Ана тілі», «Мені? елім - ?аза?стан», «Мені? с?йікті ?стазым», «Мені? си?ырлы тая?шам болса.»  т.б. та?ырыптарда шы?арма жазды?. О?ушыны? кішкентай жетістігін мада?тап, к?термелеп, ?здік шы?армаларды класта о?ушыларды? ?здеріне ба?алатамын. М??алім- о?ушыны? ата-анасынан да, ??рбысынан да жа?ын е? сенімді досы, кей о?ушы ?зіні? жаз?анын о?у?а ы??айсызданып, кез келген адам?а к?рсеткісі келмейтін жа?дай да кездеседі, ондайда  о?ушыны т?сінуге тырысамын, ?зім іштей о?ып шы?амын. Жа?сы жазыл?ан шы?арма болса, о?ан ма?тау айтып, о?ушылармен б?лісуді с?раймын.

         Ал, 9-11 кластарда о?ушылар есейеді, физиологиялы?, психикалы? жа?ынан толы?у ж?реді. Ойы, сезімі дере?дейді, философиялы?, к?ркемдік ойлау м?мкіндігі ке?ейеді, лирикалы? шы?армалар?а, ?лкен жанрлар?а ?алам тарту?а ?уес. Тере? ой тол?ау?а, лирикалы? к??іл к?йді суреттеуге, ж?мба?тылы??а, ішкі жан-д?ниені? сырын зерттеуге ?мтылады.

         Жо?ары кластарда шы?арма жазу ж?нінде о?ушылар?а мынадай да?дыларды ?алыптастыру керек:

1. Та?ырыпты т?сіну ж?не оны та?дай білу.

2. Та?ырыпты? ма?саты мен мазм?нын білу.

3. Та?ырып?а жай ж?не к?рделі жоспар ??ру.

4. Та?ырып бойынша жаса?ан жоспарына сай ?зіні? ойын жаза білу.

5. Баяндайтын ойын д?лелдеп жазу.

6. Цитатыны д?рыс та?дау ж?не ?олдану.

7. С?зді тал?ай ж?не оны ?з орнына ?олдана білу.

8. Ойды д?рыс ??рап, д?рыс ?иыстыру.

9. Эпиграф та?дау.

10. Шы?арманы? ??рлысын д?рыс ??ра білу.

         Б?л да?дыларды ?р о?ушы?а ме?герту ?шін, олар?а ?рі теориялы? білім беруге, ?рі жатты?тыру?а тура келеді.

         Шы?арма – о?ушыны? біреу я бірдеме жайында ?з ойынан жаз?ан е?бегі. О?ушы?а шы?арма жаза білуді ?йретудегі ма?сат – ?з ойын, ?з пікірін орамды ?деби тілмен  д?л ?рі на?ты жеткізе алатын сауатты адам т?рбиелеу; о?ушыны творчестволы? к?рделі ой е?бегіне баулу; оны? т?сілдері мен амалдарын ме?герте отырып жазу ж?мысына жатты?тыру.

         Шы?арма жазу т?сілдерін ме?гере отырып, та?ырыпты? ж?не еркін та?ырыптарда ?з ойын еркін ?деби к?ркем тілде жеткізіп, шы?армашылы? ?абілеті шы?дал?ан ??гіме, ?ле? жазатын о?ушылар да баршылы?. Соны? бірі ?тесінова Айым, Есенова Аяжан, Нариман Аружан, Киікбаева ?сем ?ле?дері мен шы?армалары т?рлі журнал беттерінде басылып шы?ты.Олар- т?рлі ?алалы?, облысты?,республикалы? шы?армашылы? сайыстар?а, олимпиадалар?а ?атысып же?іске жетіп ж?рген гимназияны? ?лгілі о?ушылары.

Пайдаланыл?ан материал

С. Ма?пыров «?аза? ?дебиетінен шы?арма ж?мыстары»

 Алматы «Рауан» 1996 ж.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?арма ж?мысы – творчестволы? іс, ол білім мен білікті? де?гейін ай?ын танытатын айна»

№32 мектеп-гимназия




















Шығарма жұмысы – творчестволық іс, ол білім мен біліктің деңгейін айқын танытатын айна.






Баяндамашы: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Алдыярова Кулайм Урынбасаровна









Ақтөбе қаласы 2016 жыл

Қазіргі таңда оқылатын пәндер балалардың болашағы таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсаты мен білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсаты білім беру – жеке тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер «Осы шығарма жазу неге керек?» «Қалайда жаздыру керек пе?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалпында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.

Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі.Әдебиет пәнінен шығарма жазу оқушылар үшін ерекше құлшыныспен орындалатын кішігірім творчестволық іс.

Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде? «Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, табандылығымен асқан шабытымен ерекшеленеді, - дейді И.С. Кон».

Оқушыларды сөз өнеріне баулу, үйрету ісі қай жастан басталмақ, баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі қай кезеңде байқалмақ. Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Сондықтан баланы балабақша жасындағы кезеңінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі сатылы түрде шығармашылыққа баулып, қиял-фантазиясын, ақыл-ойын, икемділігін дамытып отыру қажет.

Шығармашылық мүмкіндігі мол, шығармашылықпен белсенді, тұрақты айналысуға ең икемді жас деп біз орта буынды айтар едік. Бұл жастың өзгеше ерекшеліктері бар:

  • түрлі болжамдар, қорытындылар құруға, қиял, романтика, ой, қимыл, сезім шапшаңдығына бой ұратын, шығармашылық күшін сынауға, өзін танытуға құштар болып келетін жас;

  • бұл жаста барлық баланың жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді. Бүкіл болмысы поэзиядан құралады;

  • Олардың 10-11 класс оқушыларына қарағанда, қаламы тез төселеді. Әдеби тілді, сауатты жазуды шапшаң меңгереді. Жоғары кластардың көп жағдайда әдеби көсем сөз шығармаларды жазуға үйрене алмауының бір сыры мынада секілді: біз, педагогтер оларды нағыз шығармашылыққа үйрететін жаста (6-8 кластар) көбіне мазмұндамадан өзге ештеңе жаздырмаймыз;

  • Бұл кезеңде балалар мазмұндама, мінездемеден гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар әрі қабілетті. Дер кезінде орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары класқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Өзім сабақ беретін 5«Ә» класында өлең, әңгіме, ойдан ертегі жазу тек әдебиет сабағында ғана емес, қазақ тілі сабағында да «Менің досым», «Ана тілі», «Менің елім - Қазақстан», «Менің сүйікті ұстазым», «Менің сиқырлы таяқшам болса...» т.б. тақырыптарда шығарма жаздық. Оқушының кішкентай жетістігін мадақтап, көтермелеп, үздік шығармаларды класта оқушылардың өздеріне бағалатамын. Мұғалім- оқушының ата-анасынан да, құрбысынан да жақын ең сенімді досы, кей оқушы өзінің жазғанын оқуға ыңғайсызданып, кез келген адамға көрсеткісі келмейтін жағдай да кездеседі, ондайда оқушыны түсінуге тырысамын, өзім іштей оқып шығамын. Жақсы жазылған шығарма болса, оған мақтау айтып, оқушылармен бөлісуді сұраймын.

Ал, 9-11 кластарда оқушылар есейеді, физиологиялық, психикалық жағынан толығу жүреді. Ойы, сезімі дереңдейді, философиялық, көркемдік ойлау мүмкіндігі кеңейеді, лирикалық шығармаларға, үлкен жанрларға қалам тартуға әуес. Терең ой толғауға, лирикалық көңіл күйді суреттеуге, жұмбақтылыққа, ішкі жан-дүниенің сырын зерттеуге ұмтылады.

Жоғары кластарда шығарма жазу жөнінде оқушыларға мынадай дағдыларды қалыптастыру керек:

1. Тақырыпты түсіну және оны таңдай білу.

2. Тақырыптың мақсаты мен мазмұнын білу.

3. Тақырыпқа жай және күрделі жоспар құру.

4. Тақырып бойынша жасаған жоспарына сай өзінің ойын жаза білу.

5. Баяндайтын ойын дәлелдеп жазу.

6. Цитатыны дұрыс таңдау және қолдану.

7. Сөзді талғай және оны өз орнына қолдана білу.

8. Ойды дұрыс құрап, дұрыс қиыстыру.

9. Эпиграф таңдау.

10. Шығарманың құрлысын дұрыс құра білу.

Бұл дағдыларды әр оқушыға меңгерту үшін, оларға әрі теориялық білім беруге, әрі жаттықтыруға тура келеді.

Шығарма – оқушының біреу я бірдеме жайында өз ойынан жазған еңбегі. Оқушыға шығарма жаза білуді үйретудегі мақсат – өз ойын, өз пікірін орамды әдеби тілмен дәл әрі нақты жеткізе алатын сауатты адам тәрбиелеу; оқушыны творчестволық күрделі ой еңбегіне баулу; оның тәсілдері мен амалдарын меңгерте отырып жазу жұмысына жаттықтыру.

Шығарма жазу тәсілдерін меңгере отырып, тақырыптық және еркін тақырыптарда өз ойын еркін әдеби көркем тілде жеткізіп, шығармашылық қабілеті шыңдалған әңгіме, өлең жазатын оқушылар да баршылық. Соның бірі Өтесінова Айым, Есенова Аяжан, Нариман Аружан, Киікбаева Әсем өлеңдері мен шығармалары түрлі журнал беттерінде басылып шықты.Олар- түрлі қалалық, облыстық,республикалық шығармашылық сайыстарға, олимпиадаларға қатысып жеңіске жетіп жүрген гимназияның үлгілі оқушылары.

Пайдаланылған материал

С. Мақпыров «Қазақ әдебиетінен шығарма жұмыстары»

Алматы «Рауан» 1996 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шы?арма ж?мысы – творчестволы? іс, ол білім мен білікті? де?гейін ай?ын танытатын айна

Автор: Алдыярова Кулайм Урынбасаровна

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320946


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства