kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шалқан" ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

балалардың театрға деген қызығушылықтарын арттыру, жеке тұлға ретінде көзқарастарын дамыту; балалардың әртістік мүмкіншіліктерін жүзеге асыру; түсіне білушілік, рөлге кіру дағдыларын арттыру; әдептілікке, шыдамды болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шалқан" ертегісі»

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.

Мақсаты: балалардың театрға деген қызығушылықтарын арттыру, жеке тұлға ретінде көзқарастарын дамыту; балалардың әртістік мүмкіншіліктерін жүзеге асыру; түсіне білушілік, рөлге кіру дағдыларын арттыру; әдептілікке, шыдамды болуға тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: шалқан – репка, ертегі – сказка, ертегі кейіпкерлері – сказочные герои.

Оқу іс – әрекет барысы


Шаттық шеңбері:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Балалармен үстел үсті театрлары жайлы әңгіме жүргізу. Үстел үстіне қойылған көрнекіліктерді көрсету.

Есік қағылады. Топқа сиқырлы дорбасы бар Түлкі келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен түлкі – апатаймын! Сендерге ертегілер елінен қонаққа келдім. Мен құр қол келген жоқпын, сиқырлы дорба ала келдім. Ол жай ашылмайды, оны ашу үшін сендер тақпақ айтып беріңдер!

Ортаға екі бала шығып тақпақ айтады:

Ойын маған ұнайды

Көп ойнауға болмайды

Күні бойы доп қусаң

Ақыл – білім қонбайды.



Мен бақшаға барамын

Ойнаймын, ән саламын

Тәрбиеші әпкелер

Досы барлық баланың



  • Жарайсыңдар, балалар, маған сендердің тақпақтарың ұнады.

Түлкі дорбаның ішінен ертегі суреттерін алып шығып, балаларға көрсетеді. Балалар ол суретте қандай ертегі бейнеленгенін айтады.

  • Балалар, сендер қандай ертегі кейіпкерлерін білесіңдер?

  • Сендерге қандай ертегілер ұнайды?

  • Ол ертегі кейіпкерлерінің орнында сендер болғыларың келе ме?

Балалар жауап береді.

  • Қазір біз сендермен ертегі қоямыз.

Ертегі кеіпкерлері және оны көретін көрермендер керек. Ең алдымен қандай ертегі қоятынымызды шешіп алайық, ал сіз қарап отырыңыз, біздің балалардың өнерін көріңіз. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабын тапсаңдар қызықты ертегі көресіңдер.



Жұмбақ шалқан туралы

Өзі үлкен, дөңгелек

Жүйекте өскен дөңгелеп

Дәмін татса тәтті екен

Жұлалмайсың қатты екен.

(шалқан)

  • Жарайсыңдар, балалар, сендер жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Біз бүгін сендермен «Шалқан» ертегісін қоямыз. Ол үшін кейіпкерлерді ортаға шақырамын.

Кейіпкерлер орындарына отырады.

  • Балалар, көзімізді жұмып, театрға бара жатқанымызды елестетейік. Көзімізді ашайық, міне біз келіп те қалдық, енді, маған айтыңдаршы, театрда өзімізді қалай ұстау керек? Шулауға болама? Төбелесу керек пе?

  • Жоқ!

  • Жарайсыңдар, олай болса, ертегімізді бастаймыз.

Бір күні атасы шалқан егіпті. Ол шалқанды күтіпті, суарыпты, содан соң ол үлкен болып өсіпті. Бір күні ата шалқанды жұлып алмақшы болады, бірақ шалқанның үлкендігі соншалық, ол алынбапты. Шалқанды ала алмаған атасы көмекке апасын шақырады.

Ата: Апасы-апасы, шалқанды алуға көмектесші.

Апа:Келе жатырмын, атасы.

Апасы келеді. Атасы шалқанды, апасы атасының артынан тартады, тартады, бірақ шалқан алынбайды. Апасы немересін шақырады.

Апа:Немерем, немерем, бізге шалқанды алуға көмектесші.

Немересі:Келе жатырмын апа.

Атасы шалқанды, апасы атасының артынан, немересі апасының артынан тартады, тартады, бірақ шалқан алынбайды. Немересі Ақтөсті шақырады.

Немересі:Ақтөс, Ақтөс бізге көмектесші.

Ақтөс:Гаф-гаф, келе жатырмын.

Олар шалқанды тартады-тартады, бірақ жұлып ала алмайды.

Ақтөс мысықты шақырады.

Ақтөс:Мысық-мысық, бізге көмектесші.

Мысық:МЯУ, келе жатырмын.

Олар шалқанды тартады-тартады, бірақ жұлып ала алмайды.

Мысық тышқанды шақырады.

Мысық:Тышқан, тышқан, бізге көмектесші.

Тышқан:Пи-пи-пи, келе жатырмын.

Тышқан мысықтың артынан, мысық Ақтөстің артынан, Ақтөс немересінің артынан, немересі апасының артынан, апасы атасының артынан, атасы шалқаннан тартады, тартады, шалқанды жұлып алады.

Кейіпкерлер қуанады, секіреді.

Осымен біздің ертегіміз аяқталды, Түлкі апай, сізге ертегі ұнады ма?

  • Иә, балалар, маған сендердің қойған ертегілерің ұнады! Рахмет сендерге! Енді менің кететін уақытым болды, сау болыңдар!

  • Сау болыңыз!

  • Балалар, бүгін біз сендермен қандай ертегіні көрдік?

  • Сендерге ертегі ұнады ма?

  • Балалар қараңдаршы, шалқан қандай? Оның түсі қандай?

  • Бізге қонаққа кім келді?

























































№1 екінші кіші топ тәрбиешісі

Шарипова С.Б.

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша қаласы

«Қарлығаш» балабақшасы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Шалқан" ертегісі

Автор: Шарипова Санимай Батырбековна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406568

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Шал?ан ертегісі"
    ["seo_title"] => string(18) "shalkaniertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "269447"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450831340"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "4 "г" сынып о?ушылары "Шал?ан" ертегісін сахналауы"
    ["seo_title"] => string(55) "4-gh-synyp-ok-ushylary-shalk-an-iertieghisin-sakhnalauy"
    ["file_id"] => string(6) "292636"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455298744"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Та?ырыбы:  «Шал?ан»ертегісі"
    ["seo_title"] => string(26) "takyrybyshalkaniertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "323633"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461996043"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Ертегілер еліндегі шалқан" ертегісі бойынша ашық көрініс"
    ["seo_title"] => string(69) "iertieghilier_ielindieghi_shalk_an_iertieghisi_boiynsha_ashyk_korinis"
    ["file_id"] => string(6) "389799"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486636764"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Шалқан ертегісін сахналау"
    ["seo_title"] => string(27) "shalkan_ertegisin_sakhnalau"
    ["file_id"] => string(6) "530198"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575464885"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства