Жеке әдістемелік тақырыбым: "Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру".
Педагогикалық мақсатым: Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту.Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Менің щығармашылық есебім»
Менің шығармашылық есебім
Мен, Хизат Дамель
Білімім: жоғары
Бітірген оқу орным: Абылыйхан атындағы Әлем Тілдер Университеті
Мамандығым: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жалпы еңбек өтілім: 14 жыл
Педагогикалық еңбек өтілім: 14 жыл
Санатым: жоқ
Менің педагогикалық ұстанымым:
“Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Ақылың мен білімің екі жақтан”
Абай Құнанбаев.
Жеке әдістемелік тақырыбым:"Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру".
Педагогикалық мақсатым:Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту.Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.
Педагогикалық тұжырымдамам:Үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру.
Менің жұмыс жасайтын мәселем:
1. Әріптестеріммен үнемі тәжірибе алмаса отырып, жұмыс істеу.
2. Оқушыларды өз бетінше білім алуға дайындау.
Жұмыс жүйемнің негізі: ата-аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.
2016 жылдың қыркүйек айынын бастап «Ушинский атындағы орта мектебі» КММ-да ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін. 5«в» сыныбына сынып жетекшілік етемін. Осы төрт ай аралығына оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, тек ағылшын тілін үйретіп ғана қоймай сыныбымның оқушыларымен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырып , мектепшілік іс-шараларға белсене қатысып келемін. Желтоқсан айында 5 «б» сыныбында «My favorite subject is P.E.» атты ашық сабақ бердім.
Өз іс-тәжірибемде бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Атап айтқанда ойын элементтерін жиі қолданамын. Ойын – ұйымдастыру тәртібі мен сабақ өткізудің әдістемесі болып саналады. Сол арқылы балалар белгілі бір ағылшын лексикасының қорын жинақтайды, көптеген тақпақтар, әндер мен санауларды жаттайды. Осындай сабақтарды өткізу тәртібі сөйлеу дағдысы мен тіл икемділіктерін меңгергенде қолайлы жағдай тудырады. Ойын әрекетіне шет тілінде сөйлеу мотивациясын қамтамасыз етуге жағдай туғызады. Сонымен қатар, деңгейлік тапсырмалар орындатамын.
Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.
Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.
Баланың логикасын, ойынын ұшқырлау мақсатында сканвордтар мен суретті кросвордтар, суретті тапсырмалар дайндалып, сабақта қолданамын. Әсіресе бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың маңызы өте зор.
Мұғалім ретіндегі ізгі мұратым – тек білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі ұзақ та маңызды үдеріс. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Әсіресе оқушыларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына көбірек назар аударамын. Оқушыларымды мектепшілік, аймақтық олимпиадаларға қатыстырамын. Ісіміз нәтижесіз де емес. 2015 жылы Батырбекқызы Маралым халықаралық онлайн олимпиадасына қатысып екінші орын иегері болды. Іріктеу бойынша Ресейдедің Омск қаласында өткен халықаралық олимпиададаағылшын тілі пәні бойынша үшінші орынды иеленді. 2016 жылы 10 сынып оқушысы Әділжан Нұрдана облыстық «Менің таңдаған мамандығым» эссе ағылшын тілінде жазып қатысып «Болашшақа жол» номинациясын жеңіп алды.
Педагогикалық жолда тек осы істермен шектелмей, интернет жүйесінде де өз тәжірибеммен алмасып, өзге әріптестеріммен қарым қатынас жасаймын. Интернет желісіне сабақтарымды, баяндамаларымды салып, өзге де әріптестеріммен бөлісемін. Бірнеше сертификаттарым да бар.
Оқушыларға ағылшын тілінен терең пәндік білім беруде олимпиадаға, пәндік сайыстарға дайындау мақсатында олимпиадалық топ жұмысын жүйелі жүргізіп отырамын.