kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақстандық патриоттық тәрбиесін қалыптастыру жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

В  статье  рассматривается  пути  формирования  казахстанского  патриотизма  у

детей  дошкольного  возраста  в  условиях  образовательного  процесса  дошкольного

учреждения.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақстандық патриоттық тәрбиесін қалыптастыру жолдары»

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Исабаева А.Д.

№ 1 «Ертегі» бөбекжай балабақшасының басшысы

Сәтбаев қаласы

В статье рассматривается пути формирования казахстанского патриотизма у

детей дошкольного возраста в условиях образовательного процесса дошкольного

учреждения.

This article observes the problem of upbringing patriotic generation, mainly awakening and

raising the patriotism in pre-school and kindergarten children.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани–патриоттық тәрбие

беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен

басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал

үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың

бойына жастайынан ұлттық намыс, мінез-құлық, тектілік, отансүйгіштік, яғни рухани-патриоттық құнды қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль

атқарады [1].

Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі

болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам

қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер

етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру

жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық,

инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі

толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие

- барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын

орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі

болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Баланың бойында

адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен

түйінделеді [2]:

 Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына,

көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.

 Табиғатқа қамқорлықпен қарау.

 Еңбекте еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.

 Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.

 Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке

тәрбиелеу.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін

тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі

орталықтарда барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған

жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді

парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік

мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм»

ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным – сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан

бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды [3].

146

Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда балалар мен жастардың

тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда

патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.

Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін

қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз,

сонымен қатар олар бір–бірін танып-біліп, құрметтеуі тиіс. Сондықтан бала бойына

халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тарихын кішкентайынан сіңіре білгеніміз жөн.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда тіл

дамыту, көркем әдебиет пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін, жерін

қорғаған батырларымыздың ерлігі, ақындардың елін сүюге шақырған өлең-жырларының

балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптасытыруда маңызы зор.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны - туған

жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша

киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді

ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен–өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп

қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде

біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен,

балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық

ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы

өсіп жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ, жеке адам өз ұлтының

қасиеттерін бойына сіңіруі керек [4].

Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриотизм сезімін тәрбиелеу – күрделі және

ұзақ үрдіс. Баланың тұлға ретінде дамуында жақындарына,балабақшаға, туған қаласына

және еліне деген сүйіспеншілігі үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі мекемеде патриотизм

сезімдерін тәрбиелеуде басымды бағыттың бірі - ол экологиялық білім беру болып табылады.

Балаларды өз елімен, ұлттық, тарихи мәдениетімен, табиғатымен таныстырғанда, олардың өз

Отанының, патриоты және азаматы болатындай мінездері қалыптаса бастайды [5]. Адамның

балалық шағында алған әдемі табиғаты, елінің тарихы туралы әсері, көбіне өмір бойы

есінде қалады екен. Шындығында, біздің еліміз қандай болса да, адам өзінің туған, өсіп –

өнген жеріне, көшесіне, алғаш рет ағаш еккен ауласына деген сүйіспеншілігін өз Отанына

деген сезімімен байланыстырады. Балаларды өз туған қаласымен таныстыру біздің

ойымызша өте қажетті жұмыс, өйткені ол танымдық, рухани–адамгершілік, табиғатты қорғау

қызметін атқарады. Балабақша баласына «өзінің кішкентай Отаны» туралы көп қызықты

мәлімет беруге болады (қаланың тарихи және қазіргі кейпі, сәулетті жерлері,ескерткіштер

туралы). Педагогтың берілген ақпаратының қандай әдіс –тәсілдер арқылы жеткізе алуына

байланысты балалар оны қабылдайды және жаңа нәрсе білгісі келетін қызығушылығы пайда

болады. Біздің педагогикалық ұжым балаларды қоршаған ортамен таныстырудың, яғни

экологиялық тәрбиенің жүйелілігін ескере отырып, балаларды рухани – патриоттық

тәрбиелеу сабағына тақырыптық жоспар өңдедік. Үй, балабақша, туған қаласы, сонымен

қатар қоршаған табиғат «балабақшаның жасыл желегі» - табиғат бұрышы, экологиялық

соқпақ сияқты тақырыптар кірді. Бұл жұмыс барлық топтарда жүйелі түрде жүргізілуі тиіс

[6]. Барлық топтардың тәрбиешілері өз жұмыстарында балаларды туған қаласымен,елімен

таныстырудың әр түрлі формаларын қолдануы тиіс: мақсатты серуен, саяхат, әңгіме,

бақылау, дидактикалық ойындар, әр түрлі көркем әдебиет оқу және т.б. Бұл жұмыстар

үлкендер мен балалардың ұйымдасқан түрінде өтуі тиіс. Мектепке дейінгі жаста кіші

топтағы балаларға қаланы көз алдарына елестету өте қиын. Сондықтан олармен жақын

көшеге серуен жасау, өз үйлері, көшелері, үйлерінің нөмірлері туралы әңгіме жүргізу.

Ортаңғы топ балаларымен бұл бағытта мынандай жұмыстар жүргіземіз: алдымен

балабақшаның тұрған ауданымен таныстырамыз, балабақшаның айналасының қолымен

жасалған әдемілігімен таныстырамыз. Қаланың ауылмен айырмашылығы туралы әңгімелеу.

Ересек топта туған қаласы туралы білу мәліметі ұлғаяды. Балаларды өз туған қаламыз

147

Сәтбаев қаласының тарихымен, оның көрікті жерлерімен таныстырамыз. Осылай

таныстырғаннан балаларда өз туған қаласы бойынша мақтаныш сезімі туады. Балалардың

өзінің туған қаласымен және Отанымен танысқаннан олардың көңіл – күйлері көтеріліп,

көріп-білгендерін сурет арқылы көрсеткілері де келеді.Сондықтан, бұл жұмыс бейнелеу

өнерінде де жалғасын таба білді. Балалардың салған суреттерінде өзінің туған қаласына

деген сүйіспеншілігі және де серуен кезінде бақылаған табиғаты жөнінде бейнеленеді.

Музыка сабақтарында өз халқының дәстүрін танып араласады [7]. Балабақшада патриоттық

тақырыпқа мерекелік ертеңгіліктер өткізу дәстүрлі болып кетті. Мысалы, “Сарбаздар күні”,

“Қала күні”, “9 Мамыр – Жеңіс күні”, “Балаларды қорғау күні” және т.б. Балалармен өзінің

туған өлкесі бойынша танысу кітап бұрышында, түрлі – түсті суреттер, дидактикалық

материалдарды қарау бойынша, ұлттық салт – дәстүр өнері бойынша жүргізіледі. Жыл бойы

балалармен жүргізілетін жұмыстың негізі - ол табиғатпен танысу, қорғау қызметі. Табиғатты

танып–білу, қорғау – Отанды тану, қорғау болып табылады. Тәрбиешілер балалармен

аракідік «экологиялық күзетке» өз ауласын тазалауға шығып тұрады. Осы арқылы балаларға

олардың айналаны таза ұстап, үлкендерге көмектесіп, өздерінің осы қаланың тұрғыны

ретінде қаланы таза сақтау керектігін түсінулеріне құлшындыру. Осы айтылғандарды есепке

ала отырып, біртіндеп балабақшада рухани – адамгершілік – патриоттық тәрбие жұмысының

жүйесі қалыптасады. Біздің жұмыстың жемісі – бұл ата-аналармен бірлесіп

қызығушылықпен жасаған жұмыстар. Бүгін біз, педагогтар балаларға өзінің туған өлкесіне,

салт–дәстүріне және осындай Қазақстан еліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелей аламыз, яғни

балаларға рухани – патриоттық тәрбие бере аламыз деп сенімді түрде айта аламыз.

1. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. Алматы,2004ж.

2. Әбентаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, «Дарын». 2004 ж..

3. Бабаев С.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. Түркістан, 2010 ж.

4. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы, 1995ж.

5. Ушинский К.Д. Педагогика. Алматы: Ана тілі. 1992 ж.

6. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы: Білім, 1997ж., 231 бет.

7. Майғаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу-әдістемелік кешен. Алматы, 2006 ж.

ӘОЖ 81:001.12/.18


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Исабаева Айжан Дюсембаевна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392050

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "МЕКТЕП  ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ ПАТРИОТТЫ? Т?РБИЕМА?ЫЗЫ "
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep-zhasyna-dieiingi-patriottyk-t-rbiieman-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "126093"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1415113285"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Патриотты? т?рбие"
    ["seo_title"] => string(16) "patriottyktrbiie"
    ["file_id"] => string(6) "289102"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454740518"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Білім беруді жа??ырту жа?дайында А?Д саба?тарында патриотты?  т?рбие беру"
    ["seo_title"] => string(67) "bilimbierudizhangyrtuzhagdaiyndaadsabaktaryndapatriottyktrbiiebieru"
    ["file_id"] => string(6) "289120"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454742154"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства