kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп және отбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектеп пен отбасының бала тәрбиесінде бірігіп жұмыс жасауы туралы баяндама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп және отбасы»

Мектеп және отбасы ынтымақтастығы

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. 
Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа, тілалғьштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын, баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиеші не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін есепке алғаны дұрыс. Өйткені бала өмірінде еңбек, демалыс, ойын, үй тапсырмасын орындау ұйқы және т.б. дұрыс кезектесіп отыруы тиіс.Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-әрекеті:
– сабақ үлгерімін бақылау. Сабақты себепсіз қалдырмауына атсалысу;
– оқуда үлгеруіне, достарымен қарым-қатынасының дұрыс болуына көмектесу, жағдай туғызу;
– сынып жетекшісімен, мектеппен тығыз байланыс орнату;
– қызығушылығын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үйірмелер, факультативтерді таңдауына көмектесу;
– ақыл-ой еңбетін ғылыми ұйымдастыруға үйрету, ұсыныстар беру, психологпен бірге әңгімелесу;
– араласа білуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге баулу;
– қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу;
– санитарлы-гигеналық дағдыларды сіңірту;
– адамгершілік-жыныстық, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің міндеттері мен борышын адал атқаруы оған да, отбасы мүшелеріне де қуаныш сезімін сыйлайды. Ол үшін отбасы мүшелері бала еңбегіне артық салмақ түсірмей не жеңіл-желпі қарамай, парасатты және әділетті болғандары абзал. Яғни, оқудан келген соң демалуын, оқуын пайдалы еңбекпен ұштастырып отыруын бақылап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырулары керек. Отбасы мүшелері баланы түрлі іс-әрекеттерге және өз бетімен еңбек етуге үйретулері қажет. Саналы тәрбие, сапалы білім баланың ертеңіне даңғыл жол ашады.Адам өмірінің алтын бесігі – мектеп қабырғасында өткен жылдар. Бұнда бала жаңа өмірдің заңдылықтарын үйренеді.Халқымыз: «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дейді. Бүгінгі күні баланы әдепті де,саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрлерімізді, әдет – ғұрыптарды, дінімізді, ата – бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты  міндеті дегіміз келеді.Оқушы – мұғалім, оқушы ата –ана, мұғалім-ата –ана адамгершілікке бағытталған  тұлға аралық  қатынасты  қалыптастыруға күш салатын үштік одақ. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулып өсіру шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата - ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата - ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өздерне керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Осы мақсатта сынып жетекшілер өз міндеттерін жақсы атқарып келеді. Себебі жеті сайын тәрбие сағаттар өткізіліп тұрады. Және тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізіліп, хаттамалар толтырылады. Оқушылардың уақытын тиімді өткізуге арналған түрлі үйірме-клубтар жұмыс жасайды. Аз қамтылған отбасыларға уақытылы көмек көрсетіліп отырады. Мектеп пен отбасы саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Осы мақсатта ата-аналар мектепшілік іс-шаралардан бейқам қалып жүрген жоқ. «Өнеге отбасынан басталады», «Баланың бас ұстазы ата-анасы» және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр түрлі сынып сағаттары өткізіледі. Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Ата  — ана мектеппен  байланысын  күшейтуі  арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы  жетістікке қол жеткізе алатыны ақиқат. Ал, ата –ана мен ұстаздар  арасындағы  қарым –қатынасынан  біз тамаша  нәтиже күтеміз.Бар әдемілік пен әдептілікті бойына  жинаған, халықтық тәрбиемен сусындаған, өз отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі қалыптасқан  жеке тұлға қалыптастыра аламыз.

Бұрын жазылған драмалар мен шығармаларды оқи отырып, өзіңіе қажетті көптеген тәрбиелік әсерлерді алуға болады. Сол кездері балаларды қалай тәрбиелегені жөнінде біле отырып қазіргі жастарды дәл солай болмасада, қазіргі заман талабына сай тәрбиелуміз керек.Қазіргі жасөспірімдеріміздің көбісі басына түскен қиынншылықты көтере алмай жаман жолға түсіп кетуде. Бұрын қалай қиналса да , жігерлікпен жеңе жүрді емес пе? Сол қиындық адам басына түскенде бағыт беретін жандар кездесіп, мына жол дұрыс емес деп, мына жолмен жүрдеп бір бағыт берсе, сол қиындықтан шығып кетеді. Сол кезде бағыт-бағдар беріп тәрбиелеп отыратын ата-аналар мен мектептегі мұғалімдер емес пе? Біз бұл салада ата-анамен мектеп біріге отырып, саналы, тәрбиелі, білімді, адамға тән жақсы қасиеттердің бәрін бойына сіңірген болашақ жастарды тәрбиелеуіміз керек. Мектеп ұжымына ата- ананың көмегі ауадай қажет.Мектеп пен ата – ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:
 ақпараттық;
 тәрбиелік-дамытушылық;
 қалыптастырушылық;
 қорғау-сауықтырушылық;
 бақылаушылық;
 тұрмыстық.
Сондықтан «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз.

















273 орта мектебі





Баяндама





тАҚЫРЫБЫ:



«мЕКТЕП ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп және отбасы

Автор: Бакиева Зинеш Мусаевна

Дата: 14.05.2019

Номер свидетельства: 510302

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "«Мен және отбасым!» отбасылық сайыс"
    ["seo_title"] => string(35) "mien_zh_nie_otbasym_otbasylyk_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "359916"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479405537"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Сабақ жоспары. Тақырыбы: Қоғам және отбасы. 9 сынып"
    ["seo_title"] => string(54) "sabak_zhospary_tak_yryby_k_og_am_zh_nie_otbasy_9_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "446709"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1514276943"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Мектеп ж?не отбасы (тренинг) "
    ["seo_title"] => string(32) "miektiep-zh-nie-otbasy-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "206122"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430116445"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Мектеп о?ушыларын рухани-адамгершілікке т?рбиелеудегі отбасыны? ы?палы."
    ["seo_title"] => string(75) "miektiepokushylarynrukhaniadamghiershilikkietrbiielieudieghiotbasynynykpaly"
    ["file_id"] => string(6) "329368"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463927634"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Ата-аналарды мектеп ?міріне, спортты? шаралар?а,сайыстар?а тарту "
    ["seo_title"] => string(69) "ata-analardy-miektiep-omirinie-sporttyk-sharalarg-a-saiystarg-a-tartu"
    ["file_id"] => string(6) "175243"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424253432"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства