Баянауыл ауданының жалпы орта білім беру мектептерінде Тәуелсіздік күніне орай «Кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру.
Бұл акцияға мектептің мұғалімдері, оқушылары және ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Кітапхана қорына 208 дана балалар әдебиеті, көркем әдебиет, анықтамалық және оқу құралдарымен толықтырылды.
Акцияға алғаш болып өз үлестерін қосқан ауданымыздың №1, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашылары болды. Өзара бір-бірлеріне 25 дана кітап сыйға берді. Сыйға берілген кітаптар: балалар ертегісі, суретті санамақтар және қысқа ертегілер, көркем әдебиеттер.
Акцияның соңында ең белсенді сыйлаушыларға «Қайырымдылық акциясының қатысушысы» белгілері, дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары беріледі, олардың аты-жөндері кітапхананың «Құрмет кітабына» енгізіледі.