kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазіргі қазақстан. елбасы көшбасшылығының сабақтары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қ.Р- ның Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазіргі қазақстан. елбасы көшбасшылығының сабақтары»

АТС-ТБ-01/2019

1. МАҚСАТЫ

  • қазақстандық патриотизм, ұлттық сана қалыптастыру;

  • тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы


2. КӨРНЕКІЛІКТЕР

Бейнероликті , презентацияларды, ҚР рәміздерін, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, даталар жазылған плакаттар, Н.Ә.Назарбаевқа арналған өлеңдер мен фотолардан ұйымдастырылған көрме, топтарда жұмыс істеуге арналған Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы ақпараты бар үлестірмелі материалдар.


3. САБАҚТЫҢ ТҮРІ

Ой талқылау


4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


Әнұран айтылады

Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар және студенттер! Бүгін біз 1 желтоқсан Қ.Р- ның Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты ашық тәрбие сағатымызды өткелі жатырмыз.

Сіздерді қонақтарымызбен таныстырып өтейік: Шардара аудандық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жастар Отан» жастар қанатының төрағасы – Ділдабек Нұрболат Жиенбекұлы

Колледждің ДӨОЖЖ орынбасары – Талбидин Закірхан Раманқұлұлы

Колледждің ДТЖЖ орынбасары Шертаева Гүлжанат Орынбайқызы

Қазақстан Парламенті 2011 жылы Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке ретінде жариялайтын Заң қабылдады.

1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Н.Назарбаев – «Саналуандылық арқылы – бірлікке» шоғырланған принципі қамтылған, ел бірлігі мен этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің авторы.

Тұңғыш Елбасымыз жайлы айтылар сөздер көп. Енді әр партия мүшелері өздерінің дайындаған поэзияларына кезек берелік.

Поэзия(презентация қойылады Елбасы жайлы)

Нұрдаулет: Тұңғыш қазақ Президенті – Нұрағам
Ата – бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті – Нұрағам.

Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті – Нұрағам.

Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазы қағып, нұраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті – Нұрағам.

Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы
Елін сүйген, елі сүйген – Нұрағам!

Ақмарал: Ел бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан!
Хан Кенеден тоқтаған азаттықты,
Жалғастырған азамат бар тегі дара.
Ел қамын екі иықпен арқалаған,
Оны туған қасиетті елі дана!
Жақсының жақсылығын айт дегендей,
Айтайын мойындасын дос пен дұшпан.
Қырандайсың көк тудағы қанат қаққан,
Нұрлы, жарық бағытта биік ұшқан!
Басшысыз елдің болмас берекесі,
Жердегі патша – Алланың көлеңкесі.
Жетпіс жыл отарлықтан азып – тозған,
Азат болып көтерілді ел еңсесі.
Сол елді бар әлемге таныттырған,
Ол да білсең Елбасының мәртебесі!
Ата заңды, тілді, дінді қуаттаған,
Көк байрақты биік ұстап құлатпаған!
Отан үшін аянбай қызмет етіп,
Тер төгіп, ел үмітін ардақтаған!
Тұмардай тыныштықтың ұйытқысы,
Ақылмен әр қадамын салмақтаған.
Көсемдікпен ертеңді көре білген,
Қателікке бой алдырмай ар сақтаған.
Халық қамын жасаған ерлігімен,
Көзге түскен көреген тірлігімен.
Елімізді көп елге үлгі еткен,
Тату – тәтті көп ұлттың бірлігімен.
Білімді ұрпақ жеткізуді мақсат етіп,
Ертеңіне елінің алаңдаған.
Биік, жарқын болашақ күндеріне,
Жастарының жетуін армандаған.
Жаратқан жарылқады қазақ елін,
Ел басына қайта қойып қазақ ерін.
Кемелді келешекке жол бастаған,
Жәрдемшіге табыстап жұртты керім.
Нұр келбетті азаматсың атыңа сай,
Елмен бірге саналы ғұмыр кешкен.
Аружан: Сарабдал саясатпен топты жарып,
Талай заңғар істерді батыл шешкен.
Бүкіл жаһан назарын тарта білген,
Төрағалық жасаған жер жүзіне.
ОБСЕ торинде даналықпен,
Таңырқаумен қаратқан әр сөзіне.
Қиын – қыстау заманда еш саспаған.
Бас түсірмей көкірегін тік ұстаған,
Кемеңгерлік болмыспен көш бастаған!
Нағыз ерсің Нұраға ел бастаған!
Тарихта мәңгі есімің ұмытылмас,
Таңба болып қалады ұрпақ үшін,
Мақтаймызда, мақтанамыз өзіңменен.
Талмасын Ел ағамыз жігер күшің!
Тұғыры биік, рухы асқақ ұлттың ұлы тұлғасы,
Алты алаштың арқа сүйер парасатты ағасы!
Қазақтың алып қыраны, ынтымақ болған ұраны!
Ел бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан!
Көш бастаған көшбасшымыз Нұрсұлтан!

Өстемір: Көш бастаған – Президент
Тәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,
Көш басында ел мақтаған – Президент.
Сын сағатта еліне еңбек етіп,
Арманына қол жеткізген – Президент.

Қазағым деп соққан оның жүрегі
Отша қайнап, лаулап жанып жүреді.
Халқыменен бірге болған сәттерде,
«Аман болшы елім» оның тілегі.

Егемендік алып келген еліне,
Қазағымның ұлан – асыр жеріне.
Дербес елдің көк туын желбіреттің,
Жаңғырды «Қазақ» аты жер – жерлерде.

Таулар менен өзен, көлдер «қазақ» деді.
Атабек: Аспанда ай мен жұлдыз «қазақ» деді.
Даңқың мен абыройың арта берсін,
Әз, Елбасы бастаған қазақ елі.

Тәуелсіз, егеменді жерінде
25 – ін тойлап жатыр қазақ елі.
Ғұмырың ұзақ болып Қазақстаным!
Мәңгілік жасай берші қазақ елі!

Елінің абыройын асқақтатқан,
Көш басында, ел мақтаған Президент.
Қажырлы, талмас қанат, ерлігімен
Арманына қол жеткізген – Президент.


Мұғалім: Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.

Н. Ә. Назарбаев туралы бейнеролик тамашалайық!


5 ОЙЫН Бағдарламаларды дайындау (10 минут).

Студенттер 4 командаға бөлініп отыр, олардың әрқайсысы өзінің сайлау алды бағдарламасы бар партиялар, атап айтсақ «Болашақ», «Жас ұлан», «Өркен», «Жалынды Жастар». Партиялар Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметіне сүйене отырып бағдарлама әзірледі. Бағдарламаға қосымша әрбір команда Тұңғыш Президент – Елбасының қызметі бойынша басқа командаларға арналған сұрақтар қояды.


5.1 Бағдарламаларды ұсыну (15 минут).

Әрбір топқа бағдарламасын ұсыну үшін 3-4 минут беріледі. Бұл жерде топтың бір мүшесі немесе бірнеше мүшесі сөйлеулеріңіз қажет. Хабарлама әртүрлі формада болады, соңында аудитория немесе сайланған қазылар алқасы тарапынан хабарламалар бағаланады

Жеңімпаз үздік бағдарлама үшін дауыс беру нәтижелері және сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы бойынша анықталады.


Рефлексия: студенттер осы сабақтан өздерінің тұлғалық өсуіне себеп болатындай не алды? (8 минут)

Уақыт капсуласы студенттер өздеріңізге болашаққа жолдау жазыңыздар.

Мысал келтірсек:

- Болашақта өзімді қандай адам ретінде елестетемін?

- Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бойында бар қандай қасиетті міндетті түрде өз бойымда дамытамын?

- Қазақстанның дамуына қандай үлес қосар едім? - деген сияқты жазсаңыздар болады.


6. ҚОРЫТЫНДЫ

Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Елдің назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық.


7. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Газалиев А. Білім - баршаға ортақ қазына/А. Газалиев // Егемен Қазақстан, 2014. т.27 мамыр (№102)

2. Арстан Газалиев // Казахстанская правда/ 23 Ноября 2016

3. Нурсултан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: Ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш: 2 томдық /Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. -Т 1.- 736 бет.- Қазақ, ағылшын тілдерінде.

4. Н.А.Назарбаев «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания».


4


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазіргі қазақстан. елбасы көшбасшылығының сабақтары

Автор: Дәулетиярова Гүлшат Қуатбекқызы

Дата: 06.02.2020

Номер свидетельства: 538634

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Сынып сағаты: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» 5 қазақ коррекциялық сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "synyp_sag_aty_k_azak_stan_riespublikasynyn_t_uielsizdighinie_25_zhyl_5_k_azak_ko"
    ["file_id"] => string(6) "384657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485542140"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар"
    ["seo_title"] => string(76) "k_azak_standag_y_bilim_zhuiiesinie_ozghieristin_k_azhiettilighi_turaly_oilar"
    ["file_id"] => string(6) "372838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482514336"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру- сапалы білім кепілі"
    ["seo_title"] => string(71) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyru_sapaly_bilim_kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "438727"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510644051"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Ел тәуелсіздігіне 25 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel_t_uielsizdighinie_25_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "375861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483689368"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі."
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasy_bastauysh_miektieptieghi_rukhani_adamghiershilik"
    ["file_id"] => string(6) "403403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1490524895"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства