kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Исследовательский проект по экологии

Нажмите, чтобы узнать подробности

исследовательский проект  школьника и учитель по биологий

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«исследовательский проект по экологии»

Жоспары:


Кіріспе


І. Негізгі бөлім

1. Қоқыс – ғасыр дерті

2. Қатты қалдықтарды қайта өңдеу жолға қойылмақ

3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы, мемлекет шығындарын азайту

4. Қалдықты табыс көзіне айналдырған кәсіпорын


ІІ. Ғылыми жоба бойынша алынған сауалнамалар

/Әлеуметтік сараптамалар нәтижесі/


ІІІ. Практикалық бөлім

1.«Көшедегі шөлмек саны» бақылауларымыздың қорытындылары

2. Эксперименталды жұмыстарымыздың қорытындылары

3. Өзекті мәселені шешу жолдарының бірі – қоқыстан бұйым жасау

а) Баклашканы да пайдаға асыруға болады

ә) Газеттен жасалған бұйымдарға сұраныс арта бастады

б) Пластик ыдыстардан (қатты қалдық) сәнді киім жасау


ІV. Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер






















Кіріспе

Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды,

бәрі орынды, бәрі шындық ал, адасу

мен жаңылысу тек қана адамда болады”

Гёте


Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуде.


Жұмыстың мақсаты:

1. Табиғаттың тозуы- экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру,

2. Экологиялық тәрбие беру.

3.Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.

4. Өлкеміздің экологиялық жағдайын білу үшін ізденуге баулу

Зерттеу кезеңдері:

Ғылыми жұмысымның зерттелуі үш кезеңді қамтиды.

Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы, тақырыпқа сай сауалнамалар жүргізу. Үшіншісі — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Әрі қарай қорытынды, ұсыныс және пайдаланылған әдебиеттер.


Жұмыстың міндеттері:

- қалыптасу көздерінде қалдықтарды азайту

- тұрмыстық қалдықтарды жинау мен сорттау мәселелерін шешу

- тұрмыстық қалдықтарды утилизациялауға негізгі бағыт беру

- өңделмеген қалдықтардың қоршаған ортаға ықпал жасауға жол бермеу мәселелерін шешу







І. Негізгі бөлім


Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты. Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:











Қоқыс - еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің қаламның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса 1 адам 1 күнде 59938,2 кг, сонда 1 адам 1 айда 1 858 084,2 кг, жылына 1 адам жылда 22 297 010,4 кг қоқыс, 42813 адам 1 жылда 954 601 906 255,2 кг қоқыс полигонына апарылады екен. Егер қаланың күндіз – түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық

шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қо­қысқа тастайтын пластмасса құты­­лар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал  консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құрт­ша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.

Осыған орай Қызылорда қаласында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануын үнемдейді екенбіз. Қызылорда қаласында қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон, 15% полимер, 5% резенке, тері, 10% текстиль, 30 % пластик ыдыстар болып табылады.

Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.

Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.


2. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали ӘШІМОВ Парламент Мәжілісіне «ҚР-ның кейбір заңнамаларына эко­логиялық мәселелер жөнін­де өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» жаңа заң жобасын әкеліп таныстырды. Министр заң жобасында мемлекеттік ұйымдар және Бас прокуратурамен бірлесіп жинақталған қалдықтардың барлық көлеміне қосымша төлем жасау енгізілгенін атап көрсетті.

Республикамызда көп жылдардан бері жинақ­тал­ған қалдықтардың көлемі азаймайды. Керісінше, көбею үрдісі байқалуда. Заңнамалық базаның жетілмеуінен кәсіп­орындарға қалдықтарды кәдеге жаратуда немесе қайта өңдеу, кәдеге асыру шараларынан гөрі оларды орналастыруға ақы төлеу оңай. Кәсіпорындардың материалдық жауапкершілігі жоқ. Бұл үшін өтемақы төле­мейді. Қалдықтар көлемін азайту және олардың әсерін төмендету бойынша шараларды жүзеге асырмайды» деп атап көрсетті ол. Министр осы ретте заң жобасында қалдықтарды қайта өң­деу және оларды азайтуды ынталандыратын тетіктер қам­тылғанын жеткізді. Олар­дың маңызды бір бөлігі Салық ко­дексіне жинақталған қал­дық­тардың барлық көлемі үшін қосымша төлемақылар енгізу. Кәсіпорындар қалдық­тарды басқару бағдарламасын әзір­леп, оны Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне бекітуге міндетті болады. Бағ­дарламаны әзірлеу және орын­дау кезінде кәсіпорындар көз­делген төлемақылардан босатылады. Осы ережелер заң жобасы бойынша 2013 жылғы 1 қаң­тардан бастап жүзеге аса бас­тады. Кәсіпорындарға өз бағ­дар­ламаларын даярлауға, не­гіздеуге  уақыт бар. Министр заң жобасының мақсаты бюджет толтыру емес, кәсіпорындарды қалдықтарды жою жолдарын іздестіруге ын­таландыру екендігіне депу­таттардың көздерін жеткізгісі келді. Бүгінде белгілі болып отырғандай, қалдықтар бойынша мұндай саясат көптеген ел­дерде қабылданған. Олардың көш басында АҚШ тұр. Мұн­дай талап өз кезегінде қал­дықсыз өндірісті жандандыру, жиналған қалдықтар көлемін азайтуға мүмкіндік жасады. Ми­нистр бұл тетіктер арқылы Қазақ­станда 2020 жылы жинақ­талған қалдықтар көлемі едәуір азая­тынына сенімді. Осындай қатаң шаралардың арқасында «Теңіз Шевройл» компаниясында жинақталған күкірттің көлемі азайтылыпты. Заң жобасының тағы бір мақсаты – жаһандық эко­ло­гиялық ахуалдың өзгер­уіне байланысты парниктік газ­дардың тастандыларын мемле­кеттік реттеуді күшейту. Ол үшін парниктік газдар шығары­лымдарына квота 2011 жылдан басталды. Жылына 20 мың тоннадан артық парниктік газ шығарылымдарын пайдаланушылар квота алу тиіс. Бұл – мұнай, газ энергетика, тау-кен, химия салаларының ірі кәсіпорындары. Қазіргі таңда бұл секторлардың тастандылары 714 млн тоннаның немесе бүкіл көлемнің тоқсан пайызын құрайды. Парниктік газдар тастандыларында квоталар Үкіметпен бекітіліп, ұлттық жос­пардың негізінде таратылатын болады. Бұл кәсіпорындар пар­никтік газды төмендету жобаларын іске асыруға, сонымен қатар, өзара квоталарды сатуға мүмкіндік алады. Жиырма мың тоннаға дейін парниктік газ тастандылары бар табиғат пайдаланушылар квотасын сата алмайды. Бірақ, оларға өздерінің кәсіпорындарында экология­лық мәселелерді шешу үшін инвестициялар тартуға құқық беріледі. Табиғат пайдалану­шылар­дың экология­лық талаптарды орындау жауапкершілігін күшейту мақсатында қылмыс­тық және әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілмек. Эко­ло­гия­лық құқықбұзушылық бо­йынша қылмыстық заңна­ма­ны қолдану мәселелері құқық қорғау орындарының үй­лес­тіру кеңесінде бірнеше рет қаралды. Қылмыстық өлшем­дердің бүгінгі таңда тиімсіз және қауіптерге сәйкес келмейтіндері дәлелденіп отыр. Экологиялық қылмыстарға ар­налған он сегіз баптың үш-төр­теуі ғана қолданылады. Оның өзі броконерлік үшін. Соңғы бес жылда эколо­гиялық заңнаманың өрескел бұзылуына қарамай айып­керлердің бір де біреуі қыл­мыстық жауапкершілікке тартылмаған. Заңна­маның сол­қылдақ тұсы қылмыс­кер­дің жазаға тартылмауына мүмкіндік береді. Бұл жағ­дайларды түзету үшін заң жобасына экологиялық қыл­мыстардың өлшемдері енгізіледі. Қайта өңдеу шараларын жүргізуді талап ету өндірістер мүм­кіндігіне қаншалықты сай? Бұл ретте кәсіпорындарда мыңдаған адамдар еңбек етіп, өз күн көрісін айырып жатқаны ұмытылып қалған жоқ па? Бел­гіленіп отырған талаптар олар­ды шығаратын өнімдерінің өзіндік құнын көтеріп, шығынға батырып, күндердің күнінде жұмысын тоқтатуға әкеліп соқ­пай ма? Оның үстіне бүгінде өткен ғасыр, кеңестік кезең­нен жинақталған қалдықтар бар. Оларды жою, қайта өңдеу шара­лары кімнің есебінен жүр­мек? Еш кәдеге жарамайтын қалдықтардан арылу жайы қал­ай болмақ? Депутаттар осы мәсе­лелердің ушығып кетпеуіне алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, олар бүгінгі таңда айналаға өндірістік қалдықтар тастамайтын өндірістер бар. Оларға қандай жеңілдіктер жа­са­лып жатқанын білгісі келді. Министр мырза кәсіп­орын­дарға қойылып отырған жаңа міндеттемелерді былай түсіндірді. Қолданыстағы эко­ло­гиялық Салық кодексі бойынша олар қалдықтарды ор­на­ластыруға рұқсат алды. Мәсе­лен, сіздің кәсіп­орны­ңызда 60 млн тонна қалдық бар. Сіз тек салықты бір млн тонна үшін ғана төледіңіз. Ал, қал­дық сол қалпында жатыр. Заң жобасы бойынша 2013 жылға дейін салық бұрынғы тәртіппен төлене береді. Бірақ, өндіріс осы уақытқа дейін осы қалдықты өңдеудің залалын азайтудың бағдарламасын әзірлеуі керек. Ол он жылға арналған. Яғни, аталған талаптар 2016 жылдан бастап  күшіне енеді. Осы уа­қытқа дейін кәсіпорындар оны жүзеге асыруға дайындық жасауы қажет. Жабдықтар сатып алып, қаржы тартуы тиіс. Бұған дейін одан басқа салық алынбайды. 2016 жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асыра бастаса ол ешнәрсе төлемейді. Ал, бір жылда оны үзіп, қайта өңдеуді тоқтатса оған бірден айыппұл салынатын болады. Оған қоса талапты бұзғаны үшін салық комитеті он есе көп артық төлем алатын болады. 2013 жылға дейін уақыт жеткілікті. Кәсіпорындардың осы мерзім ішінде бағдарламаны дайындап жүзеге асыруға толық мүмкіндігі бар. Бұл ретте қал­дықтарды жүз пайыз өңдеу, жою міндеттеліп отырған жоқ. Еш­қандай қайта өңдеуге келмейтін қалдықтар қоршаған ор­таға зиян келместей етіп көмілу керек. Айша ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті» АСТАНА . Дерек пен дәйек: Қазіргі уақытта республикамызда 22 млрд тонна өндіріс және тұрмыс қалдықтары  жиналған. Олардың ішінде 7 млрд тоннасы қауіпті қалдықтар. Соңғы жылдардағы қалдықтардың түзілу динамикасы жоғары болып отыр. Олардың әр жылда орта есеппен алғанда жиырма пайызы ғана кәдеге жарайды. Ал, жылына 500 млн тонна қалдықтар жинақталған күйінде қалады. Жағдай осылай жалғаса берсе, 2020 жылға дейін елімізде 28 млрд тонна қалдық жинақталуы әбден мүмкін.


3. Жыл сайын Қазақстанның ірі қаласында 700 мыңға жуық әр түрлі тұрмыстық қалдықтар тасталады.Алматылықтардың тіршіліктегі қалдықтары көбінесе кәдеге дұрыс жаратылмай жатады. Яғни, оларды жәй ғана полигондарға апарып, жерге көміп тастайды.  Алайда, жаңадан шығып келе жатқан осы бизнестің кәсіпқойларының айтуынша, қалдықтар арқылы топырақ құнарлығын осылайша қалпына келтіру ешқандай нәтиже бермейді. Бұл ақшаны жерге көмгенмен бірдей.  Іске асырылып жатқан технологиялар қалаларды қоқыс тастайтын жерден босатады.

Бүгінгі күні тұрмыстық қалдықтар – бұл азық-түлік, қағаз, металл бұйымдары, кішкене әйнектер, көбінесе бөтелкелер, көптеген пластиктер, және пакеттердің қалдықтары. Қайтадан өңдеуге қалдықтардың көбісі келе бермейді. Қазақстанда әзірге қағаз бен пластик қайта өңделеді.  Макулатура картон өндірісінде қолданылады. Ал қайта жасалған пластмассадан гүл қауашақтарын, шелектер, кәрзеңкелер және басқа да заттар жасалады. Қоқыс тасушылар қоқыста қабылдауға арналған контейнерлердің ішіндегісін салғаннан кейін олар полигон – қоқыс тастайтын жерге барады. Онда жұмысшылар пластамассадан жасалдан заттарды табады және оларды жұк таситын көлікке салады. Толтырып алғаннан кейін олар қайталама шикізат жасайтын зауытқа келеді. Пластмассаны көлікке көп қылып салады, тіпті кузовты ашқан кезде шикізат сыртына шығып кетіп құлап жатады. Зауыт қалдықтарды сатып алады екен. Жеткізушілерге оларды көп мөлшерде сатқан тиімдірек. Алайда, бұл пластиктердің бәрі қайта өңдеуге келе қоймайды. Өйткені қайталап өңдеуге полипропилен мен полиэтиленнен жасалған өнім ғана келеді. Бұлар пластмассаның ең жұмсақ түріне жатады.

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды.   Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қа­зақ даласы күл-қоқыс қойма­сы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қара­шығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Иә, бүкіл өркениетті әлем  қоршаған ортасын қорғап, қасіреті қалың Жер-ананы күл-қоқыс қой­масына айналдырып алмау жолын­да жанталаса қарекет жасап жа­тыр. Қазақстан болса, күл-қоқыс мәсе­лесін күн тәртібіне шығаруға да салғыртсып, ұлы даланың ұлан­дығының арқасында «жағасы жайлау, арқасын кеңге» салып келеді. Кейбір дамыған елдер ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеу арқылы бірқатар пайдалы өнімдер алып, «екі жеп, биге шығып» жатыр. Ал біздің Үкімет жомарт даланың қойнауындағы қазынаны таратып, жерасты қыртысын қопартудан дивиденд жинап, аяқ астындағы күл-қоқысты көзге ілер емес. Егер сол тау-тау болып үйілген ҚТҚ мен күл-қоқысты инновациялық тәсіл­дер­мен керекке жаратса, қазба бай­лығынан тапқан табыстан бір де кем емес пайда табуға болады. Мемлекет басшысы еліміздегі ҮИИД бағдарламасына жолдама бере отырып, ендігі кезеңде эконо­микамыздың даму  болашағы тек инновациямен байланысты бола­тын­дығын барынша айтып келеді.                                                                        

Әлемдік тәжірибеге, еліміздегі қоқыстанудың жағдайына байланысты авторлық көзқарастар ұсынылды. Оның ішінде:

- Тазалық мекемелеріне жеңілдіктер жасау

- Арнайы бағдарлама енгізу.

- Темір жол арқылы металлдарды арнайы зауыттарға тасымалдау

- Семинарлар өткізу

- Жаңадан зауыттар ашып әр зауыт өзіне керек қоқысты өзі тасымалдауы

Қоқыс - қалдықтарды қайта өңдеу қаланың өзекті проблемасының бірі болып қалып отыр. Әлемдегі жеткеші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келіп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттердің қатарында есептеледі. Ал, бізде Алматыдағы қоқыс өңдейтін жалғыз кешен бір жылдан бері жұмыс істемей тұр…».
Міне, ҚР Президенті тура осылай деді.

Жалпы, қоқыс өңдеу ісі үл­кен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс хан­шайымы» (мусорная королева) атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу ар­қылы тапқан. Не жоғары білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ, тапқаны тамағынан ар­тылмайтын Чжанды қалталы жандардың қатарына қосқан – 
еңбекқорлығы, табандылығы. Біз ұсақтарды ескере бермейміз. Байысақ, мұнай сатып, жерімізді жалға беріп, ауқатты атануды жөн көреміз. Ал, қо­қысты өңдеу... Намыс секілді.

Тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың да бағасын қал­тамыз көтере бермесі белгілі. Ал, егер қоқыстың бір түрін өңдейтін болсаңыз, табысқа жетеріңіз анық. Айталық, қа­зіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін плас­тик бөтелкелер, құты­лар құрайды. Бұдан табыс та­будың ал­ғышарттары қан­дай? Қа­зақстанда қоқыс өңдеу­де бәсекелес орта болма­ғандықтан еңбектенген жан­ның қаржысыз қалмайтыны анық. Өйткені, 1 келі болатын пластик құтыларды өңдеуден 0,8 келі екінші сұрыпты зат алынатынын ескерсек, кеткен шығынның қайтарылатынына күмән жоқ. Соған қарамастан, өңдеумен айналысуға ынталылар әлі де жоқ. 

Ал, қағазды өңдеуден тү­сетін пайда да ұшан-теңіз. «Қо­қыс ханшайымы» атанған қы­тайлық Чжан Иньнің биз­несінің негізі осы қажетсіз қа­ғаздардан құралады. Ол, тіп­ті, кәсіпкерліктің алғаш­қы ке­зін­де қоқыстарды өңдеп те әуре болмаған. Бар атқарғаны – ортадағы делдал­дық. Амери­кадағы иесіз қоқыстарды арзан бағаға сатып алған ол қа­ғаздарды бөлген соң Қы­тай­да­ғы өңдейтін зауыттарға тасы­мал­дап, кейіннен оларды орама, қорап түрінде қайта жасатып, Америкаға сау­далап отырған. Тақыр жерден табыс табу деген осы. 

Ресейдегі ең мусоры көп қала Нижегородь облысындағы Дзержинск қаласы екен. Ол тіпті ең лас кішкентай қала ретінде Гиннестер кітабына еніпті. Жергілікті тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны Европадағы ең үлкені. Бұндағы қоқыстар төмен температурада өртеледі, ауаны бүлдіріп. Ал, өртенбейтіні жәймендеп жерге сіңеді, топырақ пен суды бүлдіріп. Осы маңайда 30000 халық тұратын болса, Гиннес рекордтар кітабының дерегі бойынша Дзержинскіде ер адамдардың өмір жасы 42, ал әйелдердікі 47. Populare Scіence журналы ғылымдағы онша мықты емес мамандықтардың рейтингісін жариялапты. Қоқыс қалдықтары мен оларды өңдеу әдісін зерттейтін гарбология төртінші орынға шығыпты. Әрине, кім қоқыс жинаушы, көше сыпырушы болғысы келеді дейсіз. Алайда, күрек пен сыпырғыш ұстағандардың еңбегінен ақша аямау керектігі кім-кімге де белгілі. Олар бізді қоқыстан, кірден, тіпті ауру мен ажалдан құтқарады. Бірақ, сонда да көше сыпырып жүргендер өздерін ешкімге танытқысы келмейді, басқалар да оларды танып-білуге құштар емес. Ал, Қытай сияқты алпауыт елдердің өзінде қоқыс ханшайымы аталып, ақшалы болып қана емес, атақты болып жатқандарды оқып, біліп те жатырмыз.  Европа елдерінде біздегідей далиып жатқан дала жоқ, қала аумақтары шағын, содан да қоқысқа орын да болмай жатады. Нәтижесінде: ұрандары қоқысты азайту керек, азайту керек және азайту керек. Барлық деңгейде бірдей, алпауыт өндіріс орындары да бір кастрюлкесі бар отбасы да. Қоқыс аз болумен қатар, тез, жеңіл өңделуі қажет. Мусорды өртеу мен оны көмудің рейтингісі төмен. Басқа шара болмаса, амал жоқ, әйтпесе…  Евроодақ елдері қоқысқа қарамағаны үшін айып саларда бір-бірін аямайды. Әсіресе, өңдеудің жаңа технологиясын баяу ендіргенде айыптан арылмайды.  Қалдықтарды бөліп сорттау қажеттілігін кішкентай бала да біледі. Балабақшада үйретеді, одан бөлек мусорды жан-тәнімен, бар санасымен сорттайтын ата-анасынан үйренеді. Тіпті, аса сауаттанып кеткен балалар жуынып жатқан ата-аналарының суды ысырап етпеуін секундомермен қадағалайтын да көрінеді.   Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе.

- табиғат пайдаланушылардың қалдықтарды есепке алу, өңдеу және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын енгізуді талап ету;
- барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;

- қалдықтарды залалсыздандыру мақсатындағы инфражүйелер мен өндірістік қуатты дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру.

Осы ұсыныстар толық жүзеге асатын болса қалдықтарды игеру мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табар еді.


4. Таңдаған бағыты мен өндірісі де басқалардан өзгеше кәсіпорын Еңбекшіқазақ ауданындағы Саймасай ауылының маңында орналасқан. Зауыттың өндірістік негізіне техникалық және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ғана емес, олардан сапалы әрі арзан құрылыс материалдарын алуға мүмкіндік беретін технология алынған.

Үстіміздегі жылдың басында жарияланған статистикалық деректер бойынша біздің елімізде жыл сайын 20 миллиард тонна қоқыс-қалдықтар жинақталып қалатын көрінеді. Бұл тек біздің елге ғана тән өзекті мәселе емес. Әлемдегі дамыған және қарқынды дамуға бет алған мемлекеттердің барлығы қалдықтарды өңдеуге қатысты проблемаға бас қатырады. Аталған мәселе Еуропада да тым өткірлігімен ерекшеленеді. Дегенмен қарт құрлықтағылар қоқыстан да пайда табудың тың жолдарын іздестіруден және оны қолданудан басқалардың алдында тұр.

*Батыстың қалдықтарды қайта өңдеуде жинақтаған тәжірибесі соңғы жылдары Қазақстанда да батыл түрде қолданысқа енгізілуде.

Батыстың қалдықтарды қайта өңдеуде жинақтаған тәжірибесі соңғы жылдары Қазақстанда да батыл түрде қолданысқа енгізілуде. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында «Технопарк — 2030″ компаниялар тобына түрлі қалдықтарды кәдеге жарату мақсатында 0,5 миллиард теңгеге жуық қаржы салыныпты.

Саймасай ауылындағы қоқысты қайта өңдейтін зауыт Қазақстанның барлық аймағы бойынша құрылыс алаңдарына арзан әрі сапалы құрылыс материалдарын жеткізетіндердің бірі болып саналады. Осында шығарылған құрылыс материалдарын қолданып отырғандар арасында «Азиада — 2011″ нысандары да бар. Өндірілетін өнімдер желісін ағашты қабат пен резіңке ұнтақтары, одан алынатын веложолдарға және жүгіру жолақтарына арналған резіңке төсеніштер бастайды.

«Технопарк — 2030″ компаниялар тобының президенті Шыңғыс Рысбеков осынау инновациялық даму бағыты өзінің басқаларға ұқсамайтындығымен және жағдайға бейімделгіштігімен қолайлы болып отырғанын айтады. Мұнда ол барлық өндірісті компьютерлендіру мен роботтандыруды ғана емес, рентабельділігі жоғары негіздің қалыптасқанын жұртшылыққа жеткізгісі келіп отыр.

Қазіргі кезде зауытта Саймасай ауылында тұратын, оқыту курстарынан өткен жиырмадан астам біліктілігі жоғары маман жұмыс істейді. Кәсіпорынның өнімдеріне келер болсақ, олар өзінің аса сапалылығымен ерекшеленеді. Ағашты қабат құрылысқа қажетті ағаш өнімдерін толықтай ауыстыра алады. Оны нысанның сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарына да пайдалануға болады. Температураның өзгермелігі мен ылғалдың көптігіне де аса төзімді. Жиырма жылға дейін сол қалпында қызмет етеді. Сондықтан еденге де төсеуге болады.

*Резіңке ұнтақтары мен төсеніштерін шығару үшін автокөліктің қолдануға жарамсыз болып қалған резіңке доңғалақтары пайдаланылады.

Зауыт жыл сайын 300 мыңнан астам резіңке доңғалақтарды қайта өңдеуден өткізе алады. Кәсіпорын экологиялық тұрғыда қауіпсіз. «Технопарк — 2030″ компаниялар тобы жақын күндері Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында қоқысты қайта өңдейтін екінші зауытты іске қоспақ. Зауыттар қоршаған ортаның зиянды қалдықтармен ластануын барынша азайтумен қатар, даму мен өркендеуге де өзіндік үлес қосады.


ІІ. Ғылыми жоба бойынша алынған сауалнамалар


І. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді(сараптама сыныптастарымның ата-анасы және туысқандарына жүргізілді):

1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?

2. Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына сенесіз бе?

3. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?

4. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?

5. Сізді Қызылорда қаласының экологиясы қызықтыра ма?

6. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?






Сараптаманың нәтижелері:


1. Гарбология терминінің мағынасын сараптамаға жаауап берушілердің 85% нақты білмейді.

2. Сараптамаға қатысушылардың 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.

3. Сараптамаға қатысушылардың 88 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.

4. Сараптамаға қатысушылардың 12 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.

5. Сараптамаға қатысушылардың 45% қызықтырмайды.

  1. Сараптамаға қатысушылардың 15 % білмейді.


ІІ. Менің келесі сауалнамам сыныптастарымның ата-аналарына, мұғалімдерге, ағайын -туыстарымызға жасалды.

Мақсаты: пластик қораптағы қандай тауар алатыны, пайдаланатыны және әрі қарай бос ыдысты не істейтінін анықтау.Қатысқандарға келесі сұрақтар қойылды:
-Сіз пластик қораптарындағы азық-түлікті пайдаланасыз ба?

-Қандай?
-Пайдаланған ыдысты қайтесіз?
-Лақтырмаған жағдайда,оларды не істейсіз?

Сауалнаманың қорытындысы мынандай болды: көптеген жанұялар пластик қорапты өнімдерді пайдаланады екен,және қорапты өртеп немесе қоқысқа тастайды екен, үй қызметінде де пайдаланатындар да анықталды және біздер сыныптастарыма да сауалнама өткіздім.

Мақсаты: сыныптастарымыздың пластик шөлмектегі өнімді сатып алатыны немесе алмайтынын анықтау,босаған шөлмектен пайдалы,әдемі бұйым жасауға болатынын және оларды лақтырып тастаған жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы айту. 

Оқушылардың барлығы да пластик шөлмектегі өнімді алады екен,бірақ пайдалы және зиянды жақтарын біле бермейді екен.


ІІІ. Практикалық бөлім

1. «Көшедегі шөлмек саны» бақылауларымыздың қорытындылары

Жиналған деректермен танысып,біз көшелерімізде неліктен көп пластик шөлмектермен ластанғанын анықтауды жолға қойдық. Алдымен біз пластик қорапта шығарылатын тауар санын анықтау мақсатында үйіміздің қасындағы «Сырдария» супермаркеті мен «Ақүйік» минимаркетіне кірдік. Бұл жерлерді таңдаған себептеріміз, онда тауарлардың ең үлкен талғамы бар. Нәтижелер әсер тудырды. «Сырдария» супермаркетінде пластик ыдыстарда әр түрлі өндірушілердің 100-ден астам сусабын, сұйық сабын және дезодоранттар түрлері бар екен. «Ақүйік» мнимаркетінде өсімдік майларының, майонездердің, сұйық йогурттардың және минералды,газдалған сусындардың 70-тен аса түрі бар екен. Бұл тағы да пластик ыдыстарының қолданысқа ыңғайлылығын дәлелдейді. Біз жиі жүретін көшелердегі лақтырылған шөлмек санын есептедік. Келесі нәтижелерді алдық: Қаратоғай көшелерінен бойлай отырып «Көркейту» ғимаратына дейін – 18 шөлмек, Өрт сөндіру мекемесінен «Сырдария» супермаркетіне дейін – 11 шөлмек және «Helios» май бекетінен мектепке дейін – 8 шөлмек таптық. Тасталған шөлмектердің негізін минералды-газды судан босаған және газсыз түрлі тәтті сусындар шөлмектері құрайды. Біздің қаламыздың халқы,пластик қорапты өнімді жиі пайдаланып,қоршаған ортаның тазалығын мүлдем ойламай,кез – келген жерге пластик қоқыстарын тастай жүре береді деген тұжырымға келдік. Қаладан шығарылатын қоқыстарды қайда әкетіп және әрі қарай олармен не істейтінін білгіміз келіп, біз жетекшімізбен бірге бүкіл қаланың күл-қоқысын тастайтын жеріне бардық. Шегі жоқ тау сияқты созылып жатқан қоқыстарды көргенде ,біз қатты таң қалдық. Қоқыстарды бұл жерден ажыратады екен: пластикті бір,темірді бір бөлек, қағазды өртеуге жіберіп, ал қалған қоқыстар біріне бірі қосылып жата береді екен. Бұл жердің көлемі қаланың төрттен бір бөлігін алып жатқан сияқты. Біздің қаламыздың да ортасында күл-қоқыстан құралған арал пайда болуда. Өте қорқынышты!


2.Эксперименталды жұмыстарымыздың қорытындылары


Бұдан әрі біз пластик шөлмектердің ұзақ шіритіндігіне көз жеткізгіміз келді.Әрине біз 500 жыл күте алмаймыз,бірақ бұл ақпараттарды химия ғылымының арқасында тексереміз. Көмекке жетекшіміз ........................................ апаймен бірге химия кабинетіне аттандық. Химия кабинетіндегі өзіңді ұстау ережелерін қайталаған соң,келесі тәжірибелерді жасадық.
1.Тәжірибе.Химиялық реактивтердің көмегімен заттың іріп-шіруі.
Пластик шөлмегінің қиығын, атлас лентасын, шардың кесіндісін және қағазды біз бөлек – бөлек күкірт қышқылына және натрий гидроксидіне салып, апта бойы нәтижелерін бақыладық. Тәжірибені бастаған соң біз атлас лентасының күкірт қышқылында ірігенін байқадық.Бір аптадан соң күкірт қышқылындағы лентадан ұсақ түйірлер қалыпты,ал қағазды араластырып қарағанда ұсақ бөліктерге шашылды.Натрий гидроксидінде атлас лентада,қағаз да күйіп ,ұнтаққа айналды.Ал пластик те,резин шарда да өзгерген жоқ.Тұжырым: Жасаған тәжірибеміз пластик шөлмекте,резина да тіпті химиялық реактивтердің әсеріне күйремегенін дәлелдейді.Демек,олар жерге түскенде,еш шірімей,тек қана жерді ластайтын болады.Пластик жерде шірімесе,мүмкін оларды өртеп жіберген қауіпсіз болар? Мұны тәжірибеде тексерейік.
2.Тәжірибе.Өртенуі.
Біз дәл осы заттардың қиындыларын алып,кезекпен өртеп,бақыладық.Жұмыс жасанды әуестікте сығындының шкафында өтті.Өртеу кезінде қағаз тез жанып кетті, жүннен жақсы иіс сездік,ал пластикпен резиннен – өткір жағымсыз иіс пен қара түтінді байқадық.Тұжырым: пластикті өртегенде улы түтін шығып,ауаны ластап,және адам денсаулығына кері әсер етеді.Пластик шөлмектерді өртеуге де,лақтыруға да болмайтынына көзіміз жетті.Осы нәтижелерді растау үшін біз мынандай тәжірибе жасадық. Өз ауламызға 2014 жылдың қыркүйек айында біз жерге пластик шөлмекті,полиэтилен дорбасын және қағазды көміп тастадық. Ал 2015 жылдың наурыз айында біз көмгенімізді ашып, пластик шөлмекте, дорба да дым өзгермегенін көрдік,ал газеттен дым қалмаған. Өзіміздің бұл тәжірибеміз тағы да пластиктің жерде шірімей, тек ластайтынын дәлелдейді.


3. Өзекті мәселелерді шешудің бір жолы – қоқыстан бұйымдар жасау

А) Баклашканы да пайдаға асыруға болады


“Оңтүстік Рабаттың” бас редакторы Жәмила Мамырәлі сусыннан босаған пластикалық бөтелкелерді лақтыра салмайды. Баклашкадан жасалған түрлі бұйымдарды көрсе “шырт” еткізіп, суретке түсіреді. Сөйтеді де оны іске асыруға кіріседі. Өзгелерге де ой салар деп Құралай Раисованың сұхбатын ұсынып отырмыз.

- Жәмила апай, баклашка туындылардың суреттерін жинап, өз қолыңызбен жасауды қашаннан хоббиге айналдырдыңыз?

– Аяқ астынан пластикалық бөтелке «ғылымына» түсіп кеткендеймін. (Күліп). Ал егер, шынтуайтына келсем, осыдан бірнеше жыл бұрын, қайнағамнан ерекше тапсырма алдық. Ағайынды үш үй лажы болғанынша сусыннан босаған пластикалық бөтелкелерді қоқысқа тастамай жинастыруға тиістіміз. Не үшін екендігін аға айтқанмен, қызықпаған соң құлақта қалмағаны рас. Содан апта сайын ауылға бара жатқанда көліктің жүк салғышына бос бөтелкелерді салып ала кетуді әдетке айналдырдық. Қарашаңырақтағы бауда үлкен орын дайындалған. Сол жерге апарып тастаймыз. Біраз уақыттан соң бос бөтелкелер таудай болып үйілді. Сусын, сүт, айран, қымыздан босаған бөтелкелер… Біздің үйдің жігіттері бөтелкелерді жүк көлігіне артып, қайнағамның үйіне жеткізді. Сол күні ағаның үйінде асар болды. Қазан-ошақтың ауылында жүрсем де, мұны енді не істер екен деген қызығушылықпен біздің үйдің жігіттері жасап жатқан шаруаға зер салдым. Сөйтсем қайнағам бұл бөтелкелерді үйдің төбесін жабуға (шатырдың астындағы лайдың үстіне қоюға) жинатыпты. Қатарлатып, тізіп қойып, құммен жауып жатты. Арасында қақпағы жоқтарын жерге лақтырып тастайды. Сөйтсем, бұл дегеніңіз нағыз термо-регулятор екен. Қыста жылуды ұстап тұрады, жазда салқындық береді үйге. Қақпағы жабық болуы міндетті екен. Әншейінде «баклажка» деп тастай салатын пластикалық бөтелкелердің осылайша әжетке асатынын білген соң «мұнымен тағы не істеуге болады екен?» деген қызығушылығым арта түсті. Бос бөтелкені әжетке жаратқандарға қызыға қарайтын, қолдан жасалған бұйымдарын суретке түсіріп алып, үйге келген соң өзім де соны жасап көрмекке ұмтылатын «ауру» таптым.

– Өзіңіз көрген туындылардың ішіндегі ең кереметі деп қайсын атар едіңіз?

– Бәрі керемет. Себебі олар бір-біріне ұқсамайды. Бәйдібек ауданына барғанда балабақшада болғаным бар. Сонда бүлдіршіндердің ұйықтайтын бөлмесіне кіреберіс босағаға пластик бөтелкенің қақпағынан есіктің алдына төсеніш жасап қойыпты. Кәдімгідей, ерінбей қатты матаға тігіп, босағаға төсеніш етіп тастай салған. Тәрбиешілерден сұрасам, «әдейі істедік. Табандарына массаж болсын деп» деді. Қызық па қызық. Қызықтан бұрын пайдаға асырғанды айтсаңызшы.Сосын, Жетісайға бардым. Шымкенттен сары-ала жапырақтар шығарып салған-ды. Жетісайға енгенде күрең күзді кездестірдім. Ал балабақшаға енсем…”қызғалдақтар» құлпырып, көгал жайқалып тұр. “Бұл не?” деппін қапелімді таңданысымды жасыра алмай. «Осы аптада семинар өткізетін ек, ауламыз күрең күзде көз тартқысыз болмасын деп…өзіміз…қолдан жасап қойған түріміз ғой». Балабақша қызметкерлері ақталып жатыр. Ойбай-ау, мынау пластик бөтелкелер ғой…Қуанып кетіп суретке түсіріп алдым. Қара күзде ауласына жаз орнатқан жайдары жандарды жақсы көріп кеттім. Үйге келдім де сосын өзім жасап көрдім. Балаларым бояп көмектесіп жатты. Біраздан соң біздің де қолымыздан бос пластик бөтелкелерден «қызғалдақтар» жайқалып «өскенде» қуанып кеттік. Ерте көктемде аулаға гүл егіп бастадық. Олар көгеріп шығамын, жайқалып өсемін дегенше ауланың көркін кіргізейік деп, қолдан жасаған “қызғалдақтарымызды” “егіп” шықтық.Сосын 5 литрлік сұйық майдан босаған бөтелкеге пияз егіп қоюға болатынын әріптесім Ақмарал Мырзахметова көрсетті суретін тауып. Оны жасадым. Қыста тереземнің алдында көк пияз өсіп тұрғанын көріп, туыстар қызыға бастады. «Жасап берші» деп қолқа салды. Кейін балаларыма құстарға жем салатын ыдыс жасап қоюды үйреттім. Қызығы сол бұл істі өзім үйрене жүріп, өзім басшылық жасайтын «Оңтүстік Рабат» газетінің оқырмандарына да үйретуге тырыстым. Газетке бере отырып, «керек заттың ауырлығы жоғын біліңіз», «өзіміз қолдан жасап үйренейік» деген тұрғыда беріп отырдық. Ғаламтордан іздеп жүріп суреттерін тауып, жинастыруды әдетке айналдырдым.

– Баклашка туындылардың ғұмыры қаншаға жетеді?

– Есіктің алдындағы көктемде «еккен» қызғалдақтарым, әлі тұр жайқалып. Дегенмен, сабағы мығым болмады ма, жасырмаймын бір-екеуі қатты желде сынып қалды. Оған қайта жас шыбық тығып «егіп» қойдық. Мендегі мақсат өз білгенімді, өзім қызыққан істі өзгелерге де көрсету арқылы, олар да бос уақытында осындай қолдағы бар материалдардан бұйым жасап үйренсе екен дегендік.

Шынымен де пластик ыдыстардан пайдалы нәрселер жасауға болады. Ғаламторды ақтара отырып,біз пластик ыдыстардан жасалған әр түрлі нәрселерді көріп,өзіміз үйден олардың бірнешеуін жасадық. Мысалы: олардың ішінде бақшаны сәндейтін гүлдер,көбелектер,қарындаш қалам салуға ыдыстар,гүл құмыралары т.б. әдемі қолөнерлері бар. Қиялымызға ерік беру арқылы жоқтан бар жасауға болатынын дәлелдедік. «Гелиос» жанармай бекетінде әдемі етіп көлік дөңгелегіне жапсырып, боялған пластик шөлмектерін көрдік.Шарбақтың сәнін келтіріп тұр.Адам баласының қиялында шек жоқ деген осы ғой. Осының тағы бір көрінісі – ұстасыз жасалған қайық.
















Ә) Газеттен жасалған бұйымдарға сұраныс арта бастады

 

Петропавлда газет тапшылығы сезілуде. Себебі бұл қағаз - үйде отырған қыз-келіншектердің табыс көзіне айналған. Яғни олар газеттен түрлі бұйымдар жасап, пайда табуды жолға қойыпты. 
Анастасия Епифанцеваның үйінен газеттен тоқылған себеттің түр-түрін кездестіруге болады. Бұл өнермен ол бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанан бастап айналыса бастапты. Алғашқыда бос отырғаннан зеріккен келіншек "қағаздан тоқыма тоқуды ғаламтордан үйрендім",  - дейді. Сондықтан қазір қолы қалт етсе ескі газеттерді қажетіне жаратады. Көздің жауын алатын себеттерді жасауға газеттің жазуы жоқ ақ қағаздары қолданылады. Одан кейін тоқылған бұйым боялып, безендіріледі екен. Мұның барлығына келіншек "үш күн уақыт кетеді",-  дейді. Сондықтан оны сыйлық ретінде де тартуға болады. 

Анастасия ЕПИФАНЦЕВА: - Дәл мынадай себетер дүкенде бес мың теңгеден сатылады. Ал мен оны өзім жасай аламын. 

Қағаздан тоқылған бұйымдарға деген сұраныс қазір Петропавлда жоғары. Сондықтан Анастасия алдағы уақытта мысықтарға арналған үйшік жасауды да жоспарлап жүр. 


Б) Пластик ыдыстардан (қатты қалдық) сәнді киім жасау

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жаратудың тиімді жолын Оралдық сәнқойлар ұсынып отыр. Балалардың сән театрына қажетті киімдер тек пластик бұйымдардан ғана жасалады. Идея авторы – Татьяна Дмитреевна. Мамандығы географ, қанша жыл бойы экологиялық мәселелерді шешу жолында жүрген Татьяна:

-Экологиялық тәрбиені ерте бастан беру қажет. Тұрмыстық қалдықтарды туысқандарымнан жинаймын. Осы дүниелер арқылы көкейкесті мәселеге көпшіліктің назарын аударғым келеді. Кез-келген қалдық атаулыдан пайда табуға болатындығын білуге тиіспіз.





























Қорытынды


Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу - бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау-бізге міндет. 1986 жылы маусым айында Мюнхенде экологияға арналған 11 қағида мен 11 ұстаным қабылданды. Мен осы ұстаным бойынша жұмыс жасап келемін.

  1. Ауаның ластануына жол бермеймін.

  2. Судың таза болуы үшін бар жағдайды жасаймын.

  3. Мен жер ландшафттарын сақтауға бар күшімді жұмсаймын. Жердің құнарын кетіретін зиянды заттарды пайдаланбаймын. Мен өзімнен кейін тұрмыстық қалдықтарды қалдырмаймын.

  4. Мен үнемі жануарларды қорғаймын.

  5. Энергия көздері мен шикізаттарды үнемді пайдалануға тырысамын.

  6. Өсімдіктердің түрлерін сақтауға және оны қорғауға жұмыстанамын.

  7. Мен тек биологиялық таза көкөністер мен жемістерді өсіріп, сатуға еңбектенемін.

  8. Тұрмыс қалдықтарының азаюны ықпал жасаймын.

  9. Мен шудың азаюы үшін бар мүмкіндікті пайдаланамын.

10.Мен саналы тұтынушы болуға жұмыстанамын.

11.Мен осы қағидаларды үнемі ұстануға уәде беремін.

Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 24 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадам­дар­мен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасы­ра­тыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспор­тының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума таби­ғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жа­на­шырлық күтеді. «Ал­мақ­­тың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген баба­лардың қасиетті қағи­дасына адалдық танытып, жомарт дала­мызды күл-қоқыстан та­зар­тып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қа­зақ даласы күл-қоқыс қойма­сы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қара­шығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз.


Ұсынысым:

1. Өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату

2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану

3.Қалдықсыз технологияға көшу

4.Жасыл өсімдіктер санын молайту

5. Суды қорғау. Жерді құнартып отыру

6. Қоқыстан бұйым жасау технологиясын одан әрі дамыту






























Пайдаланылған әдебиеттер:


1.    Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері.

2.     Н.Қ Мамыров, Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий. Табиғатты пайдалану экономикасы.

3.“Атамекен” газеті 2007-2008 ж.ж.

4.Биология және салауаттану негізі № 4,5. 2009ж.

5. Заң газеті №154. 21 қазан 2011жыл.

6. Интернет материалдары





































Аннотация

Кіріспе бөлімінде елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы және олардың экологиялқ талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуі жайлы айтылады.

Негізгі бөлімінде тұрмыстық қалдықтардан керекті бұйымдар жасап, қоршаған ортаны ластамау керектігі жайлы баяндалған.

Қорытынды бөлімінде қазақ жерінің дархандығы, киелілігі, қасиеттілігін және көздің қарашығындай сақталуы керек екендігі айтылды.




































Аннотация

В вступительной части работы говорится о появлении случайных отходов из за отсутсвия полигонов для бытовых отходов в населенных местносях и сооттветствия их экологическии требованиям.

В основной яастье рассказываеться о необходимости соблюдения чистоты в окружающей среде и о потребности в изготовлении нужных вещей от бытовых отходов.

В итоговой части говорится о щедрости, святости, благородности казаксой земли, и о том всем надо беречь ее.





































Annotation

The Introduction contains absence of research square of waste in the region and pluralite of the waste and the importance of solving the ecological problem.

The main part contains how to make thing from the waste and possible ways of purification nature from waste.

The total part contains how enormous and rich is Kazakh land and how to keep the welth of the land. To call the pupils to protection and conservation of our Kazakh land.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
исследовательский проект по экологии

Автор: учитель: Алиева Акжан, ученик : Айгали Арайлым

Дата: 26.10.2016

Номер свидетельства: 352486

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Исследовательский проект "Природа - наш общий дом" "
    ["seo_title"] => string(53) "issliedovatiel-skii-proiekt-priroda-nash-obshchii-dom"
    ["file_id"] => string(6) "151545"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1420720908"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(249) "Учебно-исследовательский проект по теме "Исследование качество водопроводной воды в условиях школьной лаборатории на острове Русский "
    ["seo_title"] => string(146) "uchiebno-issliedovatiel-skii-proiekt-po-tiemie-issliedovaniie-kachiestvo-vodoprovodnoi-vody-v-usloviiakh-shkol-noi-laboratorii-na-ostrovie-russkii"
    ["file_id"] => string(6) "125861"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415083542"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Исследовательский проект "Защитим природу родного края" "
    ["seo_title"] => string(61) "issliedovatiel-skii-proiekt-zashchitim-prirodu-rodnogho-kraia"
    ["file_id"] => string(6) "128721"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1415553209"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Исследовательский проект по экологии на тему «Вредная и полезная еда»"
    ["seo_title"] => string(68) "issledovatelskii_proekt_po_ekologii_na_temu_vrednaia_i_poleznaia_eda"
    ["file_id"] => string(6) "626149"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1676839740"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Исследовательский проект по экологии на тему «вредная и полезная еда»"
    ["seo_title"] => string(70) "issledovatelskii_proekt_po_ekologii_na_temu_vrednaia_i_poleznaia_eda_1"
    ["file_id"] => string(6) "630590"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1682855729"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства