Тәуелсіздіктің мәнін және тәуелсіздіктің бізге бабалар ұлағат етіп кеткен аманат екенін түсіндіру.Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Оқушылардың елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тәуелсіздіктің мәнін және тәуелсіздіктің бізге бабалар ұлағат етіп кеткен аманат екенін түсіндіру.Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Оқушылардың елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бейнефильм, көркем суреттер, оқушылардың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған суреттері, безендіруге арналған – шарла р.
Түрі: танымдық кеш
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты болып табылады. Тәуелсіздікті қазақ халқының тәңірден алған ең үлкен сыйы десек те болады. Біздің қазақы ғұрпымыз, салт-дәстүріміз, әдебиет пен мәдениетіміз бабалар аманаты. Біздің онкүндігімізде міне осы бабалар ұлағатын, бабалар аманатын ұлықтадық десек болады. Біздің әсем әндеріміз мен күмбірлеген күйлеріміз, қазақтығымызды айшықтайтын керемет салт-дәстүрлеріміз, қасиетті қазақы өміріміз барлығы дерлік ата-бабаның бізге аманат болып жеткен ұлағаты. Сіздерге бүгін осы онкүндіктің жабылу салтанатын ұсынбақшымыз.
1 жүргізуші:
Армысыздар, құрметті оқушылар, көрермендер, ардақты ұстаздар!Бүгінгі «Бабалар ұлағаты – ұрпақ аманаты» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Менің елім - Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Қасиетті қазақ елі Қазыбек данадай шешендері бар, Төле бидей көсемдері бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлері бар, Қабанбайдай ірілері бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілері бар болған ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болдық
1 жүргізуші:
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – біз боламыз.
Ән: (Туған жер) 10 «Ә» сынып оқушысыМаканбедиев Айдос
2 жүргізуші: Елге қызмет ету, жерге құрмет ету дегеніміз ата-баба өсиетіне адал болу, бабалар мұрасын, бабалар ұлағатын ұлықтау болып табылады. Қарап отырсақ қазақ халқы ұрпағына өшпес мұра қалдыра білген халық. Қазақтың кең жазира даласы, саф алтындай салт-дәстүріміз, баға жетпес ұлттық құндылықтарымыз барлығы –барлығы бабалар мұрасы, бабалардың бізге аманаты. 1 жүргізуші: Құндылық дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? 2 жүргізуші: Құндылық – біздің қазақы өміріміздің шамшырағы іспеттес. Оған тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттарымыз жатады. Оларға: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. 1 жүргізуші: Ал мен айтар едім ең баға жетпес құндылығымыз, ең қымбат мұрамыз, асыл аманатымыз бұл біздің еліміз. Елімізді қорғасақ, елімізге еңбек етер болсақ ата-баба аманатын сақтаған болар едік және солай етіп жүрміз де.
2 жүргізуші:
Мен қазақпын, кешегі көшпендімін,
Заманыма лайық өскен бүгін.
Тарихта қазақ болып қалу үшін,
Мың өліп, мың тіріліп өткен күнім.
1 жүргізуші:
Киіз үйден айналдық қалаларға,
Егін ектік иен жатқан далаларға.
Оқымаған бабам да шешен болған,
Біз біліммен айналдық даналарға.
2 жүргізуші: Ата-баба аманаты туралы сөз еткенде ең бірінші айтарымыз бабалар аманат еткен, бізге берген тәңір сыйы –ол біздің тәуелсіздігіміз!
Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыз неше түрлі кезеңді басынан өткерді: ХVІІІ ғасырдағы Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығының зардабынан Ресей империясының қарамағына өткен кезі, 1931 - 1933 жж. ашаршылық, сталиншіл әкімшіл – әміршіл жүйенің 1937 - 1939жж. озбырлығы, 1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының саны және кешегі 1986 жылдың ызғары тарих беттерінде азаттық үшін күрестің куәсі болып қалды.
??(«Ашаршылық», қазақ хандығы, желтоқсан туралы видеоролик көрсетіліп тұрады да Алмат Исаділдің Қазақстаным өлеңі оқылады)
Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!
Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –
Қазақстаным!
Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!
1 жүргізуші:
Тарих – ол бабалардың ерлігінің айғағы,
Тарих – ол ұланғайыр Отаныңның аймағы.
Тарихыңда жатыр, білсең сенің қайсар ерлігің,
Таңбалы тас туған жердің белгісі бар сайдағы.
2 жүргізуші:
Тарих болып жазылады туған жердің дастаны,
Сол үшін де найза ұстап ығыстырдым басқаны.
Туған елдің, туған жердің болмағанда тарихы,
Шаттық жырға бөленбейді қазағымның аспаны.
1 жүргізуші: Ата-бабаларымыздан қалған тағы бір ең асыл мұраларымыз ол халқымыздың ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан өнері.Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген.
2 жүргізуші:
Қазақ халқы “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі күнгі жейтін тамағы, ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған. Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән -мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.
1 жүргізуші: Осы ана тіліміздің ең асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті кәусары — ән.
Ән – тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.Қазағымның қасиетті қара домбырасымен айтылатын әндердің орны мүлдем бөлек. Мен үшін дәстүрлі әндердің шоқтығы қашанда биік.
2 жүргізуші:
Бабалар аманат еткен Қазақтың киелі, Ұлы даласының Ұлы тұлғаларының құрметіне ән арнасақ артық болмас.
( Өмірқұл Айниязовтың бір әнін жіберу)
1 жүргізуші: Қазақ халқының мәдени мұралары шексіз деп айтуға болады. Соның бір тармағы қолөнер бұйымдары болып табылады. Әсіресе ұлттық ою-өрнектерді айтсаңшы!
2 жүргізуші:
Мен ұлттық ою-өрнектерге сондай қызығамын және әрбір қолөнер бұйымдарына деген ықыласым зор. Қазақтың ұлттық киімдеріне, ұлттық әшекейлеріне салынатын оюларды зерделеп, оның қандай мағына беретіндігін үнемі ойыма тоқып жүремін. Және әрбір оюдың да мән-мағынасы бар.
1 жүргізуші:
Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді. Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.
Қошқар мүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі.
Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.(слайдтан көрсетіп тұру керек)
Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.
( Қазақтың ұлттық киімдерін 2 бала сән үлгісін көрсетеді, бірнешеу болса тіпті тамаша болады)
2 жүргізуші: (домбыра ұстап шығады)
1 жүргізуші:
Ал, ....... қасиетті қара домбыраны ала келген екенсің. Оның сыры неде?
2 жүргізуші:
Домбыра да біздің бабалардан қалған басты аманатымыз десек еш қателеспейміз. Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жете таныстыратын асыл мұрамыз. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы.
1 жүргізуші:
Домбыраны қастерлеп әр үйдің төріне іліп қойған. Қара домбыра, киелі домбыра, қасиетті домбыра деп бабаларымыз бекер айтпаса керек
Ең қадірлі деген қонақтарына домбыраны сыйға да тартатын болған.Домбырамен орындалатын күй – арқаны қоздырып, рух беретін, бірде сайын даланы шарлатса, енді бірде сағыныш лебі ескен самалдай болады.
2 жүргізуші:
Домбыра аспабын әр қазақтың баласы ойнай білуі керек. Домбыраны ұстап ойнай білген адам әдепті, инабатты болады. Домбыра тіл- көзден, бәле-жаладан сақтайды. Ендеше халайық нағыз қазақтығымызды танытатын керемет бір күй тыңдап жіберейік. (күй жіберу) Қуанышов Нұрбол 1 жүргізуші: Біздің ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа ең басты аманат ретінде ел бірлігін мұра етіп қалдарып отырған. Оның айғағы ретінде елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан бірнеше ондаған ұлт өкілдерін айтуға болады. 2015 жылы Қазақстан ұлттар Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдығын атап өтті. Бұл мереке қазақ ұлтының мерейін тағы бір көтеріп тастады. 2 жүргізуші: Бүкіл әлемге біз ұлттар достығының қандай болатындығын, ұлттар татулығының алтын кілтін көрсете білдік. (өзбек биін жіберу) 1 жүргізуші: 2015 жыл Қазақстан үшін мерейлі мерекелер тойланған айтулы жыл болды. Еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата заңымыздың 20 жылдығын бүкіл әлемге паш етіп атап өтті. (Қазақстан туралы ән жіберу)
( оқушы оқып жібереді)
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
2 жүргізуші:
Ұлтым –қазақ, тілім қазақ,
Мұсылманмын, түрім қазақ.
Сөйлеу парыз өз тілімде,
Сөйлемесем болам мазақ.
1 жүргізуші:
Туғаннан соң қазақ боп,
Тәуелді емес, азат болып.
Қалу керек қашанда
Қасиетті қазақ боп.
(«Қазақ елі осындай» әнін жіберу)
2-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Бабалар қлағаты –ұрпаққа аманат» атты кешімізді аяқтаймыз. Ендігі сөз кезегін мектеп басшысына береміз.