kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы т?л?а?а та?зым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Д. ?онаев туралы ойларын тере?дету. ?лы т?л?аны? адами ?асиеттеріне м?н беруге, адамгершілікке т?рбиелеу.

                                     Барысы
Ж?ргізуші. 
Армысыздар, б?гінгі жыр кешіне келіп отыр?ан ?стаздар, о?ушылар!
Биыл  12 ?а?тарда хал?ыны? арда?ты перзенті, аса к?рнекті мемлекет ж?не ?о?ам ?айраткері Д. А. ?онаевты? ту?анына 103 жыл толып отыр. Осы айтулы к?нге орай ?ткізгелі отыр?ан «?лы т?л?а?а та?зым» атты жыр кешімізге ?ош келді?іздер!     Кешімізді? шашуы ретінде орындалатын 
                                                                  «Салк?ре?»  к?йін ?абыл алы?ыздар!

 
 
           
                       Д. ?онаевты еске алу монологін о?у (Ж. Аликова)


 

Тыншы?арсы? сен-да?ы,
Сабыр ?ылса? азыра?,-деп Абай жырла?андай ?аза?ты? ма?дайына біткен асыл текті ас?ар тауы еді?-ау! Тумысы?ызда бір тектілік, таза а?с?йекке т?н ?ияпатты бітім бар еді. Сонды?тан шы?ар, сіз онша таза емес тіршілікті? ?зінде ары?ыз?а ?ылау т?сірмей, тап-таза ?мір с?рді?із, ?ибратты ??мыр кешті?із.
  Заманы?ыз тым ?атыгез еді, сонды?тан шы?ар, сіз де ?атал принципті? адамы болды?ыз. Т??ыр-т?р?ы?ыздан тай?ан жері?із жо?. К?лгірсуді білмейтін ?р еді?із. ?ара ?ылды ?а? жар?ан ?діл еді?із. Досы?ыз?а жібек, д?шпаны?ыз?а тікенек еді?із.
     «Таулар алыста?ан сайын ас?а?тай береді»- деген с?з бар. Ел-ж?рты?ыз?а ?адір-?асиеті?ізбен таныл?ан адамсыз. Сонды?тан сізді ешуа?ытта, еш?ашан да, ешкім де ?мытпайды. Міне, б?гін де сізді еске алудамыз.
(Экраннан  видео к?рсетіліп,  «Димаш а?а» ?ні ты?далады)
Ж?ргізуші.
?р д?уірге лайы?ты кеме?гер  адам ?мір с?реді. Ал ?аза? тарихында болмысы б?лек, мінезіні? байлы?ымен, тере? білім, а?ыл-парасатымен даралан?ан ?лы адам ?мір с?рді. Ол-Д. А. ?онаев еді. Бабалар аруа?ына шынайы берілген, хал?ына с?йкімді, ?лт?а ?адірлі, шыныдай м?лдір, аса білікті адам.  
  Б?гінгі ?ткізгелі отыр?ан «?лы т?л?а?а та?зым» атты жыр кешіміз «Болаша? жастардікі, а?и?аттан аттау?а болмайды» деп келешекке сенген кеме?гер атамыз?а арналады. Ендеше жыр кешімізді бастаймыз.
 Кешті? бірінші б?лімі «Асыл текті ас?ар тау ?лы т?л?а?а та?зым » деп аталады. О?ушыларды? жыр шашуы.
         «Димаш сал?ан да??ыл жол» 
         «?мірді т?тті к?рген балалар»
    «Напальон адьютант»
          «Димаш пен Шона»
«Тарт к?йі?ді, Н?р?иса»
« Кеме?гер а?а»
«?онаевты? рухымен ??гіме»
 
 

 Ж?ргізуші. Ата?-да??ы а?ыз бол?ан талай?а,
                      Димеке?е ба?а беру о?ай ма?
                      Ешкімге к?мегін аяма?ан,
                       Хал?ы да оны сол ?шін ба?ала?ан,- деп а?ын а?амыз жырла?андай, Димаш атамызды? есімі жылдар ?тсе де ?р ?аза?ты? ж?регінде м??гі са?талып келеді.
 ?н  «Жетісу» орындалады.

?ле? деген тумайды жайшылы?та,
?ле? деген тулайды ?айшылы?та.
А?ын болса?, жар?ыным, алыс?а аттан,
К?нделікті тірлікте бой суытпа,- дейді  а?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев.
Демек, а?ынды? ?немі ал?а ?мтылуды ?ажет етеді. ?р уа?ытта да а?ындарды? ізбасарлары табылып жатады. «Тол?ыннан тол?ын туады, тол?ынды тол?ын ?уады»-деп, б?гінгі жас а?ындар дара т?л?а Д. ?онаев?а ?андай ?ле?дер жазды екен, ты?дап к?рейік.
                                                                                   
  


 
1. Облысты? «Дарынды балалар» бай?ауыны? дипломанты, ауданды? «Т?уелсіздікті? жас а?ындары» бай?ауыны? ж?лдегері, шы?армашылы?ы республикалы? «М??гілік Ел» кітабына басыл?ан  11-сынып о?ушысы ?теулинова А?са?ан   «?р кеуделі кеме?герім»
2. Республикалы? «Ілияс о?улары» бай?ауыны? бас ж?лдегері, бірнеше ?аза? киноларына т?скен жас актриса  8-сынып о?ушысы Аликова Жанэля.
«Димаш ата?а»
3. Облысты? «»Дарынды балалар» бай?ауыны?  ж?лдегері, Бал?ынбектанушы  8-сынып о?ушысы Жексенбаева Айгерім. «Димаш а?а»
4. О?у озаты, 8-сынып о?ушысы Н?р?алиева Ботаг?з. «Арнау»
5.Ауданды? Махамбет о?уларыны?, ауданды? «Жыр алыбы-Жамбыл» жас а?ындар айтысыны?  бас ж?лдегері 10-сынып о?ушысы Т?леген Махамбет.
«?лы т?л?а?а та?зым»
6. Мектебімізді? ?нерпазы, о?у озаты 8-сынып о?ушысы  Бердім?рат Айгерім. «Димаш ата?а арнау»
Ендігі кезекте жас а?ындар та?ырып та?дап, сол та?ырып?а ?ле? шума?тарын ??растырады.
Та?ырыптар:
1.Т??ыры биік за??арсы?
2.Димашты? да??ыл жолы
3. Перзентісі? пейілі ке? ?аза?ты?
4. ?р т?л?алі кеме?герім
5. Хал?ым деп со??ан ж?регі
(Жас а?ындар ?ле? ??растыр?анша  «Ерке сыл?ым» к?йі орындалады)

 
Ж?ргізуші.
Елбасымыз ?з с?зінде: «Д. А. ?онаев есімі ?аза?стан хал?ымен бірге жасары аны?, а?и?ат. Ол кісі б?рімізге ?стаз бол?ан адам»,- деп жо?ары ба?ала?ан. Хал?ыны? ?адірін білген, елі мен жерін с?йген, сол ?шін ??мыр кешкен адам халы? жадында м??гі са?талады. Оны? ас?а? рухына мы? та?зым.

Арда?тылар ?алар м??гі ел есінде,
?асырлар м?хитыны? белесінде.
 Б?рі:  М??гілік Димаш ата бізбен бірге,
           М??гілік ?АЗА?СТАН кемесінде.
Осымен «?лы т?л?а?а та?зым» атты жыр кешіміз ая?талды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы т?л?а?а та?зым »

Тақырыбы: Ұлы тұлғаға тағзым

Мақсаты: Д. Қонаев туралы ойларын тереңдету. Ұлы тұлғаның адами қасиеттеріне мән беруге, адамгершілікке тәрбиелеу.


Барысы

Жүргізуші.

Армысыздар, бүгінгі жыр кешіне келіп отырған ұстаздар, оқушылар!

Биыл 12 қаңтарда халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаевтың туғанына 103 жыл толып отыр. Осы айтулы күнге орай өткізгелі отырған «Ұлы тұлғаға тағзым» атты жыр кешімізге қош келдіңіздер! Кешіміздің шашуы ретінде орындалатын

«Салкүрең» күйін қабыл алыңыздар!


Д. Қонаевты еске алу монологін оқу (Ж. Аликова)




Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ,-деп Абай жырлағандай қазақтың маңдайына біткен асыл текті асқар тауы едің-ау! Тумысыңызда бір тектілік, таза ақсүйекке тән қияпатты бітім бар еді. Сондықтан шығар, сіз онша таза емес тіршіліктің өзінде арыңызға қылау түсірмей, тап-таза өмір сүрдіңіз, ғибратты ғұмыр кештіңіз.

Заманыңыз тым қатыгез еді, сондықтан шығар, сіз де қатал принциптің адамы болдыңыз. Тұғыр-тұрғыңыздан тайған жеріңіз жоқ. Көлгірсуді білмейтін өр едіңіз. Қара қылды қақ жарған әділ едіңіз. Досыңызға жібек, дұшпаныңызға тікенек едіңіз.

«Таулар алыстаған сайын асқақтай береді»- деген сөз бар. Ел-жұртыңызға қадір-қасиетіңізбен танылған адамсыз. Сондықтан сізді ешуақытта, ешқашан да, ешкім де ұмытпайды. Міне, бүгін де сізді еске алудамыз.

(Экраннан видео көрсетіліп, «Димаш аға» әні тыңдалады)

Жүргізуші.

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адам өмір сүреді. Ал қазақ тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол-Д. А. Қонаев еді. Бабалар аруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Ұлы тұлғаға тағзым» атты жыр кешіміз «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды» деп келешекке сенген кемеңгер атамызға арналады. Ендеше жыр кешімізді бастаймыз.

Кештің бірінші бөлімі «Асыл текті асқар тау ұлы тұлғаға тағзым » деп аталады. Оқушылардың жыр шашуы.

«Димаш салған даңғыл жол»

«Өмірді тәтті көрген балалар»

«Напальон адьютант»

«Димаш пен Шона»

«Тарт күйіңді, Нұрғиса»

« Кемеңгер аға»

«Қонаевтың рухымен әңгіме»


Жүргізуші. Атақ-даңқы аңыз болған талайға,

Димекеңе баға беру оңай ма?

Ешкімге көмегін аямаған,

Халқы да оны сол үшін бағалаған,- деп ақын ағамыз жырлағандай, Димаш атамыздың есімі жылдар өтсе де әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталып келеді.

Ән «Жетісу» орындалады.


Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікте бой суытпа,- дейді ақиық ақын Мұқағали Мақатаев.

Демек, ақындық үнемі алға ұмтылуды қажет етеді. Әр уақытта да ақындардың ізбасарлары табылып жатады. «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады»-деп, бүгінгі жас ақындар дара тұлға Д. Қонаевқа қандай өлеңдер жазды екен, тыңдап көрейік.



1. Облыстық «Дарынды балалар» байқауының дипломанты, аудандық «Тәуелсіздіктің жас ақындары» байқауының жүлдегері, шығармашылығы республикалық «Мәңгілік Ел» кітабына басылған 11-сынып оқушысы Өтеулинова Аңсаған «Өр кеуделі кемеңгерім»

2. Республикалық «Ілияс оқулары» байқауының бас жүлдегері, бірнеше қазақ киноларына түскен жас актриса 8-сынып оқушысы Аликова Жанэля.

«Димаш атаға»

3. Облыстық «»Дарынды балалар» байқауының жүлдегері, Балғынбектанушы 8-сынып оқушысы Жексенбаева Айгерім. «Димаш аға»

4. Оқу озаты, 8-сынып оқушысы Нұрғалиева Ботагөз. «Арнау»

5.Аудандық Махамбет оқуларының, аудандық «Жыр алыбы-Жамбыл» жас ақындар айтысының бас жүлдегері 10-сынып оқушысы Төлеген Махамбет.

«Ұлы тұлғаға тағзым»

6. Мектебіміздің өнерпазы, оқу озаты 8-сынып оқушысы Бердімұрат Айгерім. «Димаш атаға арнау»

Ендігі кезекте жас ақындар тақырып таңдап, сол тақырыпқа өлең шумақтарын құрастырады.

Тақырыптар:

1.Тұғыры биік заңғарсың

2.Димаштың даңғыл жолы

3. Перзентісің пейілі кең қазақтың

4. Өр тұлғалі кемеңгерім

5. Халқым деп соққан жүрегі

(Жас ақындар өлең құрастырғанша «Ерке сылқым» күйі орындалады)


Жүргізуші.

Елбасымыз өз сөзінде: «Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған адам»,- деп жоғары бағалаған. Халқының қадірін білген, елі мен жерін сүйген, сол үшін ғұмыр кешкен адам халық жадында мәңгі сақталады. Оның асқақ рухына мың тағзым...


Ардақтылар қалар мәңгі ел есінде,

Ғасырлар мұхитының белесінде.

Бәрі: Мәңгілік Димаш ата бізбен бірге,

Мәңгілік ҚАЗАҚСТАН кемесінде.

Осымен «Ұлы тұлғаға тағзым» атты жыр кешіміз аяқталды.










Д. Қонаев атындағы орта мектеп

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Ұлы тұлғаға тағзым


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

С. Қожахмет

Ж. Кегенбекова













2014-2015 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лы т?л?а?а та?зым

Автор: кожахмет Сауле Ахметкаликызы

Дата: 04.10.2015

Номер свидетельства: 236164


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства