Просмотр содержимого документа
«"Адасқан балапан" ертегі»
Адасқан балапан
(Ертегі)
Жаздың жайдарлы бір күні болатын. Әдеттегідей көгалға серуенге шығып,айналасындағы ғажайыптарға таңданып жүрген балапан өз тұрағынан адасып қалады. Өзіне таныс емес жолды бірте-бірте байқаған балапан қорқа бастайды.Әбден үрейі ұшып,мазаланған балапан,өз қорқынышын сейілтейін деген оймен,былай деп әндете бастайды:
Анам менің қайда жүр,
Панам менің қайда жүр.
Ажырата алмай, мен тұрмын,
Қай жер мынау,қандай қыр?-деп.
Балапанның әнін тыңдап тұрған тарғыл мысық, әп-дегенде балапанның қасына жетіп келеді.Өзі әбден қорқып тұрған балапан, тарғыл мысықты көргенде одан сайын зәре құты қалмайды.Тарғыл мысық балапанның бұл жайын бірден түсіне қойып, әп-әдемі балапаным-ау неге жылайсың?- деп құйрығымен оны бір сыйпап өтеді. Зәресі қалмаған балапан- панамнан адасқан жайым бар,- деп шиық-шиық етіп жылап жібереді. Балапанның не үшін жылап тұрғанын біліп алған, тарғыл мысық -өз айласын асырғысы келіп,е-е балапаным сенің қарның ашқан шығар, мен саған жылы, жұмсақ әрі тәтті нан беремін, менімен бірге жүре ғой дейді.Балапан не ілесерін, не ілеспесін білмей қарайлап тұрғанда,жол бойымен құйрығын бұлғаңдата ойнақтап келе жатырған Құтжол бұлардың қасына келеді. Балапанға қамқор бола қала қойған тарғыл мысық, Құтжолды көргенде алды-артына қарайлай алмаған күйі зыта жөнелді.
Ей, тарғыл мысық мені панама, анама апармаймысың?-деген балапанның сөзіне құлағынада ілмеген сияқты.Құтжол өзіне үрке қараған балапанға қараса, оның қорыққаннан үрпейген түрі аянышты болып көрініп –ақ тұр екен.Балапанның бұл түрін көріп тұрған Құтжол балапанға, менің соңымнан жүре ғой, сені панаңа жеткізіп салайын дейді.Сөйтеді де өзі жол бастайды,ал балапан болса Құтжолдың айтқан сөзіне қуанып,қорқынышы азайғандай болып,оның артынан ілеседі. Балапанның панасына жақындағанда Құтжол артына бұрыла түсіп, балапанға былай дейді:
Тарғыл мысық жеу үшін,
Балапан-ау сені алдады.
Ғажайыптарға- таң қалғанмен,
Ұяластан ажырап қалмағын.
Құтжолдың бұл ісі құптарлық жай еді.Сөйтіп адасқан балапанға панасын тауып беріп, өзі жөніне кете барады. Ал балапан болса аман-есен панасымен,анасымен,ұяластарымен қайта қауышқанына қуанды.