Тәрбие сағаты "Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік."
Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы. «Жол әліппесі» қабырға газеті,жол тәртібіне арналып жазылған ұрандар фотосуреттерден жасалған стенд. Әр топтың жеке жұмыс столы, жол белгілері, транспорт түрлері.Сынып бөлмесінің әр жеріне: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол»-деген сөздер жазылған плакттар ілінген.
Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі, қыркүйек айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе?
- Бағдаршам.
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.
І-бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
ІІ-бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица,көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1-топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2-топ: Трамвайды қандай жерде тұрып күту керек?
3-топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?
4-топ: Автобус,трамбай, тралейвустан түскенде жолдың келесі бетіне қалай өту керектігін көрсету. Оқушылар жауабын автоинспектор бағалайды?
ІІІ-бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4-дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер,өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі,жол жұмыстары белгісі.
в) «Тайғақ жол» белгісі т.б.с.
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.
ІҮ-бөлім: «Сергітейік жанымызды» хор «Бағдаршам» айтылады. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді.
1-оқушы. Көрген дәу қырағы, 2-оқушы:Қызыл көзі жанса,
Көшемізде тұрады. Мейлі көлік жоқта.
Ол бергенде команда. Қатып қалған жанса.
Бағынамыз әмәндә. Қыбыр етпе алға.
3-оқушы: Сары көзі жанса, 4-оқушы: Жанса көзі жасыл.
Мейлі көлік жоқта, Жолың айдай ашық.
Қатып қалған жанса. Жүре бергін батыл,
Қыбыр етпе алға. Керегі жоқ саспа!
5-оқушы: Көшедегі бағдаршам болмаса, Кідірме,абыржып онда аса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілтер. Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
6-оқушы: Көшеде ортаға жеткенше, Әуелі көзің сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң. Мойының сол жақтан оң жаққа.
7-оқушы: Мен білем, бәрін мен-деген. 8-оқушы: Ұшқалақ бала ұрыншақ.