kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жирен жаман әдеттен

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеурочная работа хорошо оформленна.Я проводила 8-классе внеурочный урок на тему против спида,табокурения,алкоголизм.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жирен жаман әдеттен»

Айтуар негізгі мектебі





Сайыс сабағы







Әлеуметтік ұстаз: Усенова Динара Мағжанқызы







2016--2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жирен жаман әдеттен.


Сабақтың мақсаты:

1. білімділік – « Бірінші байлық – денсаулық » деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден , ішімдік , нашақорлық , шылым шегушіліктен сақтандыру , олардың денсаулыққа , болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру , өркениетті елімізге лайықты , зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

2. дамытушылық - Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып , саналылыққа , құқықтық тәрбиеге баулу.

3. тәрбиелік – Салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу.

Тазалыққа , лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Түрлі тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер, сұрақ-жауап, суреттер арқылы оқушыларға ой салу.

Сабақтың көрнекілігі: Теледидар , түрлі-түсті слайдтар ,суреттер,нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім : Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдаған «Қазақстан – 2050 » стратегиялық бағдарламасында « Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы.


Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.

Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі сайыс сабағымызда біз осы шылымқорлықтың зиянды әрекеттері туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз,ой бөлісеміз.

Біз оқушыларды 2 топқа бөліп отырмыз.

Олар « Тазалық » тобы мен «Денсаулық» тобы. Екі топқа әділ баға беретін ортаға әділқазыларымызды шақырамып,таныстыра кетейін: Благовещенка №2 мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ипова Ақмарал ..... және Айтуар мектебінің биология пәнінің мұғалімі Исенова Гаухар Сапуанқызын ортаға шақырамыз.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру. ( Әр топ өздерін таныстырып , төс белгілерін қорғайды )

  2. « Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )

  3. « Тәні саудың жаны сау ». ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру )

  4. Уланбасын өмірің. (плакатқа сурет салу )

  5. Темекінің зияны. (Ситуациялық сұрақтар)

Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Мұғалім: Көк түтінге жас өкпеңді ыстама ,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір ,

Әуес көріп ұстамасты ұстама ! – деп жас жеткіншектерді

салауаттылыққа үндейтін « Тазалық » тобын шақырайық.


I – кезең « Таныстыру »

Топ басшысы: Сағит Дастан.

Тобымыздың аты: « Тазалық »

Тобымыздың ұраны: « Тазалық – саулық негізі ,

саулық – байлық негізі. »

Шықтық біз де топ құрап ,

Кілең сайдың тасындай.

Тазалықты ұрандап,

Сөз сөйлейміз жасындай.


Мұғалім: Иманыңды , дидарыңды ,

Тазалап ал , қазағым.

Ұрпақтарың , ұл-қыздарың ,

Түзу бассын қадамын ! – деп келешекке келелі азамат ретінде

баруды көздеген « Денсаулық » тобын ортаға шақырайық.

Топ басшысы: Имақова Бақытгүл.

Тобымыздың аты: « Денсаулық »

Тобымыздың ұраны: « Денсаулық – зор байлық »


Денсаулық ол күлуің ,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің ,

Ешбір жерің ауырмай.


Мұғалім: Жігерің бар , талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып ,

Өмірің бар алда әлі солмайтын , - дей отырып , жаман әдеттер-

ден жирендіретін ,зиянды әдеттерге байланысты мақал-мәтелдер мен ұлағат-

ты сөз жарыстыруға кезек берейік.


II –кезең

« Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )






« Тазалық » тобы :


Нұртас: Темекі тартып ерікпе ,

Өкпеңді алар демікпе.

Дастан: Темекінің кермегі ,

Еріккеннің ермегі.

Айдана: Жалқаулықтың жан күтімі ,

Екі қолды ыстайды.

Темекінің көк түтіні,

Екі өкпені ыстайды.

Айнұр: Ұзартқың келсе ғұмырды ,

Таста арақ пенен шылымды.

Дастан: Ішпеген шылым тартпаған,

Денсаулықты сақтаған.

Дәурен: Елемеген ауру жаман ,

Ескермеген дау жаман.

Назгүл: Күлкі – денсаулықтың мүлкі.

Диас: Ішің ауырса аузыңды тый.

Айдана. Ауырып ем іздегенше ,

Ауырмайтын жол ізде.

«Денсаулық» тобы



Алихан: Түтіні тісіңді сарғайтады ,

Уы ерте қартайтады.

Алтынбек: Шылымды жерге тастама ,

Айналаңды ластама.

Бақытгүл: Көзге түскен қауыз жаман,

Шылым шеккен ауыз жаман.

Маржан: Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан.


Тамирлан: Шылымқор өзін ғана емес ,

Өзгелерді де улайды.

Ербол: Тамағы тоқтық ,

Жұмысы жоқтық ,

Аздырар адам баласын.

Маржан: Темекі тартсаң ақырын ,

Азаяр сана ақылың.

Наурызбай:Жақсыдан үйрен ,

Жаманнан жирен.

Мұғалім: Шәкірттер алды-артын аңдасын ,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

« Ол кім ? Бұл не ? » бөлімінде ,

Танымдықпен , білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын , - дей келе « Тәні саудың , жаны сау »

бөліміне тоқталайық.

III –кезең

« Тәні саудың , жаны сау » ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақ-

тарға жауап беру )

« Тазалық » тобына сұрақ :

  1. Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар не істейді?

(ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді.)

  1. Темекідегі улы заттарды үш топқа бөлеміз,олар қандай заттар?

(никотин, шайыр заттары және ысты газ )

  1. Егерде адам күніне бір пашке темекі тартатын болса оның өкпесіне неше грамм шайыр түседі?(700 грамм)

  2. Ғалымдардың зерттеуінше бір темекі адам өмірін неше минутқа кемітеді ? ( 12 минутқа кемітеді.) 

« Денсаулық » тобына сұрақтар :

  1. Жастардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

(топқа еліктеу,ересек болуға тырысу.)

2.Жастардың темекі тартпауы үшін не істеу керек?

(Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек.)

  1. Темекідегі улы зат никотин адамның қандай жүйесін бұзады?

( Жүйке жүйесі)

  1. Шылымның зияны тиетін ағза ?

( Өкпе )


Мұғалім: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда , ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық! – демекші «Уланбасын

өмірің » бөліміне кезек берейік .


IV –кезең

« Уланбасын өмірің » (плакатқа сурет) Темекінің зияны туралы плакатқа суреттер салу және оны қорғау керек. Сурет салуға 5 минут беріледі


«Денсаулық» тобы «Тазалық»тобы


  • Ал енді,ортаға «Тазалық» тобын өз плакаттарын қорғауға ортаға шақырамыз.


  • Келесі,ортаға «Денсаулық» тобын өз плакаттарын қорғауға ортаға шақырамыз.


  • 2-топқа тапсырма «Темекінің ағзаға тигізетін әсері» туралы сипаттама берулеріңді сұраймын.


Темекінің ағзаға тигізетін әсері



1.Адам өмірі 2. Тыныс алу

қысқарады мүшелеріне зиян


Өкпе ауырады


3.Қан тамырларын 4. Жазылмайтын жара тырыстырады пайда болады


Мұғалім: Арақ ішіп шылым шексең жасыңнан,

Өсе келе айрыласың басыңнан.

Төбелесіп дарақы боп жүрсең сен,

Таба алмайсың бір досыңды қасыңнан.

Сондықтан да замандасым жас ұлан,

Денсаулықты сақтай көрші жасыңнан! – деп « Темекінің зияны » бөліміне кезек берейік.


V – кезең

Темекінің зияны. (Ситуациялық сұрақтарға жауап беру)

« Тазалық » тобы:

  1. Екі қыз жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?

« Денсаулық » тобы:

2.Кинодан кеш қайтып келе жатқан бала соңғы подъездің есігі алдында тұрған бір топ баланы көрді. Олар баланы шақырды. Ойында ешнәрсе жоқ, ішінде көршісі тұрған соң жақындайды. Олар темекіні беріп: -жігіт емессің бе , сор –деп бұйырды. Сорып қалып еді, түтін бірден тұншықтырып, шашалып қалды. Барлық бала күліп: Мынау қыз ғой-деді. Баланың намысшыл екенін білетін көршісі қорғаған болып: жоқ менің көршім нағыз жігіт! Деп арқасынан қақты. Оған мақтаншақ бала тағы бір – екі сорып-сорып жібереді.

Баланың қалтасына 3-4 – еуін тағы салып жіберді. Ары қарай не болды деп ойлайсың, сен сол баланың орнында болсаң не істер едің?

YІ кезең

Бекіту
Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

-Ия, балалар, сонымен қатар темекіні 12 жаттығу түрлерімен алмастыруға болады екен.

Слайдта.
1.    Секіру.
2.    Жүзу
3.    Хош иісіті гүлдер иіскеу
4.    Ойнау
5.    Билеу
6.    Веосипедпен серуендеу
7.    Құстар әнін тыңдау
8.    Сұхбаттасу
9.    Ән айту
10. Жүгіру
11. Сурет салу
12. Демалу

Мұғалім : Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Осы орайда айта кетерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді.Себебі,никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінің келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез бұзылады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында шайыр жинайды екен.


-Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.




Марапаттау: 1-орынды «Тазалық» тобы иеленді.

Ал 2-орынды «Денсаулық» тобы иеленді



Мына бір өлеңмен қорытынды жасағым келеді: Арақ ішсең азарсың,

Көшеде жатып тозарсың.

Қадірің кетіп баршаға,

Масқара болып қаларсың.

Есірткі деген бұл пәле,

Өміріңді өксітер.

Ес- түсіңнен айырып,

Айуандыққа жеткізер.

Темекіңді шекпеймін,

Шекпедің деп соқ мейлің.

Қысқарады өмірің,

Соны ойла, жан құрбым.

- Міне , балалар « Арақ – арыңа нұсқан , темекі – тегіңе нұқсан », жаман әдеттерден аулақ болыңдар! – деп сайыс сабағымызды аяқтай келе қатысып отырған қонақтарымызға сөз береміз.



Усенова Динара Магжановна

Айтуар негізгі мектебінің әлеуметтік ұстазы.

Жамбыл ауданы, Айтуар ауылы.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Жирен жаман әдеттен

Автор: Усенова Динара Магжановна

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 377992

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Жирен жаман ?деттен"
    ["seo_title"] => string(23) "zhirien-zhaman-diettien"
    ["file_id"] => string(6) "261407"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449135121"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты "Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен""
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-zhak-sydan-uirien-zhamannan-zhirien-1"
    ["file_id"] => string(6) "258093"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448447435"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен.» "
    ["seo_title"] => string(37) "zhak-sydan-uirien-zhamannan-zhirien-1"
    ["file_id"] => string(6) "162585"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422372088"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" іс-шара"
    ["seo_title"] => string(44) "zhak_sydan_uirien_zhamannan_zhirien_is_shara"
    ["file_id"] => string(6) "364004"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1480443106"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Сүйінбай Аронұлы""
    ["seo_title"] => string(17) "suiinbai_aronu_ly"
    ["file_id"] => string(6) "373693"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482784577"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства