kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жирен жаман ?деттен

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Жирен жаман ?деттен

Ма?саты: Таби?атты? адам баласына сыйла?ан басты байлы?ы денсаулы?тыса?тауды? басты жолдары зиянды, жат ?ылы?тардан аула? болып, салауатты ?мір с?ру  екендігін ??ындыру; о?ушыларды? бойына адами игі ?асиеттерді ?алыптастыру?а, денсаулы?ты? ?адірін біліп, са?тай білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жирен жаман ?деттен»

Күні: 28.11.15 ж

Сабақтың тақырыбы: Жирен жаман әдеттен

Сабақтың мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты жолдары зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру; оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға , денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу; ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне , салауаттылыққа дағдыландыру.

Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер, мәнжазба, ашық хаттар салынған конверт, АКТ

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Кіріспе бөлім

  3. Мәнжазба

  4. Денсаулық , зиянды әрекетер туралы мақал- мәтелдер айту

  5. Көрініс «Шылым шегудің пайдасы»

  6. Сергіту сәті

  7. Көркем сөз оқу

  8. Ашық хаттар салынған конверт

  9. Қорытынды

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөлу.

І топ. « Сауықтыру»

ІІ топ «Тазалық »

II.Кіріспе бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы- «Жирен

жаман әдеттен» , ал мақсатымыз- жаман әдеттен аулақ болып, жақсы әдеттерді бойымызға сіңіру.

Еліміздің келешегі жастардың қолында. Олар – білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, еліне адал қызмет ететін жаңа буын өкілдері. Ол- мына отырған сендерсіңдер.

Еліміздің Президенті Нұсұлтан Назарбаев барлық Қазақстандықтарға арналған «Қазақстан- 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек екенін көрсеткен болатын.

  1. бағыт: «Темекі шегуді тоқтату».

  2. бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».

3- бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес».

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қашанда салауатты өмір салтын уағыздайды. Жақсы тұрмыс, уайымсыз өмір, ұзақ ғұмыр, жан мен тәннің саулығы- салауаттылықтың негізі. Халқымыз «Бірінші байлық- денсаулық » деп тегін айтпаған. Адамға ең бірінші денсаулық керек. Адам денсаулығының жақсаруы салауатты өмір сүрумен байланысты.

Ендеше топтарымызбен таныс болыңыздар.

І-топ. Темекі шекпейміз, ішімдік ішпейміз.

Темекі ме , ішімдік пе.

Біз оған қызықпаймыз.

Оған уақыт та жоқ,- деген ұстаныммен зиянды әдеттерден аулақ болуға

шақырған «Сауықтыру» тобы.

ІІ- топ. «Тазалық- саулық негізі,

Саулық- байлық негізі» деген ұранмен тазалық әлеміне сапар шегіп , тазалықтың қыр –сырымен таныстыратын «Тазалық» тобы.

Міне, біздер бүгінгі сабағымызда осы топтар арқылы денсаулығымыз үшін ненің зиянды, ненің пайдалы екендігіне көз жеткіземіз.

III.Мәнжазба. Әр топ өздерінің жазып келген мәнжазбаларын оқиды.

«Сауықтыру» тобы «Зиянды заттар» тақырыбында

«Тазалық» тобы «Тазалық, денсаулық» тақырыбында.

IV.Ұлтымыздың болашағына қаіп төндіріп отырған наша, темекі, арақ- шараптың зияны, денсаулық туралы мақал- мәтелдерді тыңдайық.

1- оқушы: Денсаулық- өмірде табысқа жеткізетін ең басты байлық.

2-оқушы:Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

3-оқушы:Ішпеген, шылым шекпеген, жасайды жылдар көптеген.

4-оқушы: Арақ ішегіңді шірітеді, бауырыңды ірітеді.

5-оқушы: Шарап деген білім мен ақылға жау,

Шараптың шатағы сол- «ұрыс пен дау»

6-оқушы: Дұшпан елден айырар,

Арақ естен айырар.

7-оқушы: Шылым шегіп «әдемі» болғанша,

Қылығы сай кәделі болыңыз.

8-оқушы: Мас болушылық- өз ықтиярыңмен жынданушылық.

9-оқушы: Нашақорлық- ауру, түбі- ажал.

10-оқушы: Арақ ішкен азар, шылым шеккен тозар,

Наша тартқан өз көрін өзі қазар

11-оқушы: Шылымды әр тартқаның ,

Табытыңа темір шеге қаққаның.

12-оқушы:Мешкейдің түсінен тамақ кетпейді,

Маскүнемнің түсінен арақ кетпейді.

13-оқушы: Әдепсіз өскен адамнан-

Тәртіппен өскен тал артық.

14-оқушы: Шылымқор өзін ғана емес,

Өзгелерді де улайды.

V.Көрініс : «Шылым шегудің пайдасы»

Сахнаға дана қарт пен жас бала шығады.

Бала: Ата , мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз. Бұл денсаулыққа пайдалы ма?

Ата: Шылым шегудің «үш пайдасы» бар , балам. Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашанда қартаймайды.

Бала: Қалайша?

Ата: Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді, балам. Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонмайды.

Бала: Неге?

Ата: Себебі, балам, шылым шегетіндердің өкпесі таза болмайды, күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің жөтелін естіп, үйге жақындай алмайды. Үшіншіден, шылым шегетін адамды ит қаппайды.

Бала: Неліктен?

Ата: Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын?

Ақсақал қулана жымиып қойды. Ал бала ойланып қалды.

VI. Сергіту сәті.

VII. Көркем сөз оқу.

1- оқушы: Жымысқы жау – арақ мынау

Аңқылдаған, жалпылдаған,

Аңқау жұртым, қазағым.

Сенгіштіктің , көнбістіктің

Тарттың әбден азабын.

Жиғаныңды , иманыңды

Айырбастап нашаға.

Сенің кері кесіріңнен

Босап жатыр босаға

2-оқушы: Сені қазақ, қылып мазақ ,

Алды арақ шынжырлап.

Тозды тұрпат, азды ұрпақ,

Азат елді кім құрмақ?

Салт пен тойың , дәстүр, ойың

Көгенделіп араққа.

Салғырт ел боп, мәңгүрт ел боп

Іліндің сен санатқа

3-оқушы: Ішіп жатыр, шегіп жатыр

Ата, әке, жас бала.

Жанын сатқан, тәнін сатқан

Көрдік істі масқара.

Адамшылық, асқақ қылық

Қасиеттен тұл болдың.

Жүзің сынық, жүйкең бұзық,

Наша, араққа құл болдың.

4-оқушы: Жымысқы жау- шылымың да,

Сені қазақ , жалмай ма?

Егер халық болсаң анық,

Намыс қайда, ар қайда?

Иманыңды, дидарыңды

Тазалап ал, қазағым!

Ұрпақтарың ұл- қыздарың

Түзу бассын қадамың!

Өсемісің, өшемісің,

Таңда жолды , сарапта.

Жатпа қазақ, аттанқазақ

Ата жауың араққа!

5-оқушы: Көк түтінге үйір болма, достарым,

Өмір жолын жақсылықпен бастағын.

Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,

Жас жүректі жамандықпен қыстама.

Жанбай жатып онда өшіп қаласың,

Онда өмірден орын қалай табасың?

Салауатты өмір салтын сақтағын,

Шығарма естен басқан сайын әр адым.

Жаман әдет жуымасын жаныңа,

Табиғаттай таза, перзентті бол даланың

6-оқушы: Темекідей затты шекпеңдер,

Өмірдің азап күнін кешпеңдер.

Сондықтан да темекідей пәлені,

Жасөспірім, балалар- ау, шекпеңдер!

Балалар- ау, бізге құлақ салыңдар.

Темекіден әркез аулақ болыңдар

Тек қана жақсылыққа ұмтылып,

Еліміздің патриоты болыңдар!

VIII. Екі топқа хат салынған конверт беріледі.

«Сауықтыру» тобына хат.

«Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді . бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не дейсің? Достығың әрі қарай жалғаса ма?»

«Тазалық »тобына хат.

«Мен сыныпта тазалықшы қызмет атқарамын. Мен досымның тырнағын алмағанына бірнеше рет ескерту жасадым. Бүгін мектепте оқушылардың тазалығына орай жиын болды. Мен тиазалық сақтамаған оқушылардың арасында өз досымды да атап айттым. Жиналыс аяқталысымен досым маған қарамастан бұрылып кетті. Досымның әрекетіне көзқарастарың қалай, өздерің қандай әрекет жасар едіңдер?»

IX . Қорытынды.

Сонымен , оқушылар, біз бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйреніп, көп нәрседен жирендік деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын сақтау үшін қандай жаман әдеттерден жиренуіміз керек ?

Денім сау болсын десең қандай жақсы әдеттерді бойымызға сіңіру керек екен?

Сымбатты жүр әдемі

Өн бойыңды тік ұстап,

Көтеріп сәл кеудені

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр қисаймай

Күщ сап бас пен арқаға.

Жатып алма партаға.

Денсаулық- ол шыныққан

Барлық ден мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық- ол келуің

Көңіл- күйің жадырай,

Денсаулық- ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай, -деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

























Қарабау орта мектебінің ІV ә сыныбында өткізілген тәрбиелік шараның анықтамасы









Күні «28» қараша 2015 жыл



Тақырыбы : Жирен жаман әдеттен



Мақсаты. : Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты жолдары зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру; оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға , денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу; ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне , салауаттылыққа дағдыландыру.

Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер, мәнжазба, ашық хаттар салынған конверт, АКТ

Қатысушылар : Оқушылар





Жүру барысы:


Мұғалім оқушыларға темекі, арақ- шарап, нашаның зиянды заттар екенін , осылардан аулақ болу үшін денсаулықты күтіп, салауатты өмір салтын ұстанк керек екенін айтты. Одан кейін оқушылар екі топқа бөлініп мәнжазба, көркем сөз , мақал- мәтел, жағдаяттардан шығудан сайысқа түсті. Көрініс көрсетіп, сергіту сәттерін жасады. Қорытындысында салауатты өмір салтын ұстану үшін қандай жаман әдеттерден жиреніп, қандай жақсы әдеттерді бойға сіңіру керек екендігі жөнінде диалог құрылды.





Өткізген: Қуанышева А

Қолы:















«Сауықтыру» тобына хат.

«Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді . бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не дейсің? Достығың әрі қарай жалғаса ма?»








«Тазалық »тобына хат.

«Мен сыныпта тазалықшы қызмет атқарамын. Мен досымның тырнағын алмағанына бірнеше рет ескерту жасадым. Бүгін мектепте оқушылардың тазалығына орай жиын болды. Мен тиазалық сақтамаған оқушылардың арасында өз досымды да атап айттым. Жиналыс аяқталысымен досым маған қарамастан бұрылып кетті. Досымның әрекетіне көзқарастарың қалай, өздерің қандай әрекет жасар едіңдер?»
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жирен жаман ?деттен

Автор: Куанышева Арайлым Женисовна

Дата: 03.12.2015

Номер свидетельства: 261407

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты "Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен""
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-zhak-sydan-uirien-zhamannan-zhirien-1"
    ["file_id"] => string(6) "258093"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448447435"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен.» "
    ["seo_title"] => string(37) "zhak-sydan-uirien-zhamannan-zhirien-1"
    ["file_id"] => string(6) "162585"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422372088"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" іс-шара"
    ["seo_title"] => string(44) "zhak_sydan_uirien_zhamannan_zhirien_is_shara"
    ["file_id"] => string(6) "364004"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1480443106"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Сүйінбай Аронұлы""
    ["seo_title"] => string(17) "suiinbai_aronu_ly"
    ["file_id"] => string(6) "373693"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482784577"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?арсы м?ндес сын есім. "
    ["seo_title"] => string(26) "k-arsy-m-ndies-syn-iesim-1"
    ["file_id"] => string(6) "246829"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446463145"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства