Просмотр содержимого документа
«Ата - ана махаббаты Семинар - тренинг »
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы № 2 Ленинград орта мектебі «Ата – ана махаббаты» Семинар - тренинг
Өткізген : Жаканова Разиха Карбаевна
бірінші - санат
2012-2013 оқу жылы
Тақырыбы: «Ата – ана махаббаты» Семинар- тренинг Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Сергіту Оң қолым көкте,сол қолым көкте. Шапалақ соғам,сәтілік күнге .Келген қонақтарғаәр отбасы өзін таныстырады(слайд)
Психолог сөзі: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз? Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
« Біз біргеміз!»
Мақсаты : Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы ата-аналар, балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
“Біз бақытты жанұямыз”Мақсаты : Балаңыздың жан дүниесіне сурет арқылы таба білу.
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
«Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
-өтінемін,бір біріңнің бастарыңды сипаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
« Жағдайаттық тапсырмалар»
Психолог сөзі:Ата-аналарға:
1. «Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ,балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз балаңызды қалай қорғап қаласыз»
2. Бала үйге кеш қайтты. Үйге қоңырау шалайын десе телефоны өшіп қалған.Тосып қалған сіз баланың кешігу себебін айтуға мұрша бермей ұрса бастадыңыз.Бала сізге ештеңе түсіндіре алмаған соң үйықтауға кетті. Ертеңгі күні сіз осы жағдайаттан қалай шығасыз.
Сіздің балаңыз сабақ үстінде өзін дұрыс ұстамады деп мұғалім сізге шағымданды сіз балаңызды қалай тәрбиелейсіз.
«Сиқырлы сандық»Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Психолог сөзі: Ата-ана,оқушылар қазір мен жақсы әуен қосамын, 1,2,3-дегенде сендер көздеріңді жұмасыңдар, әр қайсыңның қасыңа келіп сиқырлы сандықты ашамын «мында қара және оған жыми» дегенде көзіңді ашып жымиясың.
«Менің көңіл күйім қандай?» СМАЙЛИК Ата-аналар,оқушылар өз көңіл- күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады. (Көңілді, көңілсіз, ренжеулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл - күйлерін баяндайды. (Алдымен психолог өзінен бастайды)
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Қорытынды:
1. Бүгінгі тренингтен өздеріңе қандай жаңа әсер алдыңдар?
2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3. Қалай ойлайсыңдар,сиқырлы сандық өз күшіңе сенімді болуға көмектесті ме?
Менің мақсатым осы шағын бейнелер арқылы тағы да отбасының бірлікгінің маңызды сәттерін көрсету.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.
Әрдайым жақындарыңмен бірге болып, бір-бірін бағалап, әрдайым түсіністікпен өмір сүре білу қажет.
Өзіңді сыйла және басқа адамдардың да сезімін сыйлай біл .
Әр күніңді жымиюдан баста. Сонда өз-өзіңе жақсы көңіл-күй сыйлайсың.
Әлемдегі барлық гүлдер тек сіздерге арналады. Өйткені сіздер соған тұрарлықсыздар.