kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ана тілім арда?ым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан мемлекеттік тілі –?аза? тілі. ?аза?стан к?п ?лт ?кілдері мекендейтін мемлекет. Президентіміз Н?рс?лтан Назарбаев ?з жолдауын «?лтты? тіл- ?аза? ?лтыны? рухани, м?дени байлы?ын ?рпа?тан ?рпа??а жеткізуші ?асиетті ??рал» деп баса к?рсеткен болатын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ана тілім арда?ым"»

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілім ардағым!»

Мақсаты:
-Оқушылардың өз анатілінің қадір –қасиетін біліп, өз анатілінің көркемдігін сезініп сөз құдіретін түсініп оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
-Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

- қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.


Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: Сөзмерген сайысы

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.

1-жүргізуші:Сәламатсыздер ме? Құрметті оқушылармен, ұстаздар, даярлаған мерекелік шараны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүргізуші: 22-Қыркүйек –Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған .

1-жүргізуші: Қазақстан мемлекеттік тілі –қазақ тілі. Қазақстан көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауын «Ұлттық тіл- қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын.

2-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.

1 -жүргізуші: Қазақстанда 130- ден астам ұлт өкілдері түрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі –әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.





Әділқазы алқалары сайланады

-Тәрбие ісінің орынбасары: Несіпбекқызы Айнұр

- Тәрбие ісінің орынбасары:Абзалбекқызы Әсел

-Қазақ тілі мұғалімі: Қасымова Гаухар

(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды)


Жүргізіші:

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І -айналым «Ұшқыр ой»

ІІ айналым «Құпия сандық»

ІІІ айналым «Ойлан, тап»

І V айналым «Айшықты сөздер»

V айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 4 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1. Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)

2. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
( «Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)

3.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)

4.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б.Майлин)

5. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)


6. Абай «Ғылым таппай мақтанба»
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

7. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар жерде мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

8. «Ана тілің – арың бұл»
Ұятың боп тұр бақта.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

Қ. Мырзалиев «Ана тілің арың бұл»

9. Мен, мен едім мен едім,
Мен нарында жүргенде
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім.

Махамбет «Мен, мен едім мен едім»

10. Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеннің алдынан
Іздемей - ақ табылар.

Ы. Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық»

11. Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал - саңғал жауапсыз,
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.

Қ. Мырзалиев « Қазақ осы»

12. Мен қазақпын - мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
«Мен қазақпын»


13. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.
- Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.
(«Қайырымдылық». Мағзұм Сүндетов)


Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,


IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

Жүргізуші:

Ана тілім - күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын - деп сайысымыздың соңғы бөліміне де келіп жеттік.

Бұл 5 - айналым:«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Мақал- мәтелді жалғастыр


1. Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын.
2. Оқу білім бұлағы.
3. Оқу - инемен құдық қазғандай.
4. Таяқ еттен өтеді - сөз сүйектен өтеді.
5. Өнер алды қызыл тіл.
6. Еңбек түбі береке.
7. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
8. Дос жылатып айтады - дұшпан күлдіртіп айтады.

Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды)

Жүргізуші: Міне осылайша «Ана тілім ардағым!» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Ана тілім арда?ым"

Автор: Райымбекова Майя Жанатбековна

Дата: 21.09.2016

Номер свидетельства: 344987

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Н.А.Лугинов "Кустук" сэЬэнин атын айымньылары кытта тэннии тутан ырытыы"
    ["seo_title"] => string(70) "n-a-lughinov-kustuk-se-enin-atyn-aiymn-ylary-kytta-tennii-tutan-yrytyy"
    ["file_id"] => string(6) "290235"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454934724"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ата салтым – асыл м?рам "
    ["seo_title"] => string(22) "ata-saltym-asyl-mu-ram"
    ["file_id"] => string(6) "192237"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427438626"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства