Просмотр содержимого документа
«"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау сценарии»
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатының сценарийі
(ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп,ілінеді.)
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар және мектеп оқушылары
І жүргізуші:
Қайырлы кун ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толса, Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5 жыл толып отыр.
І жүргізуші:
Жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.
ІІ жүргізуші:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
І жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар,сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Ұланбасы:
Бірлестік, тік тұр!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны астында мемлекеттік туымыз кіргізілсін!
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты мектеп оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялайды.
Топ басшылары рапорт тапсыруға дайындалсын!
Топ басшылары рапорт тапсырсын!
Топ басшылары:
Тік тұр!
Топ аты:
Топ ұраны:
/Ұланбасына келіп:/
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға дайын.
Баяндамашы:_______________ тобы
____________________________ /фам.аты/
Ұланбасы:
Рапорт қабылданды! Еркін тұр!
Топ басшылары: /топ қасына келіп/
Топ, еркін тұр!
Ұланбасы /тәлімгерге келіп/:
Жолдас, аға тәлімгер, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға дайын.
Бірлестік жетекшісі: Кәрім Ернар
Тәлімгер:
Рапорт қабылданды!
Ұланбасы:
Бірлестік, еркін тұр!
ІІ жүргізуші:Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының міндетін атқарушы Шналиев Нұржан Орынғалиұлына беріледі.
Би: «Қазақ биі» 5 сынып қыздары
І жүргізуші:Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
І жүргізуші:
Сонымен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының әр бір мүшесі қандай болуы керек екендігін айта кетейік.
1 оқушы - _______Аягүл_______сынып оқушысы: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
2 оқушы - ______Перизат______сынып оқушысы: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.
3 оқушы - _____Аяжан_____сынып оқушысы: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
4 оқушы -____Нұрбек____сынып оқушысы: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
5 оқушы - ____Айдана____сынып оқушысы: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
6 оқушы - ____Бекзат____сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
7 оқушы - _____Аяна______сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.
8 оқушы - _____Саят______сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
9 оқушы - _____Айсана_____сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
10 оқушы - _____Махаббат______сынып оқушысы: Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек (оқушылар кол шапалақтап, қошемет көрсетеді).
І жүргізуші:
Алдарыңызда «Өз елім» әнімен Қадырбеков Нұрбекті қарсы алыңыздар!
ІI жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
І жүргізуші:
Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
І жүргізуші: «Біз ...»
Оқушылар: «Жас Қыран»
І жүргізуші: - ұранымыз:
Оқушылар: Парызымыз адалдық. Біз «Жас Қыран» адалдықтан жаралдық.
ІІ жүргізуші: «Біз ...»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
ІІ жүргізуші: - ұранымыз:
Оқушылар: Қазақстан!Нұрсұлтан!Жас Ұлан!
ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
І жүргізуші: Құрметті мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Ән: _________________________ Нұрберген
І жүргізуші:
Құттықтау сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі Жантемирова Ляззат Кенжеғалиқызына беріледі.
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
(Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады)
Мектеп! Тік тұр! ҚР туы шығарылуға дайын
І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші:
“Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді
“Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды
“Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді
“Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады
“Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады
“Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”
І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.