Салтанатты жиын тақырыбы: «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың»
Мақсаты:Оқушылардың сол кездегі ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және олардың елін,жерін,Отанын,сүюге баулу.
Қатысушылар: 1-11 класс оқушылары,мұғалімдер ұжымы.
Көрнекілігі: слайд
Ұланбасы: «Топ,сап түзеп тік тұрындар»!
«Жолдас Аға тәлімгер! 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымыныі салтанаты жиынына Ә.Дербісәлин атындағы бірлестік дайын! Ұланбасы: Фатима Төремұратова.»
Тәлімгер: «Хабарлама қабылданды.Жиынның ашылуына рұқсат!»
Ұланбасы: «Топ,сап түзеп,тік тұрыңдар!Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін! «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы енгізілсін!
Әнұран орындалады. Барабан соғылады.Ән айту Ұланбасы:
Тәлімгер:Құтықтау сөз кезегі мектеп директорының уақытша қызметін атқарушы Сейтмағулова Света Жексенқызына беріледі.
1-Жүргізуші:Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздікке қантөгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Кең байтақ,көз жетпитін жерім менің
Татулы орман,жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-лім менің
Ән:
1-жүргізуші
Жас арудың жанарында -Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында-Желтоқсан
Жауыздықты жасағанда Желтоқсан
Жаңа ғұмыр жасаған да-Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан
Намысыңның шырағы да-Желтоқсан
Сұрқай өмір сынағы да-Желтоқсан
Жігіттердің ұраны да-Желтоқсан
Жаңа күннің шуағы да-Желтоқсан
оқушылар тақпақтар айтады.
2-жүргізуші
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңдеде әлі сызы жатыр сол кездегі салынның.
Айналайын,айналайын жас қайратты халқымның
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе,дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула,желтоқсанның мұзға жаққан алауы:
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еікеюге тисті емес жалауы!
Көрініс:
Қазақпын,еіселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таіынды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын,қойнауы-құт,жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән:
2-жүргізуші
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағатты өнегесі еңбегі
Тәуелсуздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-дей келе келесі кезекті биге береміз
Тәлімгер: 5-2 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау рәсіміне береміз.
Ант беріледі.
Тәлімгер: «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының галстугін,төс белгісін тағу үшін мектептің үздік белсенді оқушыларын ортаға шақырамыз.
Ұланбасы:Ә.Дербісәлин атындағы бірлестік шешімін оқуға дайындалыңдар! Тік тұрыңдар!
Тәлімгер: Ә.Дербібәлин атындағы бірлестік кеңесінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы шешімі 5-2 сынып оқушылары Республикалық қоғамдық бірлестік «Жас қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүше болуына байланысты ұйым қатарына қабылдансын!»
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының әні
Ұланбасы: «Топ,сап түзеп,тік тұрындар!Қазвқстан Республикасының мемлекеттік туы және «Жас Ұлан»баллар мен жасөспірімдерұйымының туы шығарылсын!»
1-Жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Ә.Дербісәлин атындағы Саралжын орта мектебі
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директорының Тәрбие ісінің орынбасары
уақытша міндетін атқарушы: Ақдаулетова А.
Сейтмағулова С.Ж
«Тәуелсіздік-тұғырым!»
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне
байланысты «Жас Ұлан» балалар
ұйымының
салтанатты қабылдау
жиынының сценарийі
Орындаған:Өмірзақова Н
2016-2017 оқу жылы
Ә.Дербісәлин атындағы Саралжын орта
мектебінің аға тәлімгері Н.А.Өмірзақоваға
және мектеп ұланбасы Төремұратова
Фатима -класс оқушысы
Өтініш
Мені Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымының
«Жас Қыран» тобына мүше етіп қабылдауыңызды сұраймын.
Күні:
Қолы: