kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл - біздің тірегіміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                       «Тіл – біздің тірегіміз! »                                                                                                  

Мақсаты: Ана тілі –адамның  жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазына. «Тіл –ұлттың жан дүниесі, сезімнің,ойдың көрінісі»деп тегін айтылмаған.Баланың бойына сәбилік шағынан бастап тілге деген құрметін оятып,дұрыс білім берсе,қай халықтың тілін болса да үйренері анық.Бүгінгі таңда  «Мәңгілік ел» патриоттық сезімді қалыптастырудың адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті,ынтымақтастықты,бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор.                              Осыған байланысты болашақ ұрпақтың бойында ұлттық қасиетті сіңіру, бірлікке, отансүйгіштікке, ерлікке, тәрбиелеу қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл - біздің тірегіміз»

«Тіл – біздің тірегіміз! »

Мақсаты: Ана тілі –адамның жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін ,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазына. «Тіл –ұлттың жан дүниесі, сезімнің,ойдың көрінісі»деп тегін айтылмаған.Баланың бойына сәбилік шағынан бастап тілге деген құрметін оятып,дұрыс білім берсе,қай халықтың тілін болса да үйренері анық.Бүгінгі таңда «Мәңгілік ел» патриоттық сезімді қалыптастырудың адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті,ынтымақтастықты,бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты болашақ ұрпақтың бойында ұлттық қасиетті сіңіру, бірлікке, отансүйгіштікке, ерлікке, тәрбиелеу қажет.

Аружан:Құрметті қонақтар! «Тіл –біздің тірегіміз!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдініздер! Біздің егеменді ел болып отырғанымыздың айғағы-өзіміздің мемлекетіміздің Туы,Елтаңбасы және Әнұранымыз бар!

Хор: Әнұран

Ерсін: Қазақстан Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

Аружан: Ендеше кезекті рәміздерге берейік! (маршпен екпінімен ортаға Ту,Елтаңба,Әнұран кіреді)

Ерсәт: (Ту)

Қазақстан туған өлкем

Жер көп пе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Көк туымды желбіретем.

Нұрбол: (Елтаңба)

Елтаңбасы елімнің-

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Расул: (Әнұран)

Елдің елдігі,ердің ерлігі-Әнұран,

Сезім биігі,төзім шыңы-Әнұран.

Әннің асылы,ұранның басымы-Әнұран !

Тәрбиеші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдердің

Кешегі анаң айтқан,бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып

Ана тілін білу сондай заңдылық

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Балнұр: Тілім,дінім,самғаған шарықтасын,

Самғаудан еш уақытта жалықпасын.

Өз алдында өмірден теңдік алған,

Ана тілім көгімде қалықтасын.

Самғат: Ана тілім-елдігім

Ана тілім-ерлігім

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін.

Ақерке: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

Би: «Қара жорға» орындайтын бишілер тобы

Меруерт: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Әсел: Туған тілім –тірегімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін

Хор: «Гүлжазира Қазақстан»

Алижан: Ақыл –ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Ақжол: Сүйесің өз тіліңді,

Боласын білімді.

Өз тілің үйретер,

Ардақта тіліңді.

Көрініс: Үш би ортада (Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би)

«Тіл» туралы шешендік сөздер мен аңыз әңгімелер айтылады

Нұрзада: Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді,

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Елхан: Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұ бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

Іңкәр: Ұлт дегенің-тіл десек,

Тіл-өлшемсіз несібе.

Оны ардақтай білмесек,

Ел боламыз несіне.?

Би: «Маусымжан» орындайтын бишілер тобы

Аружан: -Біз Қазақстанда тұрамыз, демек Отанымыз-Қазақстан. Халқымызда «Отан –отбасынан басталады» деген мақал бар.Отанымыз Қазақстан жайлы не білеміз?

Рақымжан: Отан елдің анасы,

Ел-ердің анасы

Отан бізде біреу-ақ

Ол біздің-Қазақстан!

Мөлдір: Отан менің ата-анам,

Отан –досым ,бауырым.

Отан –өлкем астанам

Отан- туған ауылым.

Бейбарыс: Бар қасиет салт пен сана тілімде,

Қадірлеймін өзге ұлттың тілінде.

Басқалар да қадір тұтсын тілімді,

Ұлы қазақ мекен еткен жеріңді.

Хор: «Ана тілі»

Тілге байланысты мақал-мәтелдер айтылады.

Арлан: Тіл тас жарады

Тас жармаса,бас жарады.

Ақниет: Жақсы сөз –жарым ырыс.

Жантөре: Өнер алды қызыл тіл

Мадина: Тіліңмен жүгірме,

Біліммен жүгір



Тәрбиеші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім,

Тату еткен елмен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып,ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім !

«Шаңырақ» тренинг ата-аналармен



Осымен «Тіл –біздің тірегіміз!» атты мерекелік ертенгілігіміз аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тіл - біздің тірегіміз

Автор: Капажанова Жанаргул Айбаровна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387334

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тәуелсіздік тірегім""
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_tiregim"
    ["file_id"] => string(6) "495534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1547616548"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "16-желто?сан Т?уелсіздік мерекесіне "Т?уелсіздік - тірегім" танымды? са?аты"
    ["seo_title"] => string(72) "16zhieltoksantuielsizdikmieriekiesinietuielsizdiktirieghimtanymdyksagaty"
    ["file_id"] => string(6) "312069"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459279778"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(27) "atazanymtuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "291257"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455098915"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Т?уелсіздік тірегім "
    ["seo_title"] => string(22) "t-uielsizdik-tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "162815"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422417750"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Т?уелсіздік-тірегім» атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(43) "t-uielsizdik-tirieghim-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "178873"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424887006"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства