Білімменен аспанға жол салынар,-деген Жүсіп Баласағұн.
Бүгінгі сайысымызға сыныбымыздан 6 оқушы таңдап алғалы отырмыз. Ол үшін алдымен жалпылама сұрақтар беремін. Сол сұраққа жауап берген оқушы сайысымызды әрі қарай жалғастырады.
Сұрақтар:
1.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын ( Абай )
2.Тәуелсіздік күні ( 16 желтоқсан )
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ( қазақ тілі )
4.Ұя салмайтын құс ( көкек )
5.Ұлы Отан соғысының батыр қыздары ( Әлия, Мәншүк )
6.Абайдың шын аты ( Ибраһим )
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныс болайық.
1.Оразалықызы Ажар
2. Алхамова Жеңісгүл
3. Сүгірова Жанғаным
4.Бөлтекова Ақмарал
Қазір біз балалар,осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетеміз
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
Болашақтың ұрпағымыз білімді
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді
Асау тұлпар желдей ескен арыңды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды,-дей келе бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
1-кезең Бәйге»
2-кезең.Кім жүйрік?
3-кезең.Тіл-өнер
4-кезең.Жалғасын тап
5-кезең.Сиқырлы ұяшықтар
Сайыскерлеріміз дайын болса ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-кезең Бәйге
Шарты:Сұрақтар тест түрінде беріледі.Сұрақтар экранға шыққаннан кейін үш жауаптың біреуін таңдап,таңдаған нұсқаны қағазға жазып бәріміз бірге көрсетеміз.10 сек. Уақыт беріледі.
Тест
1.Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура қалай аталады?
А) шаршы
ә)тік төртбұрыш
б)үшбұрыш
2.Халықаралық әйелдер күні
А)22-наурыз
ә)8-наурыз
б)1-қыркүйек
3.Көктемнің бірінші күні
А)наурыз
ә)қаңтар
б)сәуір
4.Жәндікті көрсет
А)түйе
ә) құрт
б)аққу
5.Қандай құс бейбітшілік белгісі,хат тасушы атанған?
А)аққу
ә)көгершін
б)қарлығаш
6.Ең кіші бір таңбалы натурал сан
А)0
ә)1
б)9
7.Кебеже деген не?
А) төсек
ә)кілем
б)сандық
8.Түйенің сүтінен дайындалатын сусынның атауы қалай?
А)қымыз
ә)көже
б)шұбат
2-кезең «Кім жүйрік?» Бұл кезеңіміздің шартымен таныс болыңыздар.Бұл кезеңде сіздер таңдап алған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер.Жауабын білмесең келесі сұраққа көше беруге болады.Әркім өз сұрағына жауап береді.Басқа ойыншы жауап беруге болмайды.Осы кезеңнен кейін екі кезең бойынша ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
1.Заттың қимылын білдіретін сөз табы . 2.Бір тоннада неше килограмм бар?(1000кг)
3.Жылқының төлі (құлын)
4.Бір жылда неше ай бар? (Он екі) 5 Бос тау жыныстарының ата(Құм мен саз) 6.Жер бетіндегі ең еңбеққор жәндік(құмырсқа) 7.ҚР-мен көршілес мемлекеттерді ата(Түрікменстан,Қырғыстан,Өзбекстан,Ресей).
3-кезең«Тіл-өнер»
Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша, ағылшынша аудармасын айту керек. Толық жауапқа 30 ұпайдан беріледі . Дайын болсақ бастайық.
Өзі шымыр-ақ, Тепсең зымырап , Көкке ұшканмен, Жерге құлап құлдырап (доп-мяч-ball) 2.Өзі-шағын,құны –арзан, сырты-қалың іші-маржан /кітап-книга-book/ 3.Тіл жоқ өзінде. Сөзі бар өзінде. /қалам-ручка-pen/ 4.Бұл үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, Бұл үйден көреген боп шығасың / мектеп-школа-school/ 5.Шықпайды үйден, Тоны жібектен, Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды / мысық-кошка-саt/
Осы ойыннан кейін ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады
Ендігі кезеңді жанкүйерлермен ойынға береміз.
Атамекен,Маңғыстау, Жыңғылды
Берілген сөздерден бірнеше сөз шығару
4- кезең «Жалғасын тап»
Бұл кезеңде өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастыра отырып авторын айту керек.
1.Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,...(А. Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»)
2. Мынау менің сезгенім...(Қ.М.Әли» Мұғалима»)
3.Туған тілім-бабам тілім-өз тілім»!...( Д. Әбілов «Туған тілім»)
4.Әр адамда өз анасынан басқа да,...( М. Шаханов» Төрт ана»)
5 .Езгіленген қазақ елің...( Н.Байғанин»Амангелді батырым»)
6.Аңсап көкті жасынан...(Н. Айтав «Нүркен»)
7.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...( Абай «Қыс»)
8.Шытынайды тыста аяз...( С. Сейфулин «Қызыл шұнақ» )
Бұл кезеңде ұпайы аз бір оқушы шығады
5- кезең « Сиқырлы ұяшықтар»
Келесі кезеңіміз « Сиқырлы ұяшықтар». Бұл кезеңнің шарты бойынша тақырып және оған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайға сәйкес сұрақтар бар. Оған жауап бересіңдер. Жауап қате болса, онда келесі ойыншы жауап береді.
Ертегілер елінде 20 30 40 50
Ұлы тұлғалар 20 30 40 50
1001 мақал 20 30 40 50
1. Ертегілер елінде
20 ұпай «Аңқау арыстан»
30 ұпай «Байлық пен ақыл»
40 ұпай «Егінші мен қасқыр»
50 ұпай «Жақсылардың жақсысы»
2.Ұлы тұлғалар
20 ұпай – Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған) – қазақ халқының әйгілі тұлғасы, жазушы, журналист, қоғам қайраткері. Туған жері – Жамбыл облысының , Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылы . Драмтург « Сталинге хат» , «Бесеудің хаты», «Жетім бұрыш», т.б пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. Сонымен бірге көп томды «Қызыл жебе» романы жарық көрді.
30-ұпай- Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы,кемеңгер ойшыл гуманист, сазгер. Оның туған жері-Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауы . Бала кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан оны әкесі Құнанбай Семейге оқуға жібереді. Мұсылман медресесінде ақын дін сабақтарымен қатар араб, парсы тілдерін үйренді. 13 жасында әкесі Абайды оқудан шығарып алып , ел билеу ісіне баули бастайды.
Абай қазақтың халықтық сөз өнерін ең жоғары мәдени сатыға көтерді.
Абайдың қазақ поэзиясына енгізген көркемдік тәсіл, түр жаңалықтары кейінгі ақындарға үлгі болды.
40 Ұпай – Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы- қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы ғалым , ұлт ұстазы . Ол 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы , Жангелдин ауданы , Сарытүбек деген дүниеге келді. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы 2 сыныптық мектепке, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып , бала оқытады. Орынбор, Ташкент ,Алматы қалаларындағы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голащеккиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929,1937 жылдары 2 рет саяси репрессияға ілініп,1938 жылы жазықсыз атылды .
50-ұпай- Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев- қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі.1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректілігімен көзге түскен. Мағжан 4 жасынан хат таниды. Қызылжардағы М Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 Жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды, жазықсыз атылады. Ақын 1938 жылы халық жауы деген «үштіктің» шешімімен жазықсыз атылады.
3.1001 мақал
20 ұпай- Мақалды жалғастыр
Атаның баласы болма,
(адамның баласы бол)
Көп түкірсе (көл болар)
Ер мойнында(қыл арқан шірімес)
30-ұпай- Белгіленген сөздерге мақал айт: батыр, жаңбыр(Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы)
40 ұпай-Отан туралы мақал айт (Отан елдің анасы, ел-ердің анасы. Туған елдей ел болмас , туған жердей жер болмас)
50 ұпай- «Жақсы-жаман туралы мақал айт.(Ай-ортақ,күн-ортақ, жақсы-ортақ. Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас. Жақсы кісінің ашуы- шай орамал кепкенше)