Педагогикалық ұжым | Өтетін мерзімі:3.11.2016ж |
Семинар тақырыбы | Сабақты жоспарлауды топтық жұмыс тұрғысынан жасақтау |
Мақсаты | Қысқа,орта мерзімді жоспарлау теориясымен таныстыру және тәжірибеде қолдануға ой салу |
Күтілетін нәтижелер | Оқыту үдерісін жоспарлауды, тізбектелген сабақтар топтамасын жасаудың тиімді жолдарын үйренеді. |
Керекті құрал-жабдықтар | Тақырыптық плакаттар, үлестірме парақтар, интерактивті тақта, рефлексия парағы, |
Әдіс-тәсілдер | Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау, сұрақ-жауап |
Семинар барысы: |
Семинар кезеңдері | Ұйымдастырушы іс-әрекеті | Әріптестер іс- әрекеті |
Ынтымақтастық атмосферасы 3 минут | Семинарға қатысушылармен амандасу. Жай музыка ырғағымен әріптестерге сәттілік тілей отырып, ұжым ішінде іс сапарға бару үшін топтасуын сұраймын. Мұғалімдерді шаршы ретінде, өздері іс сапарды бірге өткізгісі келетін әріптестерімен топта тұруға шақырамын. | Мұғалімдер амандасады. Мұғалімдер өзара топтарға жіктеледі. Мұғалімдер шаршы топта тұрады. |
Тұсаукесер 5 минут | «Іс сапардан не күтесің?» деген түрткі сұрағын қоямын. Әр мұғалім жауап берген сайын қолдарына көліктің суреті бар карточка таратамын.Ендеше, күздің керемет күнінде іс сапарларыңызға сәттілік тілеймін. Қолдарындағы көліктің түрлеріне назар аударуын сұраймын. Әуе көлігі бар карточкадағы мұғалімдер - «Астана » Су көлігі бар карточкадағы мұғалімдер – « Ақтау» Теміржол көлігі бар карточкадағы мұғалімдер – « Алматы» Жол көлігі бар карточкадағы мұғалімдер – «Ақтөбе» топтарына топтастырамын. | Мұғалімдер кезектесе сауалға жауап береді. Карточка алады. Көлік түрлеріне сай, мұғалімдер 4 топқа бөлінеді. Астана, Ақтау, Алматы, Ақтөбе топтарына жайғасады. |
Негізгі бөлім 5 минут | Бағытымыз бір, мақсатымыз айқын. Ендеше, әріптестер көлікте зерікпес үшін барлығымыз бейнебаянға назар аударайық. | Интерактивті тақтадан «Жаңа білім жүйесі» туралы бейнебаянды көреді. |
«Мен үшін не маңызды?» 10 минут | Әр топқа парақша таратамын. Парақшада «Жаңартылған білім жүйесіне көшу үшін не маңызды деген сұрақ жазылған. Ұзын, орта, қысқа болып жасақталынған әр парақшаны ортақ талқылау жасай отырып, тақтаға ілулерін сұраймын. Парақшаның пішініне қарай, парақшаның сыртқы бетіндегі тақырыпшаны ашуға шақырамын. | Әр топ парақшаға жаңа білім жүйесі-не көшудегі маңызды санайтын 5 факторды өзара талқылап жазады. Ұзын, орта, қысқа болып жасақталынған әр парақшаны ортақ талқылау жасай отырып, тақтаға іледі. Парақшаның пішініне қарай, сыртқы бетіндегі сөздер арқылы семинар тақырыбын ашады. |
«Кең ауқымды дәріс» оқыта үйрету әдісі 5 минут | Мұғалімдерге ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарлар туралы түсінік беремін. | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар туралы түсінік алады. |
«Еркін талқылау» әдісі 7 минут | Мұғалімдерге өз топтарының атауы туралы қысқа мерзімді жоспардың үлгісін құруды тапсырамын. | Қысқа мерзімді жоспардың үлгісін құрастырады. Жоспарды көрсетеді. |
«Галереяға саяхат» әдісі 5 минут | Мұғалімдерге оқытудың әдіс –тәсілдеріне шолу жасаймын. | Әдіс –тәсілдермен танысады. |
Қорытынды 5 минут Рефлексия | Семинар бойынша қорытынды ретінде, барлық мұғалімдерге қолдарындағы топтастырған карточкаға «Жеттім», «Жетемін», «Талпынамын» деген сөздерді және өз есімдерін жазуды тапсырамын. | Әр мұғалім өз карточкасына «Жеттім», «Жетемін», «Талпынамын» деген сөздерді және өз есімдерін жазады. |
Семинар-практикумның өзіндік талдауы: Семинар –практикумдағы көзделген мақсат арқылы мұғалім-дердің жаңартылған білім беру жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, қысқа, орта мерзімді жоспарлау теориясымен таныстыру және тәжірибеде қолдануға ой салу болатын. Семинар-практикум тақырыбына сай, сабақты жоспарлауды топтық жұмыс тұрғысынан жасақтауды негізге алдым. Ұжым ішінде, ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында, әріптестерімізге «Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу» мақсатында іс сапарға шығу үшін өзі таңдаған топқа тұруға шақырдым. Әр мұғалім өз таңдауымен шаршы топқа тұрды. Топта мұғалімдер өздерін еркін сезініп, «Іс сапардан не күтесің?» деген сауалға нақты жауап, тұжырымды ойларын айтып өтті. Әр маман өз ісінің шебері ретінде, жаңа білім беру жүйесіне көшуге деген қызығушылықтарын осы тұста аңғартты. Сауалға жауап бергендерге төрт түрлі көліктің суреті салынған карточка тарата отырып, көлік түрлеріне қарай топтастырдым. Бұл кезең, әріптестер арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсуіне жол ашты. Мұғалімдерді топтастырған соң, бейнебаян көрсете отырып, тыңдалымға зер салуға шақырдым. Бейнебаяндағы негізгі факторларды топ ішінде талқылау жасап, ұжымға негізгі факторларды атап өтті. Семинар-практикумның тақырыбын ашуда «Мен үшін не маңызды?» әдісін оңтайлы қолдандым және осы кезең көпірше ретінде жүзеге асырылды. «Кең ауқымды дәріс» оқыта үйрету әдісі арқылы мұғалімдерге ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарлар туралы түсінік бердім. «Еркін талқылау» әдісі негізінде, өз топтарының атаулары туралы қысқа мерзімді жоспардың үлгісін құруды тапсырдым. «Галереяға саяхат» әдісін пайдаланып, оқытудың әдіс-тәсілдеріне тоқталдым. Семинар –практикумның қорытынды кезеңінде, мұғалімдерге таратылған карточкаға «Жеттім», «Жетемін», «Талпынамын» деген сөздерді жазуды тапсырдым. |
Не жақсы өтті? Семинар- практикум ұжым ішінде, ынтымақтастық атмосферасын орнатудан басталып, семинар тақырыбын ашуға ұласып, жұптық, топтық талқылаулар болды. «Еркін талқылау» әдісі арқылы қызықты талқылау өтті. Бақылаушылар да жақсы пікірлер мен пайымдауларын жеткізді. | Нені жетілдіруім керек? Оқытудың әдіс-тәсілдері: талқылау, қалыптастырушы бағалау жөнінде мұғалімдермен бірлескен жұмыстар жүргізу |