kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы-тәрбие ұясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ-нің  2-сынып жетекшісі

Кемерханова Раушан

Тәрбие сағатының тақырыбы:   Отбасы-тәрбие  ұясы

Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы және  ата-ана баланың бас ұстазы екенін оқушыларға түсіндіру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.     Көрнекілігі: слайдтар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы-тәрбие ұясы»

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ-нің 2-сынып жетекшісі

Кемерханова Раушан

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы-тәрбие ұясы

Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы және ата-ана баланың бас ұстазы екенін оқушыларға түсіндіру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру. Көрнекілігі: слайдтар.

1. Шаттық шеңбер.

2.Топқа бөлу. Өмірде ең қымбат кім?

Ендеше,балалар,бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы-«Отбасы-тәрбие ұясы»

3. Кіріспе:

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

— Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен…..

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

……. Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен!

Міне осылайша баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды екен. Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды».

4. Үй тапсырмасы:

«Менің отбасым» тақырыбындағы сынып оқушыларының жазған эсселері тыңдалады.

Мұғалім: «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен

үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың

мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыпта-

сады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.

Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу.

«Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады?

  1. Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ.

  2. Отбасы – жылулық.

  3. Отбасы – ананың аялы алақаны.

  4. Отбасы – әкенің мейірімді жүрегі.

  5. Отбасы – бала бақыты.

  6. Отбасы —шағын мемлекет.

  7. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады.

  8. Отбасы – кішкентай бір мемлекеттік ұя.

 Мұғалім: Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылы жандарды көреді екен. Ол – АТА-АНА. Балаға олардан артық, олардан

қымбат жан жоқ. Әрбір ата-ана отының өшпеуін, бақытының көшпе-

уін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың

болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Ендігі кезекте оқушыларға

ой-қозғау ретінде ата-аналары жайлы сұрақтар қойылады, солардың

жауаптарына құлақ түрейік.

5.Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар:

Ата-ана сен үшін кім?

Ата-анаңның қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едің?

Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар және басқаларға үлгі етесіңдер?

Мұғалім: «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтқандай ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Қазір оқушыларға отбасы жайлы мақал-мәтелдердің басы оқылады, ал аяғын оқушылар жалғастырып табады.

Мақалдың жалғасын тап.

1.Ата-бәйтерек ………………………

2.Атадан бала туса игі, …………………….

3.Ананың көңілі балада, …………………….

4.Жақсы сөз — …………………………………..

5.Отан …………………………………………….

6.Қыз өссе елдің көркі, …………………….

 Мұғалім: «Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің айтып кеткен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата-ана балам жақсы болып өссе екен, елімнің қалаулы азаматы болса екен деп армандайды. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де күрделеніп, оғанқойылатын талаптар да күшейе түседі. Ертегі құрастыру. Берілген сөздермен оқушылар отбасы жайлы ертегі құрастырады. Берілген сөздер:бақытты, әке, жауапкершілік, бала, мен, қайырымдылық, қамқорлық, ана, туған-туыс, әлем.  Ата-анамен жұмыс.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз? Бала үшін ата-ананың қайсының беделі күшті деп білесіз?Дені сау,тәрбиелі, бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай деп ойлайсыз?

 XI. Қорытындылау:

Ата-аналарға жадынама – бейнеролик

Ән:Ата-ананы тыңдаймыз

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Олай болса, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Отбасыларыңызға тек қана қуаныш, бақыт тілеймін. Егеменді елімізде тек тыныштық болсын, бақытты отбасыларымыздың шаңырағы шайқалмасын дей отырып бүгінгі ашық сынып сағатымызға белсене қатысқандарыңызға рахмет айтамын!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Отбасы-тәрбие ұясы

Автор: Кемерханова Раушан Жанатқызы

Дата: 08.05.2017

Номер свидетельства: 413765

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Тәрбие сағаты «Отбасы- адамгершіліктің алтын қазынасы»"
    ["seo_title"] => string(52) "t_rbie_sagaty_otbasy_adamgershiliktin_altyn_kazynasy"
    ["file_id"] => string(6) "624722"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1675395335"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Та?ырыбы: "Ынтыма?ты отбасы" "
    ["seo_title"] => string(27) "tak-yryby-yntymak-ty-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "204916"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429770280"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу"
    ["seo_title"] => string(80) "otbasy_t_rbiiesindie_balanyn_zhas_zh_nie_dierbies_ieriekshieliktierin_ieskierie_"
    ["file_id"] => string(6) "381244"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484824105"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Баяндама: Отбасы мен балаба?шаны? бала т?рбиелеудегі ?арым-?атынасы"
    ["seo_title"] => string(65) "baiandamaotbasymienbalabakshanynbalatrbiielieudieghikarymkatynasy"
    ["file_id"] => string(6) "319922"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460978216"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Баяндама "Отбасы тәрбиесі""
    ["seo_title"] => string(26) "baiandama_otbasy_t_rbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "409436"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1492301377"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства