kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект внеклассного мероприятия по казахскому языку в русской школе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие по казахскому языку в русской школе предназначено для 2-3 классов.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект внеклассного мероприятия по казахскому языку в русской школе»

Тақырыбы: Ана тілім-мерейім.

Мақсаты: Тілді құрметтей білуге баулу, оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Тіл мерекесіне» арналған «Ана тілім-мерейім» атты іс-шараны ашуға рұқсат етіңіздер!

І-жүргізуші: 22-қыркүйек- Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ-жүргізуші: Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі-әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

І-жүргізуші: Ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Ана тілін жетік білу үшін жас кезіңнен халық ауыз әдебиетін, ертегілерді, аңыздарды, өлең-жыр, дастандарды, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштарды естіп, тыңдап, көп оқу керек, халықтың өзінің ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үйрену керек. Сонда ғана адам өз ана тілінде мәдениетті сөйлей алмақ, сонда ғана сауатты, өз елінің нағыз азаматы болмақ.

ІІ-жүргізуші: Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл-халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Еліміз Қазақстан Республикасы егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік статус берілді. «Тіл туралы » заң қабылданды.

Ана тілі-тастамайтын әліппем,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен

Өз тілімді жақсы көру арқылы

Достасамын басқа барлық халықпен. («Тіл туралы» 4Б класс оқушылары 3 тілде сөйлейді.)

1-оқушы

Тілім менің-қазынам, қасиетім

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың, түгі жоқ, түбірі жоқ

Бола көрме, Ана тіл, қасіретім.

2-оқушы

Узнай родной язык

В нем сила и свобода,

Узнай родной язык

В нем государства гордость.

3-оқушы





І-жүргізуші: Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері мен ұлыстың тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатқаны-қазақ деген халықтың ешкімді бөліп жармайтын, жатсынбайтын, бәрін де бауырына басатын кендігі. Мынау дархан даласы қандай кең болса, оның жомарттығы, кеңдігі, біреуді бөлмейтін, бөтен ел деп санамайтындығы.

ІІ-жүргізуші:

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықтым

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

І-жүргізуші: Тіл-халықтың тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Демек, әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиісті. Расул Ғамзатов «Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!» деген ойы тілдің қай елде, қай ұлтта болса да қастерлі, қасиетті екенін дәлелдейді.

ІІ-жүргізуші: Елімізде қанша ұлт өкілі тұрса да, олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген. Қазір ортамызға әртүрлі ұлт өкілдері қазақ тілінен дайындаған өлең шумақтарын тамашалаңыздар. 2Б класс

1-оқушы Фазиль

Ана тілі-асыл күні бабамның

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

2-оқушы Вера

Тілім менің сан мың жылдан сақталған

Ең көрікті, ең таза боп ақталған.

Көкірегіме күдікті ой түссе де,

Көңілімде көктемдей боп жатталған.

3-оқушы Зарина

Бұл тіліммен сөйлеген шешендер де,

Шешендер де, ақындар, көсемдер де.

Аллаға мың үшкірлік айтудамын,

Тілімді тас төбеге көтергенге.

4-оқушы Вова

Анамның сүтіменендарыған-тіл,

Әкемнің құтыменен дарыған –тіл,

Жаһанда жаңғыруда қазақ тілі,

Әлемде әйгілі боп танылған-тіл.

5-оқушы Дима

Жаса, тілім жаңғыршы, шарықташы!

Өзге тілден басып оз, қалыспашы.

Қазақстан-Отаным, тіліңменен,

Көк аспанда көк туым қалықташы.


І-жүргізуші: Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасында тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес. Сондықтан ана тілін білмей, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық. Ән: Қазақ тілі

ІІ-жүргізуші:

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім. Ал қазір 4б класс оқушылары сіздерге ертегі айтып берсін.

І-жүргізуші

Тілім келді, дінім қайта оралды,

Басқа төнген қара бұлттар жоғалды

Көк аспанда күндей болып жарқырап,

Қазақ елі егемендік бола алды. «Тіл туралы» пікірлер 3б класс.

1-оқушы: Ана тілін құрметтемеу-анаңды да сыйламау деген сөз. Ғ.Мүсірепов.

2-оқушы: Әркімнің туған тілі-туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе. С. Мұқанов.

3-оқушы: Тіл-жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды. Абай.

4-оқушы: Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Ш.Айтматов.

ІІ-жүргізуші:

Көп тілді білсең көкжиегің кең болар

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар,

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Тіл арқылы біз оқып білім аламыз. Қалаған мамандықты игереміз. Тіл-халықтың қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз қажет. Ал, қазақ тілі туралы не айтуға болады? 4б класс оқушысы өз ойы.

І-жүргізуші:

Анам, әкем, атам да сөйлеген тіл,

Ана тілің қадірлі, мұны да біл

Абай, Ыбырай ұлылар жырлаған тіл,

Мұқағали, Сәкендер сырласқан тіл.

Құрманғазы, Диналар күйін шертіп,

Әр кісіге бір бақыт сыйлаған тіл.

Алыңдар осы өлеңді енді қабыл

Өз тілін білмейтіндер тілден жаңыл

Қайғысын да қазақтың, қуанышын

Мадақтайтын, жырлайтын осы ана тіл.

Қорғап бізді аялайсың пана тіл

Тек өзіңді қастерлейміз дана тіл

Бүгінгі күн қасиетіңе өзіңнің

Қадір тұтып, бас иеміз ана тіл.

ІІ-жүргізуші:

Биші қыздар ырғалсын

Көкте қалқып, нұр жаусын

Мың бұрала билеңдер

Қол соғып халқым қарсы алсын. Қазақ биі.

І-жүргізуші: Ана тіліміз қазір де үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі»-«қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын уақыт келді. Олай болса, біздің мақсатымыз-Ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.

Бүгінгі «Ана тілім-мерейім»атты мерекелік іс-шараны аяқтай отырып, «Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоры бола біл!» демекпіз. Келесі кездескенше. Қош сау болыңыздар!




































Белес жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы







АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: «ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕРДІ ҚАЙТАЛАУ»


2 «Б » класс









Өткізген: Тургалиева Ж.Б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект внеклассного мероприятия по казахскому языку в русской школе

Автор: Тургалиева Жанара Бердигалиевна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383102

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "конспект внеклассного мероприятия "турнир знатоков русского языка " "
    ["seo_title"] => string(72) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-turnir-znatokov-russkogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "223172"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1437376680"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Конспект внеклассного мероприятия «1 мая - День единства народов Казахстана»"
    ["seo_title"] => string(81) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-1-maia-dien-iedinstva-narodov-kazakhstana"
    ["file_id"] => string(6) "288054"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454581493"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(194) "Конспект внеклассного мероприятия, посвященного 550-летию Казахского ханства "По страницам нашей истории" "
    ["seo_title"] => string(122) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-posviashchiennogho-550-lietiiu-kazakhskogho-khanstva-po-stranitsam-nashiei-istorii"
    ["file_id"] => string(6) "203326"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429458638"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Конспект мероприятия "Чтение - вот лучшее учение" "
    ["seo_title"] => string(59) "konspiekt-mieropriiatiia-chtieniie-vot-luchshieie-uchieniie"
    ["file_id"] => string(6) "224334"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1438697127"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства