kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қызықты қазақ тілі әлемі" интеллектуальдық ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-4 кластар арасында өткізілген сыныптан тыс шара. Интеллектуальдық ойын оқушының ойлау қабілетін, шапшаңдағын, білімін жетілдіретін бірден бір жол.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қызықты қазақ тілі әлемі" интеллектуальдық ойын»

Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі»

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Түрі: интеллектуальдық ойын

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, слайд

Қатысушылар: 5 «А» сыныбының оқушылары

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Түрлі ойындар мен тапсырмаларға толы «Қызықты қазақ тілі әлеміне» қош келдіңіздер!

«Тіл-ұлттың жаны»,-дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Біздің ана тіліміз қай тіл, балалар? Иә, дұрыс айтасыңдар, қазақ тілі. Ендеше, сіздер мен біздер өз ана тіліміздің абыройын асқақтатамыз десек, тілді шұбарламай, таза, көркем сөйлей білумен қатар, туған тіліміздің грамматикасын да жетік меңгеруге тиіспіз.

Бүгін, біздің әлемге, яғни «Қызықты қазақ тілі әлеміне» 5 «А» сыныбының оқушылары өз білімдерін сынау үшін келіп отыр. Таныстырып өтсек, 1-топ- «Алғырлар» тобы және 2-топ-«Білгірлер» тобы. Батыл балаларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі ойында екі топтың білімін байқап, таразылап отыратұғын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1. Мусина Ләззат-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2. Ағыбаева Ардақ-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Енді, балалар, бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайық. «Қызықты қазақ тілі әлемі» сендерге қандай тапсырмалар дайындады екен?!

Сонымен, ойын 5 айналымнан тұрады.

1-айналым: «Біліміңді тексер»

2-айналым: «Қызық сөйлем»

3-айналым: «Суретті сөйлет»

4-айналым: «Әріптер сайысы»

5-айналым: «Жекпе-жек»

Ендеше, ойынымызды бастаймыз. Дайынсыңдар ғой?

1-айналым «Біліміңді тексер» деп аталады. Барлық топ мүшелеріне қазақ тіліне қатысты сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1-топқа:

1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. «Жаны зәр түбіне жету» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

8. Басқа тілден енген сөздер (кірме)

9. Мақалды жалғастыр: «Бас кеспек болса да,...(тіл кеспек жоқ)
10. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді? (екіге)

2-топқа:
1. «Сұлу» сөзінің синонимін ата? (әдемі, көрікті)

2. «Қабағынан қар жауды» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай? (ашуланды)

3. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге)

4. «Алыс» сөзінің антонимі (жақын)

5. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)

6. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)

7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
8. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
9. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,.... (тас жармаса, бас жарады)
10. «Жаңа сөздер» дегеніміз не? (Жаңа ұғымды білдіретін сөздер)

2-айналымда екі топқа әріптер беріледі, топ мүшелері бірыңғай сол әріптен тұратын сөздерден сөйлем құрауы керек.

1-топ: «Т»

2-топ: «Ж»

3 – айналымда екі топқа қыстың және жаздың суреттері таратылады. Әр топ сол суреттерге қарап мәтін құрастыруы тиіс.

 4 айналым «Әріптер сайысы»

1 – топқа (А, Е, Т, О, С ). 
Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулеріңіз керек. 

Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топ. 
1. Қандай елде тұрасың? 
2. Қазақ тілі пәні ұнай ма ? 
3. Досың кім ? 
4. Қазір жылдың қай мезгілі ? 
5. Қайдан келдің? 
6. Әдемі қыздың арманы не ? 
7. Елтаңбада не бар? 
8. Бүгін қандай күн? 
9. Сенің көзің қандай? 
10. Жігіттер сырға таға ма? 
11. Жасың нешеде? 
12. Қандай тағамды ұнатасың? 
13. Бала оқытатын адам? 
14. Наурыз көжеге не салады? 
15.Жерде не бар? 


2-топ (Ә, Б, М, Н, Д ). 
1. Мақал білесің бе ? 
2. Атың кім ? 
3. Кімді жақсы көресің ? 
4. Қандай қаланы білесің ? 
5. Сен тұратын қаланы ата. 
6. Бір зат есімді ата. 
7. Асан әнді қалай айтады ? 
8. Қандай жазушыны білесің? 
9. Қазақстанда қандай жануарлар бар ? 
10. Алма тәтті ме ? 
11. Кім болғың келеді ? 
12. Сенің анаң қандай адам ? 
13. Сыныпта неше оқушы бар? 
14. Қыздар неден қорқады? 
15. Сәукелені қай кезде киеді? 

Өте жақсы, балалар! Сонымен, біз ойынның соңғы айналымына да келіп жеттік. Соңғы 5-айналым «Жекпе-жек» деп аталады. Балалар, сендер ойын басталғалы бері топпен жұмыс жасадыңдар, солай ма? Енді, мен соңғы айналымда ортаға тек топ басшыларын шақырғым келіп отыр. 5-айналымның шарты бойынша топ басшылары берілген сөзден бірнеше сөздер туындатуы тиіс. 3 минут уақыт беріледі. Сосын әр топ басшысы өз жазғандарын кезектесіп оқиды. Бірақ бірін-бірі қайталамауы қажет. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

Сайысымыз өз мәресіне жетті. Екі топ та бүгінгі ойында өздерін белсенді көрсете білді деп ойлаймын. Дегенмен кез-келген сайыста бір жеңімпаздың болуы заңдылық. «Қызықты қазақ тілі әлемінің» жеңімпазын білу үшін әділқазыларға сөз береміз.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қызықты қазақ тілі әлемі" интеллектуальдық ойын

Автор: Жақсылықова ейнеп Айжарыққызы

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 405223

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "«?ызы?ты Математикалы? Бинго» интеллектуалды? ойыны "
    ["seo_title"] => string(55) "k-yzyk-ty-matiematikalyk-bingho-intielliektualdyk-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "194260"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427739450"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "«Т?уелсіз елді? білімді ?рпа?тарымыз»"
    ["seo_title"] => string(39) "t-uielsiz-ieldin-bilimdi-u-rpak-tarymyz"
    ["file_id"] => string(6) "298053"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456287168"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства