kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??стар бізді? досымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ??стар - бізді? досымыз
Ма?саты: О?ушылар?а жалпы ??старды? пайдасы туралы, олар ж?нінде ма?л?мат беру. Негізінен олар?а ?ам?ор болу?а, ??старды аялау?а бейімдеу. ?сем ??стармен таныстыру. Міне мынау к??ілді к?ктемде ??старды? оралуын, оларды? азайып кеткенін хабардар ету. О?ушыларды? ??стар туралы ой ?рістерін, т?сініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, к?лін, таби?атын с?юге баулу.

К?рнекіліктер: суреттер, плакаттар,слайд,шар
Саба?ты? барысы
М??алім: ??рметті ?стаздар, о?ушылар ж?не ?она?тар!
Сіздерді к?ктем мерекесімен ??тты?таймыз. Міне, к?ктем жыршысы ??стар келе бастады.Бізді? хал?ымыз ке? далада, таби?ат ??стары бай далада ?скен. Б?гінгі «??стар - бізді? досымыз» атты  сынып са?атын бастау?а р??сат еті?іздер.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??стар бізді? досымыз »

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар.
Сабақтың барысы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Міне, көктем жыршысы құстар келе бастады.Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.


1 - оқушы: 1927 жылының көктемінде жас натуралистердің Қ. А. Тимирязев атындағы орталық биостанциясында бүлдіршіндердің құстарға арналған тұңғыш мерекесі - құстар күні өткізілді. Бұл мерекеге алдын - ала әзірленіп, құстарға ұя жасайды, плакат, ұран жазады, қабырға газеттерін шығарады, құс маскаларын дайындайды. Табиғатта да адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

2 - оқушы: Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы. Құстардың – қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау - табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, Құстардың ұясын бұзып жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.
Мұғалім: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері қаншама десеңші! Мақал - мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы. Сол мақал - мәтелдерге зер салайық:
1.
Ақсұңқар - құстың баласы
алдына қоймай жем жемес.
2 .
Аққу құссыз - көл жетім,
айтылмаған сөз жетім.
3.
Қарға баптанып, сұңқар болмас,
Есек мақтанып, тұлпар болмас..

.
Мұғалім: Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты»т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.


Оқушылар хормен:
Құстар – біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар - біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.



1 .Сабыржан
Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен

Аяулым
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.

Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -- шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда

Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем

«Шаттық» биі
1.Аяулым
Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
2.Сабыржан
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
3.Айшабибі
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
4.Олжас
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
5 .Ділназ
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6 .Сабина
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
7.Анар
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
8.Нұрайлым
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
9.Арафат
Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
10.Әділбек
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
11.Ғазиза
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам
12 .Дулат
Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
13.Дарын
Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
14.Анель
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.
15.Жанарыс
Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән - жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің
16.С.Нұрай
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
17.Ақнұр
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
18.Аянат
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.
Би: «Тырналар»
Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)

Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
Ән: «Шөжелерім»

Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

Ән: «Құстар,құстар»


Мұғалім: Ал балалар қандай жыл құстарын білесіңдер? (Барқылдақ, торғай, суық торғай, бозторғай, қарлығаш, шымшық, көкек, қара торғай т. б. )

- Оларды не үшін жыл құстары дейміз?(Олар алысқа ұша алады. Суық түсісімен алыс жақтарға ұшып кетеді де көктемде біздің жаққа тіршілік етуге қайтып оралып, ұя салады, балапан шығарады)
- Қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме?(ұзақ қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық, көгершін)

- Дұрыс. Олар ешқайда кетпейді. Жыл бойы біздің жақта тіршілік етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз болса да өз қоректерін тауып жейді екен
Мұғалім: Енді балалар, құстар жөнінде сұрақтарына жауап берейік.
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(Бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)
3. Қандай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)

Би: «Шаттық»
Ертегі: «Бұлбұл құстың арманы.»

– Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:

—         Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады.

Оны естіген ата бұлбұл:

–       Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қарға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.

Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.

Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.

Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.

–Қарға :     мен қарғамын, қарғамын,

Көп қой менің арманым. Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.

–Бұлбұл:    Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.



–Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған,

                                     Қонақжаймын аңқыылдаған.



–Бұлбұл:  Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.

–Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.

 Мен торғаймын, торғаймын,

Ағаштарды қорғаймын.

–       Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.


–       Бүркіт:  Мен бүркітпін, бүркітпін,

Құстың бәрін үркіииім,ха-ха-ха.

–Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.

–Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.

Қарлығашпын қалықтаған,

Ұшудан ешбір жалықпаған.


–Бұлбұл: Қандай әдемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі.Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн , жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады.

Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады.

Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:

Туған жерім – қымбат мекен,

Өскен ұям ыстық екен

Бұлбұл үні – өз тіліме,

Ешбір әуен жетпейді екен,


– деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін  барлық құстар қызыға тыңдайды.Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.


Ән: «Ақ көгершін»



































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
??стар бізді? досымыз

Автор: Жаппарова Зауреш Айбатовна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210695

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Планирование на тему "??стар - бізді? досымыз""
    ["seo_title"] => string(46) "planirovaniie-na-tiemu-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "252434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447389668"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Та?ырыбы: "??стар бізді? досымыз" Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "takyrybykustarbizdindosymyztrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "279563"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453265382"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Та?ырыбы: «??стар – бізді? досымыз!» "
    ["seo_title"] => string(33) "tak-yryby-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "196656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428081050"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "??стар-бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(20) "kustarbizdindosymyz3"
    ["file_id"] => string(6) "329330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463918614"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства